Эмили медициналық орталығЫ



Дата11.05.2023
өлшемі2,12 Mb.
#176422
түріҚұрамы
Байланысты:
ЭМИЛИ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ

ЭМИЛИ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ

ТАҚЫРЫБЫ- «Топырақ қасиеттерінің гигеналық маңызы топырақтың өзін-өзін тазартуында.Топырақтың химиялық құрамы»

Дайындаған-Шалабай Аяна,Серикова Диана

Топ «1СД1»

Ғылыми жетекшісі-Ақжан Нұрсейітқызы

«Жер құнары-топырақ»

Зерттеу әдістемелігі.

Зерттеу орны- «Шығанақ ауылы»

Зерттеу субьектісі-Шығанақ ауылының тұрғындары.

Жоспар

  • Кіріспе
  • Негізгі бөлімі
  • Мақсаты мен міндеті
  • Нәтиже
  • Қорытынды

ТОПЫРАҚ

  • Топырақ — бұл Жердің өсімдік өсетін үстіңгі қабаты.Өсімдіктердің, жануарлардың (әсіресе микроорганизмдердің), климат жағдайларының және адамдардың әсерімен өзгерген жер бетінің үстіңгі борпылдақ қабаты. Топырақ бойында құнарлылық қасиеті, яғни өсімдіктерді сумен, басқа да қоректік элементтермен қамтамасыз ететін қабілеті болады.

Топырақтың құрамы

  • Механикалық құрамы (топырақ түйіршіктерінің мөлшері) бойынша топырақ құмды, құмдақ сазды және саз топырақ болып бөлінеді. Жасы мен генезисі бойынша — қыртысты күлгін топырақбатпақты топырақормандық сұр топыраққара топыраққоңыр топырақкүрең топырақ, тағы басқалар болып бөлінеді. Топырақтың жер бетінде таралуы зоналық (горизонтальды және вертикальды) заңдылыққа байланысты

Топырақты құрайтын бөлшектер

  • Топырақты құрайтын бөлшектер әр түрлі болады, 2 – 3 мм- ден басталып 0,01-0,001мм-ге дейін. Топырақты құрайтын бөлшектеріне байланысты топырақ түрі анықталады. Құмды топырақтың 90% -дан астамы құмнан тұрады, батпақты топырақтың 50% -дан астамы батпақтан тұрады. Органикалық заттарға бай топырақтар да болады, оны торфты топырақ дейді. Топырақтың түрі ол жерден үй және басқа да бір ғимараттар салуға жер таңдағанда маңызды рөл атқарады. Топырақты құрайтын бөлшектердің көлемі топырақтың борпылдақтығы деп аталады. Топырақ - литосфераның жоғарғы әуе қабатымен байланысатын қабат, бүкіл биосферадағы тіршіліктің тірегі. Топырақ ғасырлар бойы топырақ түзуші факторлардың үздіксіз әрекетінен пайда болған табиғаттың ерекше табиғи, әрі тарихи денесі.

Тәжірбие кезінде

  • Тәжірибе кезінде қолданылатын топырақтың маңызды қасиетінің бірі ол өзін-өзі тазалау қасиеті. Топыраққа түскен қатты және сұйық қалдықтар органикалық заттарға бай болады, сонымен қатар олардың құрамында жұқпалы ауру қоздырғыштары мен гельминт жұмыртқалары да көп болады. Егер елдімекенді тазарту дұрыс ұйымдастырылмаған болса, ол жердің топырағы ластанады. Топырақтың құрамына органикалық заттардың көп мөлшерде түсуі оларда шіру процесінің белсенді жүруіне, соның салдарынан ауаны ластайтын жағымсыз иістің шығуына әкеліп соғады. Топырақтың құрамына түскен патогенді микроорганизмдер жер бетіне жақын жатқан жер асты суларын, өсімдіктерді ластайды және шыбындар, кеміргіштер және топырақ шаңы арқылы жан жаққа таралады. Қазіргі ғылыми – техниканың, химия мен атомдық энергетиканың дамуына байланысты топырақтың зиянды химиялық заттармен және радиоактивті заттармен ластану қаупі артып отыр. Топырақты атмосфералық ауадан тұнатын зиянды заттар, қатты қалдықтар, суландыру алаңдарына және сүзу алаңдарына зиянсыздандыру үшін жіберілген өндірістен шығарылған қалдық сулар ластайды.

Мақсаты мен міндеті

  • Шығанақ ауыл тұрғындарының топырағына зерттеу жүргізу, зерттеу нәтижесінде ауылдық топырақтың құрамын құрылысын бақылау. Қандай жағдайда қолданатынын, қалай пайдалану, қандай жағдайда көп сұранысқа ие екенің білу жәнеде ауыл тұрғындарына қандай пайдасын беретінің білу.

Нәтиже

Сонымен алғашқы тірі организмдер сужел және мұздар мен бірге Жердің тасты қыртысын бұзып, өздері өлгеннен кейін шіріп қарашірінді құрады. Шырын желім тәрізді болғандықтан қопсыған үгітілген жыныстарды бір-бірімен жымдастырып, біріктірді, сөйтіп алғашы құналы аздау топырақтар пайда бола бастады. Бұл құбылыстар ғасырлар бойы созылып алғашқы микроорганизмдермен төменгі сатылы өсімдіктер өздерінен кейінгі дамып өсетіндерге жағдай жасады.

Тау жынысының үгілуінен бөлінетін қоректік заттардың бір бөлігі енді топырақтың тіршілік көзі болып саналатын организмдер бойына ауыса бастады. Ал олар өліп, ыдыраған кезде, топырақтың жоғарғы қабаттарында және оның белгілі бір тереңдіктерінде қоректік заттарға айналып, топырақ құнарлығын арттырады. Бұл келесі өсетін өсімдіктерге қолайлы жағдай жасайды.

Сонымен араға ғасырлар салған уақыт өте келе алғашқы пайда болған топыраққа айналды, оларда өсетін өсімдіктер, мекендейтін жәндіктер көбейді, төменгі сатыдағы өсімдіктермен қатар, жоғарғы сатыдағы өсімдіктер өсіп, тірі жәндіктер мен жануарлар пайда болды.

Топырақты мекендейтін, онда өсіп-өнетін организмдердің молдығы топыраққа жай ғана әсер етіп қоймай, топырақтағы көптеген қосылысардың бағытына, олардың қасиеттеріне зор ықпал етті.

Қорытынды

  • Қортындылай келсек топырақ адам өміріне қажет құбылыс. Себебі адам топырақпен егін шаруашылығын жасайды, яғни өздеріне пайда жағынан қолданады, жеміс-жидек өсіріп азық ретінде қолданатын болса, ал бір жағынан үй соғуға қолданады. Осылайша ауыл тұрғындары өз жағдайларын жасайды екен.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет