Оқулық Алматы, 013 Əож 528 (075. 8) Кбж 26. 12 я73 и 59


§ 15.7 Экскаватор жұмысын геодезиялық істермен



Pdf көрінісі
бет112/153
Дата26.09.2022
өлшемі2,19 Mb.
#150820
түріОқулық
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   153
Байланысты:
tuiakbaev-injenerlik-geodezia

236
§ 15.7 Экскаватор жұмысын геодезиялық істермен 
қамтамасыз ету
Қазаншұңқырларды немесе терең қазындыларды, жер бетінде 
қазу осьтерін жəне қазу шекараларын белдемелермен (поперечни-
ков) белгілеп алғаннан кейін, жер қазу машиналарымен қазады. 
Шұңқыр кемерінің орналасу жағдайын шаблонмен анықтап 
алғаннан кейін, табанын жобалық биіктікпен дəл келетіндей 
етіп, траншеяаны бағыттағышпен бекітеді. Мұндай траншея-
ларды көбінесе шөмішті экскаватормен қазады. Бағыттаушы 
траншеялардың арасы 50-60 
м 
болады. Траншеялар жер қазушы 
машиналардың жұмысын жеңілдетіп, кемерді артық немесе кем 
қазуға жол бермей сапасын арттырды.
Терең қазаншұңқырларды бірнеше қабат (горизонт) тепкішек 
іспетті етіп қазады.
Терең шұңқырлардың төменгі жиектерін жер қазушы машина-
лармен қазу кезінде жер бетіне тек қана оның төменгі қабатының 
төменгі жиектерін қадалайды.
Қазаншұңқырдың жобалық деңгейін нивелирлеумен екі рет 
тексереді: төменгі қабатты қазу алдында жəне соңғы рет шұңқыр 
табанын тазалау кезінде. Рейкалық нүктелерді қазықтармен 
бекітеді де, оларға қанша қазу керек екендігі жазылып қойылады.
Егер терең қазаншұңқыр немесе терең қазу тура шөмішті экс-
каватормен қазылатын болса, онда жер бетінде төскей беттің 
(забой) кемер сызығымен қиылысу сызығын қадалайды, сонда 
кемерді артық қазуға жол берілмейді. Бұл сызықты қадалаған соң, 
экскаватордың жерге əр кіріп шығуы жер бетінде белгіленбейді. 
Экскаватордың қазу кезіндегі əр жерге орын ауыстыруы, оның 
жұмыс өлшемдеріне байланысты: үшкілінің (стрела) ұзындығына
131-сурет
. Экскаватордың жұмысын бақылау тəсімі
1 – бақылаушы көздегіш; 2 – жылжымалы көздегіш; 3 – кесу (қазу) мөлшері


237
шөміш көлеміне, биіктігіне, тереңдігіне, кесу радиусына жəне 
басқаларға байланысты.
Егер шұңқыр, оның сыртында орналасқан драглайнмен қа-
зылатын болса (төскей бет алдында емес), онда төменгі жиегін жер 
бетінде алдын ала (драглайн жұмысты бастамас бұрын) қадалайды. 
Себебі, шөмішпен алаңнан кемерге қарай тарта қазуда топырақты 
артық алуға жол бермейді, яғни бақылап отыруға ыңғайлы.
Қазу көлемі аз болғанда шұңқыр табанын жəне кемерін қолмен 
тазалауға болады, ал үлкен көлемді жұмыс болса, бульдозермен 
немесе арнаулы тегістегіш машиналармен атқарылады.
Жер қазу жұмыстарын механизациялауды арттыру мақсатын-
да əртүрлі жабдықтар қолданылып, жүйелі түрде төскей беттің 
тереңдігін бақылап отыруға мүмкіндік туғызады. 131-суретте 
тура шөмішті экскаватордың жұмыс істеу тəсімі берілген, мұнда 
төскей бет тереңдігі жеке көздегіш құрылғысының көмегімен 
бақыланылады.
Бақылау көздегіші (
1)
болып, қызыл бояумен шөміш ұста-
ғышына салынған жазық сызық саналады. Жылжымалы көзде-
гіш (
2)
болып, кəдімгі ағаштан жасалған көздегіш саналады, оны 
биіктігі анықталып қағылған қазық үстіне немесе тазаланған 
жерге қағылған қазық үстіне орнатады. Бақылау жəне жылжы-
малы көздегіштердің (
3) 
көмегімен қанша қазу немесе қаншу үю 
керек екендігі анықталады.
Кері шөмішпен жабдықталған экскаватор немесе драг 
лайн-
мен қазу тереңдігін, əртүрлі құрылымды тереңдік өлше 
гіш-
термен бақылап отырады. Мұндай аспаптардың жұмыс істеуі, 
ол – экскаватор үшкілінің ұзындығы тұрақтылығы жəне шөміш 
ұстағышының, шынжыр табан деңгейінің өзгерулері, үшкіл 
қозғалысының бұрыштық шамаларының бір-біріне пропор-
ционал дығына негізделген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   153




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет