Оқулық Алматы, 012 Əож 330 (075. 8) Кбж



Pdf көрінісі
бет43/325
Дата15.05.2023
өлшемі1,31 Mb.
#176786
түріОқулық
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   325
Байланысты:
dogalov-makroekonomika

Ұзақ мерзімді кезең
– бұл экономикада толық жұмысбас-
тылықтың орын алуын қолдай отырып, тауар бағаларының өз-
герісіне ресурстар бағаларының бейімделе алуын сипаттайтын 
кезең.


62
Классикалық үлгі тұрғысынан ұзақ мерзімдік AS қисығы елдің 
өндірістік мүмкіндіктерін анықтайды жəне мынадай шарттарға 
негізделіп құрылады:
• 
өндіріс көлемі тек өндіріс факторларының санына жəне қол-
дағы бар технологияға байланысты анықталады, ал баға деңгейіне 
тəуелді емес;
• 
өндіріс факторларындағы жəне технологиялардағы өзге ріс-
тер өте баяу жүзеге асырылады;
• 
экономика өндіріс факторлары толық қамтылған жағдайда 
жұмыс істейді, жəне сəйкесінше, өндіріс көлемі өзінің потенци-
алды көлеміне тең болады;
• 
бағалар мен атаулы жалақы икемді, олардың өзгерістері 
нарықтардағы тепе-теңдікті ұстап тұрады.
Классикалық үлгіде AS қисығы тік сызық түрінде болады. 
Ол өндіріс көлемінің табиғи (потенциалды) деңгейін сипаттайды 
(3.3-сурет), яғни жұмыссыздық деңгейі өзінің табиғи деңгейінде 
болатын, ал өндіріс көлемі ресурстар толық қамтылатын жағ дай-
да қарастырылады. Жиынтық сұраныстың өзгерістері бағалар 
деңгейін өзгертеді (3.4-сурет). Мысалы, ақша ұсынысының 
төмендеуі кезінде AD
1
қисығы солға (төмен) AD
2
жағдайына 
ығысады. Экономикалық тепе-теңдік E
1
нүктесінен E
2
нүктесіне 
ауысады, бірақ өндірілген өнім көлемі AS
ұзақ мер.
өзінің бұрынғы 
деңгейінде сақталып қалады.
Ұзақ мерзімде жиынтық ұсыныс қисығындағы өзгерістер 
өндіріс факторлары мен технологияларды өзгерту кезінде орын 
алуы мүмкін. 
3.3-сурет. 
Ұзақ мерзімдегі жиынтық ұсыныс қисығы


63
Қысқа мерзімді кезеңде мұндай үлгі қолданылмайды.
Кейнстік үлгі экономиканы қысқа мерзімді кезеңде қарас-
тырады жəне ол келесі алғышарттарға негізделеді:
• 
экономика өндіріс факторларының толық қамтылмаған 
жағдайында жұмыс істейді;
• 
тауар бағалары, атаулы жалақы жəне басқа да атаулы шама-
лар тұрақты, яғни икемсіз, оларға нақты өзгерістер өте баяу əсер 
етеді;
• 
нақты шамалар (өнім көлемі, нақты жалақы, жұмысбасты-
лық) нарықтық өзгерістерге өте сезімтал болып келеді.
Кейнстік үлгіде AS қисығы көлденең сызық түрінде болады 
(3.5-сурет). 
Жиынтық сұраныс тарапынан болатын өзгерістер өндіріс 
көлеміне əсер етеді, ал бағалар деңгейі өзгеріссіз қалады. Мы-
салы, ақша ұсынысының төмендеуі AD
1
қисығын AD
2
қисығына 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   325




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет