Оқулық Алматы, 013 Əож 528 (075. 8) Кбж 26. 12 я73 и 59


§ 15.10 Фундаменттерді қадалау



Pdf көрінісі
бет115/153
Дата26.09.2022
өлшемі2,19 Mb.
#150820
түріОқулық
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   153
Байланысты:
tuiakbaev-injenerlik-geodezia

§ 15.10 Фундаменттерді қадалау
Фундаментті жоба бойынша дұрыс салу, ғимаратты тұрғызу 
жəне монтаждау жұмыстарының сапасын арттырады жəне 
əрі қарай оны жалғастырудағы ең жауапты технологиялық 
жұмыстардың бірі. Фундамент салудағы қателіктер, ғимарат 
беріктігін əлсіретеді немесе кейбір жағдайда оның бұзылуына 
себеп 
ші болады. Сондықтан пландық жəне биіктік қадалау 
жұмыс тарының дəлдігін қатаң сақтау керек. Фундамент салудағы 
қадалау жұмыстарының ең көп тараған түрін қарастырып көрелік.
Құрастырмалы созылмалы (ленточные) фундаментті мон-
таж 
даудағы қадалау жұмыстары
. Созылмалы фундамент 
құрылысы жағынан екі негізгі түрге бөлінеді: бүтін қабырға асты-
на тиянақ ретінде салынатын фундамент (ленталық фундамент) 


246
жəне үлкен салмақ түсетін тұстардағы бағаналардың астына тия-
нақ ретінде салынатын фундамент.
Көтермелі қабырғалардың астына салынатын ленталық фун-
даменттің ең көп тараған түрі – сыртқы қабырғалар блогінен (
1)

ішкі қабырғалар блогінен (
2)
жəне блок-жастықтан (
3)
тұратын 
құрамалы фундамент
(135-сурет).
Темірбетон блокты құрастырып салу үшін мұнаралық көтергіш 
кранды пайдаланады. Кран ағаш шпалдар үстіне салынған темір 
жол рельстері арқылы жылжиды, осьтер арасы – 0,5 
м
.
135-сурет. 
Ленталық фундаменттің
136-сурет.
Құрамалы
блоктары созылмалы фундаментті
монтаждаудың қадалау тəсімі
Жер бетінде кранның жылжу осін қадалайды да, одан өлшеу 
арқылы рельстің пландық жағдайы анықталады. Шпалдарды салу 
үшін жерді тегістейді, кран тегіс, көлбеулігі жоқ рельспен жыл-
жуы керек. Оны нивелирлеу арқылы іске асыруға болады. Қатар 
салынған рельстердің жобалық енінен, рельс төбесінің жазық 
жазықтықтан ауытқуы ±2 
мм
аспауы керек.
Құрамалы созылмалы фундментті монтаждауды келесі рет-
пен орындайды (136-сурет). 
Шұңқыр немесе траншея түбін соңғы рет тазалап шыққаннан 
кейін блок-жастық астына құм төсейді де, көздегіш арқылы 
бақылай отырып, таптайды. Осьтердің бағытын белгілеу үшін 
тұғыр үстіне сым тартады. Монтаждауды ғимарат бұрыштарына 
бірқатар блоктарды салудан бастайды, əрі қарай олардың ара-
сына 15-20 
м
сайын, бақылаушы (маяктық) блоктарды салады 
(қалайды). Бұрыштық жəне бақылаушы блоктардың арасына фун-
дамент сызығымен, фундамент қырынан 5 
мм
қалдырып, жағалық 
сым (проволку-причалку) тартады да, осы сым бойымен қалған 
блоктарды салады.
Бақылаушы блоктарды қоюмен бірге, оларды үстіңгі осьтік 
сызығы бойымен үстіне рейка қойып нивелирлейді.


247
Блоктарды қалап болған соң, олардың арасын цемент лаймен 
толтырып сылап жəне гидроизоляция (су өткізбейтін қабат) 
жасайды.
Ленталық фундаментті салғанда ғимарат ішіне кіретін жер 
асты тораптарына есік қалдырады, олардың орналасу жағдай-
ларын ұзынабойлық жəне көлденең құрылыс осьтерінен бастап 
белгілейді. Коммуникация торабының кіру биіктігін жұмыс ре-
перлерінен анықтайды, ал дайын фундаменттер үшін, торап тарды 
кіргізу биіктігі оның жоғарғы жиегінен анықталады.
Егер ғимаратта жер асты қабаты қаралған болса, онда гидрои-
золяция жəне фундаментті тексеріп болған соң, биіктігіне сай, қабыр-
ғаларының бұрыштық жəне маяктық блоктарды қою орындары 
қадаланады. Əрі қарай жағалық-сым тартып, соның бойымен қалған 
блоктардың астына арнаулы лай-қоспа жайып, қалайды. Қатар 
арасындағы тік жармаларын лай-қоспамен толтырады.
Ірі блоктардан салынған құрама фундаменттің түзу салын-
ғандығын тексеру кезінде, оның жобалық жағдайынан ауытқуы 
СНиП –В-4-97 талаптарынан аспауы керек (137-сурет).
Ірі блоктардан жасалған құрама фундаментті салып болған-
нан кейін, орындалған жұмыстың тəсімі жасалады, онда құрылыс 
торының жобалық жəне нақтылы осьтер арасындағы өлшемдері, 
фундаменттің жоғарғы жағының жобалық жəне нақтылы биіктік 
шамалары, т.б. көрсетіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   153




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет