201
басқару модельдері, сандық бағдарламасымен басқару-(СББ) станокта-
рына арналған бағдарламалар);
ü
кәсіпорынның ішкі байланыстарының барлық ерекшеліктерін
(математикалық бағдарлау модельдері) жоспарлау және есеп-
теуге қажетті материалдық балансты есептеуге арналған нақты
модельдер;
ü
баланстық нарықтық қатынастарға, өнім артықшылығына, нарық
конъюнктурасына, ескі өндірістің даму мүмкіндіктері мен оның
жаңаруына (мемлекет, фирма кооперациялар, сала көлемінде
ұзақ уақыт бойы қолданылып келген Леонтьев, Нейман, Гейл
модельдері) негізделген абстрактілі модельдер;
ü
экономикалық қызмет пен стратегияны таңдаудың әлеуметтік
нәтижелерін бағалауға арналған модельдер. Бұл модельдер
мына терминдермен түсіндіріледі: капиталдық салым, валдық
өнім, ұлттық кіріс, бәсекеге қабілеттілік (Вальрас, Парето, Мо-
рис модельдері).
Модельденетін жұмыс істеу үдерісі екі бағыттағы өзгерістермен
қатар жүреді.
Біріншіден, жұмыс істеу элементтер құрамының, олардың қасиеттері
мен құрылымының ішкі өзгерістерімен байланысты.
Екіншіден, СМ күрделі жүйелерінің жұмыс істеу нәтижесі
ішкі жүйелердің құрамы, қасиеттері мен құрылымының өзгеруіне
бағытталған.
Басқа белгілері бойынша модельдер статикалық және динамикалық;
детерминистикалық және стохастикалық; дискретті және үзіліссіз; бір
мақсатты және көп мақсатты; бір аспектілі және кешенді.
Пайдалану сипатына қарай модельдер кластарға бөлінеді: есептеу-
оңтайлы; ойындық; имитациялық; ақпараттық.
Достарыңызбен бөлісу: