227
§ 15.3 Осьтерді бекіту
Тұғыр үстінде белгіленген осьтер ғимаратты салудағы бар-
лық этаптарын қамтамасыз ете алмайды, себебі қабырғаларын
биіктеткен сайын тұғырды қолдану ыңғайсыз бола бастайды.
Сондықтан құрылысты геодезиялық істермен қамтамасыз етуді
жалғастыру үшін осьтер жер қазу жұмыстарынан сыртқары
белгілермен бекітілуі керек, өз кезегінде олар ғимарттың ішінде де
орналасады. Барлық тұғырға белгіленген осьтер бекітіле бермейді,
көбінесе негізгі осьтерді бекіту жолға қойылған. Ғимарат ішінде
осьтерді қабырғаларға, фундаментке металл қазықшалармен
(арматура кесіндісі, металл қыспалар, соғылған шегелер, т.с.с.)
теодолит орнатуға ыңғайлы етіп бекітеді.
126-сурет
. Ғимарат осьтерін бекіту тəсімі
Негізгі осьтерді қазылмақшы қазаншұңқыр сыртына, тұ-
рақты қатар белгілермен, темірбетон діңгек ретінде бекітеді.
Діңгектердің жоғары жағына металл стержень қағып, оның
ұшының ортасына сызық ойып белгілейді. Мұндай белгі бір
уақытта пландық тірек нүктесі жəне жұмыстық репер ретінде
пайдаланылады. Бұл белгі жер бетінен көп жоғары шығып
тұрмайды, оның көпке сақталуын жəне тез табылуын қамтамасыз
ету үшін айналасын қоршап қояды. Ғимараттың не үшін салынып
жатқандығына жəне құрылыс шарттарына байланысты осьтерді
қатар белгілермен бекітудің əртүрлі тəсімі қолданылуы мүмкін.
126-суретте қатар белгілерді бекітудің ең көп тараған түрі
келтірілген. Қатар нүктелердің арасында өлшеулер жүргізеді де,
олардың ғимарат осьтеріне қалай байланысқанын көрсетеді.
228
Қатар белгілердің құрылысы, олар-
ды бекітудің əртүрлі тəсімдері болады.
127-суретте тұрғын үйлерді салу кезін-
дегі ең көп тараған қатар белгінің құ-
рылысы берілген.
Қатар сызықты белгілерден басқа, əр
ғимарат, аз дегенде, екі жұмыс репер-
лерімен қамтамасыз етіледі. Бұл репер-
лердің орнын таңдауда, оны пайдалану
ың ғайлы болуы керек жəне одан салы-
нып жатқан құрылыстың ең көп нүкте-
лерін бақылауға болатындай етіп орна-
тады. Жұмыс реперлерінен тұғыр дің-
гектері
нің жоғарғы қырына тұрақ
ты
көздегіш-планканы орнатып, оның абсо-
люттік немесе салыстырмалы биіктігі
анық талады. Екі тұрақты көздегіш-план-
ка жəне үшінші уақытша белгі арқылы
жер қазу жұмыстарын тұрақты түрде ба-
қылап отырады.
Негізгі осьтерді жəне жұмыс репер-
лерін бекітудегі кешенді жұмыстар дың нəтижесінде орындал ған
жұмыстардың тəсімін жасайды да, оған барлық сы зықтық жəне
бұрыштық өлшемдерді, сонымен бірге қатар сызық қосында-
рының коорди наталарын көрсетеді.
Орындалған жұмыстардың тəсіміне олардан басқа көрсе-
тілетіндер:
- ғимаратты қадалауда пайдалынған құрылыс торының
қосындары;
- тексеру өлшемдерінің нəтижесінде салынған осьтердің
арақашықтықтары, орналасулары көрсетілген тұғыр;
- осьтерді бекіткен белгілер.
Жасалып біткен жəне рəсімделген құжатты акт арқылы
құрылыс басқармасына тапсырады.
127-сурет
. Осьтерді
бекіту белгісінің
құрылымы.
1 – ағаш
қақпақ; 2 – металлпласти-
на; 3 – металл пластинка
үстіндегі осьтің нүктесі;
4 – бетон; 5 – арматура-
стержень; 6 – крестовина;
7 – құм араласқан қиыршық
қоспа
|