3.2.1. Топырақтың механикалық құрамы, механикалық эле- менттердің жіктелуі, топырақтың гронулометриялық құрамы бойынша жіктелуі Қатты топырақ бөліктерін микроагрегаттар жəне макроагрегат- тар құрайды. Икроагрегаттар топырақтың элементарлы өте майда бөлшектерінің бір-бірімен қабысып, желімденуі арқылы құрылады. Мұндай қабысу жəне желімдену топырақтағы физикалық, химиялық жəне биологиялық процестердің нəтижесінде өтеді. Агрегаттардың диаметрлері əдетте 0,25 мм-ден кіші болады. Макроагрегаттар ми- кроагрегаттардан жəне элементар топырақ бөлшектерінен құралады, бұлардың диаметрі 0,25 мм-ден үлкен болады.
Топырақтың элементар бөлшектері əртүрлі дəрежеде бөлшек- тенеді. Олардың диаметрі миллиметрдің он мыңнан бір бөлігінен бірнеше миллиметрге дейін, кейде сантиметрге дейін жетеді. Топырақ бөлшектерінің өлшемдеріне оның физикалық, физикалық- химиялық қасиеттері тəуелді болады.
Сондықтан топырақты оның элементар түйіршіктеріне байла- нысты жіктеу (классификациялау) қажет. Барлық түйіршіктерді олардың өлшемдеріне (размерлеріне) байланысты топтарға неме- се фракцияларға біріктіреді. Осы фракциялардың пайыздан үлесі топырақтың механикалық немесе гранулометрлік құрамы деп ата- лады.
Қазіргі кезде Качинскийдің элементар топырақ түйіршіктерінің классификациясы қолданылады (3-кесте).
кесте