235
сайын көздегішпен тексеріп отырады. Осындай əдіспен
барлық
қазықтардың биіктіктерін (қазықтың жоғарғы жиегін) жобалық
шамаға келтіреді, яғни барлық көздегіштің жоғары жиектері бір
сызықтың бойында болғанын қадағалайды.
Шұңқыр түбін түпкілікті тазалап болған соң,
орындалған
жұмыс нəтижесінің тəсімін салып, оған шұңқыр табанының бар-
лық нақтылы биіктіктерін түсіреді. Ол үшін көбінесе, ось-
тер арқылы тартылған сымды пайдаланады. Көлденең жəне
ұзынабойлық осьтердің қиылысу нүктелеріне тіктеуіш іліп
шұңқыр түбіне жеткізеді. Осьтердің қиылысқан нүктелеріне
жермен бірдей қылып қазық қағады да,
нивелирлеу арқылы
дұрыстығына көз жеткізеді.
130-сурет
. Кемерді тазалауға арналған жабдықтар
а – үшбұрыш; ə – лекало; б – бағыттаушы тақтай
Шұңқыр кемерін тазалау кезінде қарапайым жабдықтарды
(аспаптарды) қолданады. Олар
АВС
үшбұрышы, лекало жəне
бағыттаушы тақтай іспетті қарапайым жабдықтар.
Кемерлік тік
бұрышты үшбұрышты
(130 а-сурет) ағаштан жасайды, оның
катеттерінің біріне деңгей
орнатады немесе тіктеуіш іледі, сонда
гипотенуза бағыты кемердің жобалық көлбеулігімен дəл келіп
тұрады.
Лекало
(130 ə-сурет) ұзын шыбық немесе тақтай
АВ
, оны
кемерге параллель орнатады. Лекалоның дұрыс жатқандығын,
бір катетіне деңгей орнатылған үшбұрыш
арқылы көз жеткізуге
болады.
Бағыттаушы тақтай
(130 б-суретті қараңыз) қазықтарға
қағылған, оның жоғарғы қыры
В
жобалық көлбеулікке
АВ
/
дəл
келеді. Бағыттаушы тақтайды орнату үшін үшбұрыш пайда ланы-
лады.
Жұмыс көлемі үлкен
болған жағдайда, шұңқыр кемері арнаулы
тегістеуші машиналармен тазаланады.