57
рады, сондықтан бұларды барлық фирмалар қолданады және оларды
шетелдерге де импорттауға болады.
Техникалық қызмет өтеу жүйесі дегеніміз – жұмысшы кадрларды
арнайы бағдарламалар мен амалдар арқылы жұмыс бабына үйрету. Бұл
жүйе әр елдің ондаған мекемелерінің ерекшелігін көрсетеді.
TQM жүйесінің жетілдірілуі және дамуы өте ерекше,
мұның ел
экономикасы мен ондағы заңдылықтарға тигізетін әсері өте зор.
Сапаны тотальды басқару жүйесі халықаралық тәжірибелер
жиынтығын ескере келе, өзінің ішінде сапаға қажетті талаптар пакетіне
толы, олар:
1. Мекеменің негізгі мақсаты – сапа;
2. Жоғары басшылықтың белсенділігі;
3. Басқарушы
кадрлардың қажетті іскерлігі;
4. Қызметкерлерді ұтымды бағдарлау;
5. Сапаны тұтынушылардың талаптарын сәйкестеу;
6.
Сенімді жабдықтаушыларды тарту;
7. Басқарудың стратегиялық бағыты;
8. Қолжетімді мақсаттарды қою және нәтижелерді бағалау;
9. Дағдарыстық
жағдайлардан сақтау;
10. Сапаны үздіксіз жетілдіріп отыру;
11. Өндірістік үдерістерге бағыттау;
12.
Басқару құрылымының дұрыстығы;
13. Бенчмаркинг;
14. Сапаның контроллинг және мониторингі.
Осы қағидаларға сүйене отырып, сапаны тотальды басқарудың
мақсатын мегзеуге болады.
Бұйым сапасы – сапаны басқарудың ең негізгі мақсаты. Ол үшін
мекеменің барлық
ресурстарын ұтымды пайдаланып, бұйымды
тұтынушының талабына сәйкестеп шығару қажет.
Сапаны тотальды басқару (TQM) жүйесінің негізінде 9000 сериялы
ИСО стандарты жатыр.
Дегенмен заманауи сапа жүйесі үшін бұл стандарттың қоятын та-
лаптары өте мардымсыз да, оның минималды фундаментін құрады.
9000 сериялы ИСО стандартында сапаны
басқаруға төмендегідей
әдістер мен құралдар пайдаланылады:
Достарыңызбен бөлісу: