Оқулық Алматы, 012 Əож 330 (075. 8) Кбж



Pdf көрінісі
бет42/325
Дата15.05.2023
өлшемі1,31 Mb.
#176786
түріОқулық
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   325
Байланысты:
dogalov-makroekonomika

Мемлекеттік шығындарға
мемлекеттік саясат əсер етеді. 
Мемлекеттік шығындардың өсуі AD-ны көбейтіп, қисықты оңға 
жылжытады, ал керісінше, олардың қысқаруы қисықтың солға 
жылжуына алып келеді.
4) 
Таза экспортқа
валюта бағамдарының өзгеруі, сыртқы 
нарықтағы жағдайлар сияқты факторлар əсер етеді. Ұлттық ва-


61
люта бағамының өсуі импортты көбейтіп экспортты қысқартады, 
нəтижесінде жиынтық сұраныс қысқарып, AD қисығы солға жыл-
жиды. Ал егер ұлттық валюта бағамы төмендейтін болса, онда 
AD қисығы оңға жылжиды.
Сондай-ақ, AD-ның бағалық емес факторларына ақшаның 
сандық теориясына сəйкес, 
ақша ұсынысы
жəне 
ақша айналы-
мының жылдамдығы
деген факторлар да жатады.
Жиынтық ұсыныс
(AS)
– бұл экономикада бағалардың 
əртүрлі деңгейінде өндірушілердің нарыққа ұсына алатын (не-
месе өндірілуі тиіс) соңғы тауарлары мен қызметтерінің жалпы 
саны. AS-ті (ағылшын тілінен,
 aggregate supply
) басқаша, нақты 
ЖІӨ деп те атайды. 
Жиынтық ұсыныс
(AS)
қисығы 
– бұл ұсыныс көлемі-
нің елдегі бағалардың орташа деңгейіне тəуелділігін көрсететін 
графи калық көрініс.
AS қисығының сипатына бағалық жəне бағалық емес фак-
торлар əсер етеді. Біріншісі жиынтық ұсыныс көлемін өзгертеді 
(AS қисығының бойымен жылжу), ал екіншісі (технологиядағы, 
ресурстар бағаларындағы, қолданылатын ресурстар көлемін-
дегі, фирмаларға салық салудағы, нарықтар құрылымындағы 
өзгерістер жəне т.б.) AS қисығын оңға немесе солға өзгертеді.
AS қисығы статикалық жəне динамикалық тұрғыдан қарас-
тырылады.
Алайда статикалыққа қарағанда AS-ң динамикалық қисығы 
ұлттық өндіріс көлемінің өзгерісіне инфляция қарқынын бағалау 
үшін қолданылады. 
AS қисығы классикалық жəне кейнстік мектептер тұрғысы-
нан əртүрлі түсіндіріледі. Мысалы, қандай да бір фактордың 
өзгеруінен жиынтық ұсыныс шамасының өзгерісі бірдей бол-
майды, себебі бұл жағдай уақыт факторына тəуелді, яғни жиын-
тық ұсыныстың уақыттың қай мерзімінде (қысқа жəне ұзақ 
мерзімдерде) қарастырылып отырғандығы маңызды болып та-
былады. 
Классикалық үлгі экономиканы ұзақ мерзімде қарастырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   325




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет