Топырақтың құрылысы деп топырақ кесіндісін құрайтын генетикалық (шығу тегі бойынша бір-біріне байланысты) қабаттардың жиынтығын атайды. Əрбір топырақ типтерінің құрылыстары, қабаттардың кезектесуі бір-бірінен өзгеше болады. Дегенмен, В. В. Докучаев негізгі үш генетикалық: А – қарашірікті- аккумлятивтік, В – аралық (иллювиалдық), С – топырақ түзуші не- месе аналық жыныс қабаттарды белгіледі.
Топырақтың бояуы оның негізгі айқын белгілерінің бірі болып саналады. А. Н. Сабаниннің айтуынша, топырақта ашық жасыл мен көк түстен басқа қарадан аққа дейінгі түстердің бəрін кездестіруге болады. Ал батпақты топырақта жаңа жасалған топырақ кесіндісінен ашық жасыл жəне көк түстерді де көруге болады. Топырақтың көптеген типтері өз түстерімен аталады: күлгін топырақтар, қара топырақтар, қызыл қоныр топырақтар, қоныр топырақтар, сұр топырақтар, қызыл топырақтар, сары топырақтар жəне т.б.
Топырақтың беткі қабатының түсі ондағы гумустық заттардың шамасына байланысты жасалған. Топырақтың қызыл жəне сары түсі жеке минералдардың (гематит, лимонит), түсіне немесе ұсақ дисперсті саз минералдардың (каолиниттің, монтмориллониттің, т.б.) бетінде хемосіңірілген темір тотықтарына, лас көк түсі темірдің оксиді, қызыл қоңыр фонда қара дақтың жəне қара жолақтың болуы марганецтің гидроксидтеріне, ақшыл түсі саз қабығынан тазарған кварцтың ұсақ дəншелерінің түсіне, ақ түс карбонаттардың, сульфаттардың жиналуына байланысты болады. Топырақ кесіндісінің төменгі қабатының түсі негізінен топырақ түзуші (аналық) жыныстың бояуына, оның құрамы мен үгілу дəрежесіне сəйкес келеді. Солтүстік жарты шардың тропиктен тысқары аймағында топырақтың қызғылт қоңыр түсті бояуы мұнда көп тараған кайнезой эрасының төрттік кезеңіне топырақ түзуші жыныстарына байланысты.
Топырақ қабаттарының түсі ылғалдылығына, жарықтың түсуіне, структуралық жағдайына байланысты да өзгереді. Мысалы, бір топырақтың өзі құрғақ күйінде сұр, ылғал күйінде қара сұр түсті, структурасыз (ұсақ, ұнтақ) топырақ ұсақ кесекшелі жəне дəншелі күйіндегіден гөрі ақшыл түсті, күндізгіден гөрі кешкісін қара
қоңырлау түсті болады. Сондықтан топырақ түсі ауа-құрғақ үлгісінде жəне күндізгі шашыраңқы жарықта анықталады.
Дегенмен, топырақ түсін визуалдық анықтау қателіктерге соқтыруы мүмкін. Сондықтан ФМ типті фотометрді қолдану керек. Топырақ структурасы да маңызды морфологиялық белгі болып есептеледі. Топырақтың қарапайым бөлшектері (гранулометриялық элементтері) бір-бірімен жабысып, қарашіріктік жəне минералдық зат- тармен желімделіп əртүрлі мөлшерде жəне формада кесекшелер (агре- гаттар, структуралар) түзеді. Профессор С. А. Захаров топырақ структу- расын негізінен үш типке бөледі: куб тəрізді топырақтың структуралық бөліктері өзара перпендикуляр үш осьпен бірқалыпты жетілген; призма тəрізді структуралық бөліктер негізінен тік (биіктік) осьпен жетілген; тақта тəрізді структуралық бөліктер екі көлбеу осьпен жетілген жəне тік бағытта қысқараған. Аталған типтердің бəрі де мөлшеріне, қабырғалары мен қырларының сипатына қарай кіші бөліктерге бөлінеді. Оны
С. А. Захаров, С. А. Монин төмендегідей бөліп көрсетеді:
1-кесте
Достарыңызбен бөлісу: |