248
Темірбетон монолиттен жасалған ленталық фундаментті
қадалау
. Мұндай фундаменттердің жобалық орналасуы тұғыр-
ларға бекітілген құрылыс осьтерінен бастап қадаланып, қалып тың
көмегімен салынады. Алдымен қалыптың төменгі қалқандары
орнатылады да, тексеріліп, бекітілген соң қалғаны орнатылады
(138-сурет). Қалып ішіне бетон лайды құймас бұрын, оның план-
дық жəне биіктік орналасу жағдайларын тексереді.
Фундаменттің жоғарғы жобалық биіктігін қалап үстіне шеге
қағып белгілейді, ал оның пландық орналасу жағдайын қадалау
осьтерінен тексереді. Қалыпқа биіктік шамасын беру, екі жұмыс
реперлерінен атқарылады.
Жобалық биіктіктері белгілі екі нүкте арасында бетон лай
қоспаны жаюды, олардың арасында шеге арқылы жіп тартып
жасауға болады.
Фундамент беті жазық, тегіс болуы үшін, нивелирді пайда-
ланып əлі кеппеген бетон қоспаға, жобалық биіктікке дейін
арматура салып бақылап отыруға болады. Кепкеннен соң, арма-
тура бетін бетон қоспамен сылап жібереді.
Фундаментті бетондап болған соң, осьтер арасында тексеру
өлшемдерін жəне фундаменттің жоғарғы жағын (бетін) ниве-
лирлеу арқылы тексереді. Тексеріс өлшемдерінің нəтижесінде,
істелген жұмыстың орындалу тəсімін жасап, онда жобалық
берілімдерден ауытқулары көрсетіледі.
СНиП талаптарына сай, қалыпты орнатудағы ауытқулар
келесі шамалардан аспаулары керек. Қалып осьтерінің жобалық
бағытынан ауысуы: фундаменттікі – 15
мм
; қабырғалар мен баға-
налардікі – 8
мм
; балкалар, белдеулер жəне аркалардікі –10
мм
.
Достарыңызбен бөлісу: