229
§ 15.4 Жер асты инженерлік торап арықтарын
(траншеяларын) жəне бақылау құдықтарын қадалау
Жерасты инженерлік тораптарын (су, канализация жəне жылу
құбырлары жəне т.т.) жер бетіне геодезиялық тірек қосындары
арқылы түсіреді. Планда инженерлік тораптарды салудың
(қадалаудың) салыстырмалы қатесі 1:2000 қатынасындай. Биіктік
шамалары бойынша өздері ағатын су, канализация құбырларын
қадалау жоғары дəлдікпен атқарылады. Қысымды құбырларды
қадалау төменгі дəлдікпен, яғни биіктік шамаларын ±1
см
қа-
телікпен қадаласа жеткілікті. Құбырларды қадалаудың мəні –
жобалық ұзынабойлық профиль жəне қадалау сызбасының негі-
зінде трассаның айтулы (характерные) нүктелерін геодезиялық
тірек қосындарына байланыстыра отырып, жер бетіне түсіреді.
Құдықтарды салу, қазаншұңқырларды қазу үшін жер бетінде
оның контурын түсіреді де, ортасын қазықшамен бекітіп, ұшына
шеге қағып қояды.
128-сурет
. Жер асты торабының траншеясын қадалау тəсімі
а – тұғыр; ə – жылжымалы көздегіш; б – тұрақты көздегішті орнату тəсімі;
1 – тұрақты көздегіш; 2 – төсеніш
Қазаншұңқырдың жиектерін ортасынан бастап қадалайды,
яғни траншеяның осінен екі жағына кертпе жиегін есепке ала
отырып, құдықтың жобалық шамасының жартысын салады.
Құдықтың ортасына қағылған қазық бұзылатындықтан, құбыр
торабының жəне шұңқырдың осьтерін тұғыр арқылы бекітеді
(128-сурет).
230
Құбыр торабының жəне шұңқыр осьтерін бекітетін тұғыр,
екі ағаш діңгектен тұрады. Бұл діңгектер траншеяның жиегіне
(жер бетінен биіктігі 0,5-0,7
м)
орнатылады. Діңгектерді біріктіре
жазық тақтай қағады. Траншеяның жəне құдықтың осьтерін
тұғыр үстіне жалғастырушы тақтайдың (2) үстінде белгілейді
де, Т əрпі тəріздес тұрақты көздегішті (1) қағады (128 а-суретті
қараңыз). Құдықтар арасындағы құбыр торабының ось бағытын
екі іргелес екі тұғырдың арасына тартылған сымға ілінген,
жылжымалы тіктеуіш арқылы анықтайды. Тұғырға бояумен
құдықтың реттік саны жəне салынбақшы құбырдың диаметрі
жазылады. Егер құдықтың диаметрі өзгеретін болса, онда бөлшек
ретінде екі диаметрі жазылады: алымында кіші, бөлімінде үлкен
диаметрі. Анық көрініп тұру үшін, тұрақты көздегішті екіге бөліп,
жартысын қызыл, екінші жартысын ақ түске бояйды. Тұрақты
көздегішті екі іргелес құдықтар үстіне орнатқанда, оның жоғары
жақ биіктігінің жазықтығы, траншеяның табанына параллель
болғанын қадағалайды, яғни жобалық көлбеулікті сақтауы керек.
Қазылмақшы траншеяның тереңдігі, екі түрлі дайындалған
жылжымалы көздегіштің көмегімен тексеріледі: бірі – траншея-
ны қазуды бақылау үшін, екіншісі – төменгі жағында табаны
(башмак) бар, құбырдың дұрыс салынып жатқандығын тексеріп
отыру үшін (128 ə-сурет). Жылжымалы көздегіштің жоғары
қыры, екі тұрақты көздегіштің жоғары қырымен бір жазық-
тықта жатулары керек, оны көзбен де байқауға болады. Жыл-
жымалы көздегішті траншея табанына қойғанда, жер бетінен
шығып тұрған ұзындығы 1
м
кем болмауы керек. Іс жүзінде бұл
көздегіштердің ұзындығын 2, 5, 3 жəне 4
м
етіп дайындайды.
Көздегіш траншеяны қазғанда кеңінен пайдаланылады, се-
бебі үлкен көлбеулікті, сұйық өзі ағатын жəне қысымды құбыр
жүйелерінің траншеяларын қазу кезінде артық немесе кем жұмыс
көлемі пайда болмас үшін керек. Сонымен бірге траншея табанын
тазалап, ретке келтіру геометриялық нивелирлеумен атқарылады.
Сұйық
өзі ағатын, кіші көлбеулікті құбыр жүйелері тұрақты
жəне уақытша реперлермен қамтамасыз етілуі керек. Ол үшін,
трасса маңында IV класты нивелирлік жүріс, есептеулер негізінде
керек болған жағдайда III класты нивелирлік жүріс жүргізіледі.
Уақытша реперлер арасы 200
м
жиі болмауы керек.
Сұйық
өзі ағатын, үлкен диаметрлі құбыр тораптарын геоде-
зиялық іспен қамтамасыз етудің өз ерекшеліктері бар.
231
Мысалы, қысымды құбырларды салуда құбырдың жоғары
жағын, ал өзі ағатын, үлкен диаметрлі құбырларды салуда, олар-
дың астына салатын тиянақтың (лоток) табанын нивелирлейді.
Себебі құбырдың қалыңдығы бірдей болмауы мүмкін. Сондықтан
құбырдың қалыңдығын механикалық түрде есепке алу, құбырды
траншея табанына жатқызу дəлдігіне кері əсер етуі мүмкін.
Үлкен диаметрлі құбырларды жобалық көлбеулігін сақтап,
бетоннан дайындалған төсенішке жатқызады. Ол үшін əр топтың
(топта бір немесе екі құбыр) астына нивелирді пайдаланып,
бетондау деңгейін көрсететін металл-маяк қағылады. Өзі ағатын
құбырды салуда жоғары дəлдікті қамтамасыз ету үшін траншея
табанына ағаш қазықтар қағып, ұшына бұранда бұрайды. Бұран-
даны бұрау арқылы оның үстіне қойылған рейканың биіктігін
реттеп, төсеніштің жобалық көлбеулігін қамтамасыз етеді.
Құбыр астына траншея қазуды көздегіш арқылы геодезиялық
іспен қамтамасыз етуде, тұғыр үстіне орнатылатын тұрақты
көздегіштің биіктік шамасын алдын ала анықтап алу керек.
Көздегіш ұзындығын есептеу келесі мысалда берілген.
Мысал
.
М
жəне
N
екі канализация құдықтарының арасы 50
м
,
екі құдықтың арасындағы көлбеулік 0,01 промиль (128 б-сурет).
Құдық ішіндегі құбырдың төсеніш биіктігі
М
= 125,245
м
, ал
құдық ішіндегі табанының қазіргі биіктігі
N
= 125,745
м
. Тұғыр
үстінде
Р
жəне
S
нүктелері белгіленген, олардың жоғары қыр
биіктіктері, ретімен 127,645
м
жəне 128,245
м
. Егер жылжымалы
көздегіштің ұзындығы 3,5
м
болатын болса, тұрақты көздегішті
қандай биіктікке қою керек? Немесе тұрақты көздегіш жобалық
биіктікте тұруы үшін,
Р
жəне
S
нүктелерінен қандай ұзындықты
кесінді салу керек?
Шешімі
.
М
құдығына орнатылған тұрақты тұғырдағы
Q
нүк-
тесінің биіктігі
Н
Q
=125.245+3.5 = 128.745
м
,
N
құдығындағы
биіктік
Н
к
= 125,745+3,5 = 129,245
м.
Сонда іздеп отырған кесінді
ұзындығын айырма ретінде табамыз:
РQ
= 125,745 – 127,645 = 1,1
м
;
SК
= 129,245 – 128,245 = 1
м
.
Құбыр торабын салудағы орындалған жұмыс түсірісі.
Құбыр
торабын салудағы орындалған жұмыс түсірісін, траншеяны жабу
алдында жүргізеді де, істелген жұмыстың сызбасын, құжатын
жасайды. Бұл сызба – құжат халық шаруашылығының кез келген
232
саласындағы жер асты құрылыстарын пайдаланудың ең керекті,
маңызды құжаты болып саналады.
Сондықтан бұл құжаттардың дұрыс құрылуы, толықтығы
жəне рəсімделуі оны пайдаланушы мекеме басшыларының
қолымен бекітілуі керек. Орындау сызбалары мамандардың
(электрик, сантехник, жылу технигі жəне т.б.) қатысуымен жа-
салады. Жер асты құрылысы осьтерін анықтаушы нүктелердің
(бұрылу бұрышы, құдықтар ортасы жəне т.б.) барлығын ретке
келтіріп, координаталарын анықтап көрсетеді.
Жеке орындау сызбалары негізінде, жалпы орындау тəсі-
мін жасайды, ал онда көрсетілетіндер: бақылау құдықтары,
жабу-ашу қақпақтары жəне жер асты құрылысының əр түрі
бойынша түбегейлі, жеке-жеке аттары, типтері; құдықсыз салын-
ған құбырлардың бұрылу бұрышы; бұрылыстар, құдықтар ара-
сындағы жəне басқа да құрылымдардың қашықтықтары немесе
бекеттік сызба; құбырлардың диаметрі, неден жасалған немесе
төсеніштерінің, кəріздердің көлденең қимасы; кабельдердің мар-
касы, қысым беру құрылымының құбырларын салу тереңдігі;
төсеніш табанының биіктігі жəне сұйық өзі ағатын құбырдағы
ағу бағыты; бұрылу бұрыштарының координаталары немесе
басқа тұрақты құрылымдарға байланыстырушы сызықтық жə-
не бұрыштық өлшемдері; орындау, типтік сызбаларының жəне
эскиздерінің реті; жер асты торабының биіктік орналасу жағ-
дайлары.
Достарыңызбен бөлісу: |