61
люта бағамының өсуі импортты
көбейтіп экспортты қысқартады,
нəтижесінде жиынтық сұраныс қысқарып, AD қисығы солға жыл-
жиды. Ал егер ұлттық валюта бағамы төмендейтін болса, онда
AD қисығы оңға жылжиды.
Сондай-ақ, AD-ның бағалық
емес факторларына ақшаның
сандық теориясына сəйкес,
ақша ұсынысы
жəне
ақша айналы-
мының жылдамдығы
деген факторлар да жатады.
Жиынтық ұсыныс
(AS)
– бұл экономикада бағалардың
əртүрлі деңгейінде өндірушілердің нарыққа ұсына алатын (не-
месе өндірілуі тиіс) соңғы тауарлары мен қызметтерінің жалпы
саны. AS-ті (ағылшын тілінен,
aggregate supply
) басқаша,
нақты
ЖІӨ деп те атайды.
Жиынтық ұсыныс
(AS)
қисығы
– бұл ұсыныс көлемі-
нің елдегі бағалардың орташа деңгейіне тəуелділігін көрсететін
графи калық көрініс.
AS қисығының сипатына бағалық жəне бағалық емес фак-
торлар əсер етеді. Біріншісі жиынтық
ұсыныс көлемін өзгертеді
(AS қисығының бойымен жылжу), ал екіншісі (технологиядағы,
ресурстар бағаларындағы, қолданылатын ресурстар көлемін-
дегі, фирмаларға салық салудағы,
нарықтар құрылымындағы
өзгерістер жəне т.б.) AS қисығын оңға немесе солға өзгертеді.
AS қисығы статикалық жəне динамикалық тұрғыдан қарас-
тырылады.
Алайда статикалыққа қарағанда AS-ң динамикалық қисығы
ұлттық өндіріс көлемінің өзгерісіне инфляция қарқынын бағалау
үшін қолданылады.
AS қисығы классикалық жəне
кейнстік мектептер тұрғысы-
нан əртүрлі түсіндіріледі. Мысалы, қандай да бір фактордың
өзгеруінен жиынтық ұсыныс шамасының өзгерісі бірдей бол-
майды, себебі бұл жағдай уақыт факторына тəуелді, яғни жиын-
тық ұсыныстың уақыттың қай мерзімінде (қысқа жəне ұзақ
мерзімдерде) қарастырылып отырғандығы
маңызды болып та-
былады.
Классикалық үлгі экономиканы ұзақ мерзімде қарастырады.
Достарыңызбен бөлісу: