247
Блоктарды қалап болған соң, олардың арасын цемент лаймен
толтырып сылап жəне гидроизоляция (су өткізбейтін қабат)
жасайды.
Ленталық фундаментті салғанда ғимарат ішіне кіретін жер
асты тораптарына есік қалдырады, олардың орналасу жағдай-
ларын ұзынабойлық жəне көлденең құрылыс осьтерінен бастап
белгілейді. Коммуникация торабының кіру биіктігін жұмыс ре-
перлерінен анықтайды, ал дайын фундаменттер үшін, торап тарды
кіргізу биіктігі оның жоғарғы жиегінен анықталады.
Егер ғимаратта жер асты қабаты қаралған болса, онда гидрои-
золяция жəне фундаментті тексеріп болған соң, биіктігіне сай, қабыр-
ғаларының бұрыштық жəне маяктық блоктарды қою орындары
қадаланады. Əрі қарай жағалық-сым тартып, соның бойымен қалған
блоктардың астына арнаулы лай-қоспа жайып, қалайды. Қатар
арасындағы тік жармаларын лай-қоспамен толтырады.
Ірі блоктардан салынған құрама фундаменттің түзу салын-
ғандығын тексеру кезінде, оның жобалық жағдайынан ауытқуы
СНиП –В-4-97 талаптарынан аспауы керек (137-сурет).
Ірі блоктардан жасалған құрама фундаментті салып болған-
нан кейін, орындалған жұмыстың тəсімі жасалады, онда құрылыс
торының жобалық жəне нақтылы осьтер арасындағы өлшемдері,
фундаменттің жоғарғы жағының жобалық жəне нақтылы биіктік
шамалары, т.б. көрсетіледі.
Достарыңызбен бөлісу: