Оқулық Алматы, 013 1-8683 Әож 005 (075. 8) Кбж 65. 290-2 я 73 м 45



Pdf көрінісі
бет110/167
Дата17.02.2022
өлшемі3,69 Mb.
#132184
түріОқулық
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   167
Байланысты:
mendebaev-sapany

6.4.3. Модельдеудегі идентификациялау
Ұйым өнімді идентификациялау үдерісін мониторинг талаптарына 
сай және оның өмір циклының барлық кезеңдеріндегі сәйкес келетін 
құралдар көмегімен жүргізілген өлшеулерге сәйкес жасап шығарады. 
Егер із кесушілік талап болып табылса, онда ұйым өнімнің арнайы 
идентификациясын басқарып, оны тіркеуі қажет. Бұл жерде із кесушілік-
дегеніміз қарастырылып отырған заттың орны немесе қолданылуын, 
тарихын бақылау мүмкіндігін айтады. 
Өнімді қарастыру кезінде із кесушілік материалдардың шығу та-
рихына, өңделу тарихына, шығарылымнан кейінгі өнімнің орналасқан 


202
орны мен бөлінуіне қатысты болуы мүмкін. Ол басқа күрделі түсінікпен 
шектеледі – техникалық мұрагерлік. 
Идентификациялаудың маңызды айнымалылар мен олардың өзара 
байланысын операциялауға арналған сапа менеджменті жүйесінің 
математикалық моделін құрудың бастапқы кезеңінде маңызы зор. 
Таңдалған математикалық суреттеудің нақты типіне байланысты 
идентификациялауға жағдайлар кеңістігінің өлшемін анықтау, жүйенің 
ішкі динамикасы мен объекттер жиынтықтары арасындағы мазмұнды 
байланыстарды суреттеу, кездейсоқ әрекеттер үшін ықтималдылықтарды 
бөлу кіреді. 
Идентификациялау математикалық суреттеу типіне тәуелді, ал ол 
болса, өз кезегінде идентификациялаудың сәтті өтуіне байланысты 
болғандықтан, модельді құру үдерісі итерациялық болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   167




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет