Оқулық Алматы, 013 Əож 528 (075. 8) Кбж 26. 12 я73 и 59


§ 17.3 Орындалған жұмысты түсіру құжаттарын



Pdf көрінісі
бет138/153
Дата26.09.2022
өлшемі2,19 Mb.
#150820
түріОқулық
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   153
Байланысты:
tuiakbaev-injenerlik-geodezia

§ 17.3 Орындалған жұмысты түсіру құжаттарын 
дайындау
Құрылыстың нақтылы жағдайын орындалған жұмыстың 
түсірісінен көруге болады, мұнда оны пайдалану кездеріндегі 
барлық инженерлік жұмыстарға керекті берілімдері көрсетілген. 
Мекемені салу кезінде құрастырылған орындау құжаттары, 
генпланды жобалау, қайта құру немесе мекемені кеңейту 
жобаларының негізі бола алады. Тұрғын үй немесе өндірістік 
ғимараттарын салу кездеріндегі орындалған жұмысты түсіру 
құжаттарының құрамы жəне тізімі арнаулы нұсқаулар мен 
ереже, талаптармен анықталады. Əр саладағы құрылыс үшін 
келесі құжаттар қалай да дайындалуы керек: жазық жəне тік 
жазықтықтардағы тегістеу құжаттары; ғимарат жəне құрылыс 
бойынша құжаттар; инженерлік тораптардың құжаттары.
Құрылыс нысанында орындалған жазық жəне тік жазық-
тықтарда тегістеу көлемдері, толықтығы жəне сапасы құрылыс 
алаңының барлық территорясында орындалған жұ мысты түсір-
ген топграфиялық план арқылы бағалануы мүмкін. Мұндай 
пландар сол жердегі құрылым жиілігіне байланысты 1:500, 
1:1000 жəне 1:2000 масштабтардың бірімен құрастырылады. 
Планда көрсетілетіндер: мекеменің шекарасы; территорияны 
тегіс 
теудің айтулы жер 
лері: еңкіштік бағыты, кемерлер, тепкі-
шектер, жыралар, тірек қабыр 
ғаларының, сатыларының жəне 
де басқа құрылымдардың орналасуы биіктік шамаларымен қоса 
көрсетіледі; тік жазықтықта тегістелу жасалған территория 
элементтерінің тəсімі; түсу, шығу биіктіктері, мекеме ішіндегі 
темір жол рельсі бастарының жəне автожолдар осьтерінің биік-
тіктері жəне басқалары. Графикалық материалдарға қоса сан дық 
сипаттамалы құжаттар қоса тапсырылады: координаталар жəне 
биіктік есептеу журналдары, ғимарат жəне құрылыс сызбалары, 
ерекшеліктері, сұлбалық сызбалары жəне басқалары.
Ғимарат жəне құрылыстағы орындалған жұмысты түсіру 
құжаттары əр қабаттық жəне əр ярустық пландары, ғимарат жəне 


288
құрылыс қималары, осьтерді қадалау, оларды бекіту жəне басқа-
ларынан тұрады. Пландар мен қималарды ірі 1:100, 1:200 жəне 
1:500 масштабтарда құрады. Пландар мен қималарда барлық 
құрылыс осьтерін геодезиялық пландық жəне биіктік тірек 
қосындарына байланыстарымен қоса көрсетеді. Фундамент пла-
нында, олардың өлшемдерін жəне құрылымдық элементтерін, 
инженерлік тораптардың кіру орындарын, машиналардың, жаб-
дық фундаменттерінің орындарын, еден, ғимаратқа кіру биік-
тік шамаларын, ғимарат элементтерінің, құрамдық бөліктерінің 
қандай материалдардан жасалғанын көрсетеді.
Инженерлік тораптарды салудағы орындалған жұмысты 
түсіру құжаттарын, олардың əр түрі бойынша классификацияға 
бөліп көрсетеді: жер беті, жер үсті жəне жер асты тораптары. 
Құжаттар план, ұзынабойлық жəне көлденең профильдер түрінде, 
əртүрлі журналдары кестелерімен қоса дайындалды.
3.5-кесте. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   153




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет