Оқулық Алматы, 013 Əож 528 (075. 8) Кбж 26. 12 я73 и 59



Pdf көрінісі
бет131/153
Дата26.09.2022
өлшемі2,19 Mb.
#150820
түріОқулық
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   153
Байланысты:
tuiakbaev-injenerlik-geodezia

155-сурет
. Кран асты 
темірбетонды балка
1 – балкаларды бекітетін болат 
салмалар
 
; 2, 4, 5 – консоль, 
бағана жəне балкалардың 
арасына салынатын темір 
салмалар; 3 – бетон
156-сурет
. Кран асты 
жолының қимасы
1 – бетон құйма; 2 – тірек 
швелері; 3 – рельс; 
4 – қапсырма; 5 – брус; 
6 – болт; 7 – кран асты 
балкасы
157-сурет
. Кран асты балкаларының 
(а)
жəне бағана 
консольдері осьтерін 
(ə)
қадалау тəсімі


272
Биіктік бойынша алдын ала балкаларды жатқызу үшін кон-
сольдердің тірек жазықтықтарын нивелирлеудегі берілімдерін 
жəне бағаналардағы ойық-сызықтардың нөлдік биіктіктерін пай-
даланады. Консольдердің жəне бағана төбелерінің есептелінген 
биіктіктері арқылы ірі масштабта профилін салады да, сол арқылы 
кран асты темір жолының орташа жазықтықта орналасу деңгейін 
белгілейді. Орташа деңгей арқылы конструкция құрылымының 
астына салатын
жалбыздың қалыңдығын анықтайды.
Кран асты балкаларын түзету, негізгі бағана каркасын салып 
болған соң жүргізіледі. Балкалардың біиіктік бойынша орна-
ласуын тексеру үшін бағананың төменгі қырындағы ойық-сы-
зықтың биіктік шамаларын пайдаланады. Осы ойық – сызықтан 
болат таспамен, кран асты жолының рельс басынан 0,3 – 0,5 
м
жоғары, биіктік шамасын бағана үстіне 0,5 немесе 1 
м
дейін 
дөңгелектеп шығарады. Əрі қарай нивелирді орнатататын орын 
іздейді, ол кран асты балкаларының деңгейінен жоғарырақ жəне 
кран асты жолының жобамен ортасында болуы керек. Егер кран 
асты балкаларының қатары бір шама ұзын болса (200 
м
жоғары), 
онда нивелирлеу үшін бірнеше тұрақ жасайды. 
Нивелирді орнату үшін арнаулы орын (тиянақ) жасайды, 
яғни нивелир тиянағы нивелирлеушінің тұрған орнынан бөлек 
болуы керек. Нивелирлеу үшін қысқартылған екі жақты рейка-
лар қолданылады, оларды консоль жанындағы балканың үстіне 
орнатады. Сонымен бірге əр бағана қырына салынған ойық-
сызықты да нивелирлейді. Ойық-сызықтар арқылы салмалардың 
қалыңдығын тексеріп отырады.
Кран асты балкаларын түзету нəтижесінде олардың бағана 
консольіндегі орналасу тəсімін, кран асты балкалардың үстінгі 
бетінің қабылданған шамасынан қанша ауытқығанын қоса жа зып 
отырады.
Кран асты рельстерін монтаждауды қадалау
. Кран асты 
балкаларын орнатып болған соң, кран асты рельстерін жобалық 
орнына жатқызады. Рельстің бір жағын теодолитпен қатаң түрде 
жатқызады да, екінші жағын рельсаралық қашықтығын сақтай 
отырып, өлшеп жатқызады. Көпірлік кранды рельс бойымен 
тексере отырып, өткізгеннен кейін ғана рельсті соңғы рет түзеп 
салады. Кранның дұрыс істеп тұру жағдайын қамтамасыз ету 
үшін кран асты рельстері түзу сызықты, пареллель, жазық жəне 


273
бір жазықтықта жатуы керек. Бұл талаптарды орындау үшін рельс 
осьтерін қадалауды ұйымдастырады. Рельс жолдарын қадалаудың 
бірнеше жолдары бар, солардың бірі – рельсаралық қашықтық, 
өлшеу жабдығының ұзындығынан аспайтын жағдайдағы түрін 
қарастырамыз:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   153




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет