116
117
Өзін-өзі дамытуға ынталандыратын ішкі жағдайларды анықтау,
осы дамудың детерминанты кез келген акмеологиялық зерттеудің
маңызды құрамдасы болуы қажет.
Екінші бағыт бойынша, дамудың қозғаушы күші ретінде тұл-
ғаның өзі алынады.
Үшінші бағыт бойынша, тұлғаны жетілдіру үдерісінің екіжақты
детерминациясы болады: ішкі (əлеуетті ашу) жəне сыртқы (саналы
ұғынатын жəне қабылданатын сыртқы əсерлер). Мұнда əлеуметтік
детерминация жеке деңгейге өтеді.
Акмеологиядағы даму принципі, тұлғаны жетілдіруге, ілгері
дамуға бір бағытты-бағдарлану ретінде түсіндіріледі. Мұнда
адамның дамуы индивид, іс-əрекет субъектісі жəне даралық ретінде
даму тұрғысында жүзеге асырылуы қажет. Акмеологияда дамудың
гетерохронды сипаты бойынша, əзірге үйлесімді даму туралы
сөз болмайды, сонымен қатар көптеген зерттеушілер осы дамуға
ұмтылыстың қажеттілігін атап көрсетеді.
Акмеологиядағы даму принципін қолдану келесі компоненттерді
қамтиды:
• дамуды жетілдіруге, кемелденуге, жоғары деңгейге қозғалыс
ретінде түсіндіру;
• дамудың субъектілік сипатын тану немесе мойындау;
• дамуды субъектінің шешетін қарама-қайшылықтар арқылы
жүзеге асыру;
• дамудың жеке сипаты;
• əртүрлі саладағы дамудың көпжоспарлылығы;
• даму үдерісінде əлеуетті жүзеге асыру.
Акмеологияда тұлғалық дамуды түсіндірудің сипатты белгісі
ретінде, оның мəдениеттің дамуымен байланысы алынады. Сон-
дықтан акмеологияда тұлғаның мəдениеті мəселесі даму нəтижесі
мен өмір сүрудің тəсілі ретінде қойылады.
Келесі маңызды əдіснамалық принцип адамды өзінің ілгері
дамуында индивид, тұлға, іс-əрекет субъектісі жəне даралық ретінде
зерттеудің қажеттілігін қамтиды. Бұл принцип акмеологияның
қалыптасуының қазіргі сатысындағы басты міндетіне байланысты
болады, аталған міндет кəсібилікті тұлғалық көріністердің алуан
түрлілігінде дамытуды құрайды.
Қазіргі заманғы акмеологиялық зерттеулерде, кəсіпқой біршама
дəрежеде индивид жəне еңбек субъектісі ретінде қарастырылады,
аз дəрежеде тұлға ретінде, ең аз шамада – даралық ретінде
қарастырылады. Акмеологияның даму шамасына қарай бұл принцип
толыққанды дəрежеде жүзеге асырылатын болады.
Акмеологиялық зерттеулерде психологияда кең таралған əдіс-
намалық принцип алынады, аталған принципке сəйкес екі тең
объект – адам мен іс-əрекеттің зерттелуі қажет. Басқаша айтқанда,
адамды іс-əрекеттен тыс жəне іс-əрекетті адамнан тыс зерттеуге
болмайды. Акмеологияда аталған принципті жүзеге асыру, аталған
сатыда маңызды акмеологиялық категорияның – «кəсібиліктің»
мазмұнын ашуда жүзеге асырылады. Кəсібилікті оның қасиеттері-
мен диалектикалық бірлікте, тұлғаның жəне іс-əрекеттің кəсібилігі
ретінде қарастыру ұсынылады.
Тұлғаның жəне іс-əрекеттің кəсібилігін жеке, оқшауланған
түрде зерттеу əдіснамалық тұрғыдан дұрыс емес. Алайда, өзін-өзі
жетілдіруді ерекше іс-əрекет ретінде қарастыратын болса, онда
аталған принцип кəсібилік мəселелерімен шектелмейді. Аталған
принципті терең мазмұнына қарай қолдану, арнайы зерттеулерді
талап етеді.
Тəжірибе көрсеткендей, акмеологиялық зерттеу нəтижелерін
талдау, «жекедегі жалпыны» зерттеуден құралатын əдіснамалық
принципке сүйеніп жүзеге асыруды көрсетті. Ол жалпы, ерекшені
жəне бірегейді іздеуде жүзеге асырылады, ол кемелденген
тұлғаның
ілгері
дамуымен
байланысты.
Акмеологиялық
зерттеулерде аталған принцип, кəсібилікті қалыптастырудың жалпы
заңдылықтарын зерттеуде байқалады, сонымен бірге нақты кəсіби
іс-əрекетке тəн заңдылықтарды, кəсіби шеберлікке қозғалыстың
жеке траекторияларын зерттеуде байқалады. Аталған принцип
кəсібиліктің жалпы жəне өзгеше акмеологиялық инварианттарын
анықтауда жүзеге асырылады.
Белсенділіктің əдіснамалық принципі. Өзінің мазмұны ақи-
қаттығы мен мəнділігіне қарай, ол ерекше түсіндіруді талап етеді.
Өзінің бірінші «инженерлік-психологиялық нұсқасында» негіздел-
ген белсенді оператор принципі ретінде, ол акмеологиялық
зерттеулерде əрі қарай дамыды. Аталған принцип көп жағдайда
субъектілік принципінің жекеленген нұсқасы ретінде қарастырылады
жəне кəсібилікке қозғалыс траекториясын анықтауда, тұлғалық-
кəсіби дамудың құралдары мен əдістерін таңдауда еңбек субъектісі-
нің басымдылық рөлін қамтиды.
118
119
Акмеологиялық зерттеулерде тұлғаның ілгері дамуы мен
кəсібилігінде салыстырмалы тұрғыда өзгермейтін, тұрақты
заңдылықтарға ерекше назар аудару қажет. Мұндай тұрақты
заңдылықтарды, қасиеттерді, сапалар мен сипаттамаларды іздеу
инварианттылық принципіне сүйеніп жүзеге асырылуы керек. Атал-
ған принцип кибернетикада құрастырылды, инженерлік психология-
да «адам-машина» инвариантты жүйесін құру үшін қолданылды.
Акмеологияда ол ерекше жағдайларда мамандардың іс-əрекетінің
кəсібилігінің акмеологиялық инварианттары тұжырымдамасын
құрастыру үшін қолданылады. Оның идеясы жалпы жəне ерекшенің
деңгейінде кəсібиліктің ұқсас параметрлерін анықтаудан құралады,
бұл параметрлердің инвариантты сипаты болады (яғни, тəуелсіз).
Басқаша айтқанда, кəсібиліктің құрылымында іс-əрекеттің
өзгешелігіне тəуелсіз барлық кəсіпқойларға тəн құрамдастар бар,
сондықтан кəсібилікті дамыту бірінші кезекте сол құрамдастардан
басталуы қажет.
Гуманизмнің əдіснамалық принципі акмеология үшін маңызды
принциптердің бірі болып саналады. Оны жалпы түрде қолдану,
акмеологиялық білімнің бірінші кезекте адамның мүдделеріне,
оның ілгері тұлғалық жəне кəсіби дамуына бағытталу қажеттілігін
көрсетуге мүмкіндік береді. Акмеологияның міндеті аталған
принципке сəйкес, адамды қоғамның гуманистік талаптары
деңгейіне немесе адамның өзі үшін анықтаған деңгейіне дамытудан
құралады.
Акмеологиялық зерттеулерде жеке сипаты бар акмеологияның
жекеленген əдіснамалық принциптері негізделген жəне сипатталған:
психоəлеуметтік, үйлестіру, прагматикалық, шынайылық жəне т.б.
Белгіленген жалпы жəне жеке əдіснамалық принциптер,
акмеологиялық зерттеулердің əдіснамалық кеңістігін, акмеология-
ның өзгешелігін, бағдарын, оның адамға қатысты тұғырларын,
білімнің аталған саласында əлеуметтік жəне тұлғалық қажеттілікті
анықтайды. Олар объектінің – жоғары деңгейге жетуге бағытталған
дамудың субъектілік сипаты бар дамушы тұлғаның акмеологиялық
өзгешелігін нақтылауға мүмкіндік берді.
Теориялық-əдіснамалық зерттеулер нəтижесінде, шынайы
күйден, тұлға дамуының сапасы мен деңгейінен (кəсібилік)
болашақ идеалды күйге өтуді анықтайтын акмеологияның пəнінің
əдіснамалық моделі құрастырылды.
Модель:
• тұлғаның күйі мен əлеуетінің біріктіруші сипаттамасы;
• оны дамытудың алгоритмдері мен тəсілдері;
• болашақ күйдің бейнесі;
• кері байланыстың бақылаушы механизмдері мен функцияла-
рын сипаттау сияқты компоненттерді қамтиды.
Алгоритм əрекет етудің, дамыту мен байланыстың тəсілдерінің
сипаттамалары мен нұсқаларын біріктіретін, акмеологиялық
заңдылықтардың мəнін көрсететін механизм болып табылады.
Тұлға принципінің акмеология үшін нақты мазмұны мен
мəні, салыстырмалы түрде оның психологияда түсіндірілуімен
ашылады. С.Л. Рубинштейн тұлғалық принципті ұсынып, оны
адамды оқшауланған психикалық функцияларға, қабілеттер мен
күйлерге бөлетін функционализм психологиясына қарама-қарсы
қойды. В.Н. Мясищев бірізді түрде С.Л. Рубинштейннен кейін, осы
принципті өзінің еңбектерінде жүзеге асырды.
Атап өтетін бір жайт, осы принципті психологияда жүзеге
асыру əлі жалғасып келеді, бірақ аяқталмады: қабылдау, ес, ойлау
үдерістерінің өзіндік тұлғалық сипатын ашу қиынға соғады.
Акмеологияда тұлға өзінің дамушы, функционалды күйінде
қарастырылады: тұлғалық принциптің акмеологиядағы ерекшелігі
де осында. Осы принциптің ажырамас ерекшелігі, тұлғаның қызмет
ете отырып, өмір сүрудің басқа жүйелеріне – іс-əрекет, қарым-
қатынас, таным жүйесіне «енуінен» құралады. Сондықтан тұлға-
лық принциптің аталған ерекшелігі, тұлғаның қызметі белгіленген
жүйелердің əрқайсысындағы өлшемдер бойынша жүзеге асы-
рылатын болады. Егер бұл кəсіптер жүйесі болса, акмеологияны
кəсіпқойдың тұлғасы қызықтырады, аса нақты түрде – басқарушы,
педагог, менеджер, мемлекеттік қызметкер тұлғасы қызықтырады.
Акмеология тұлғаны бір мезгілде психологиялық тұрғыда жəне
əлеуметтік-кəсіби оңтайлылық тұрғысында қарастырады.
Əрі қарай, егер психологияда тұлға ілгері дамуда қарастырыла-
тын болса, онда акмеологияда тұлға мақсатты бағытталған, ілгері,
шыңға шығушы дамуда қарастырылады. Акмеологияда тұлғаның
дамуы сатылы-жас ерекшелігінде жəне функционалды-əрекеттік
(кəсіби – кəсіпте даму, кəсіпқой ретінде қалыптасу) жəне ситуативті
(тұлғаны қарама-қайшылықтан тұратын қиын жағдайда дамыту,
немесе позитивті, шешуші, жағдайды оңтайландырушы əсерді
120
121
талап ететін жағдайда) қарастырылады. Тұлғаның акмеологияда
дамуы үдеріс ретінде қарастырылады, бір жағынан, субъектінің
жəне акмеологтың детерминациясын (ішкі детерминация), ал екінші
жағынан – тұлғаны қолдау құралдарын жүзеге асыруы (сыртқы
детерминация) ретінде. Мəселенің мəні осы детерминанттардың
үйлесімін құрудан құралады.
Жалпы субъектілі принциппен салыстырғанда, Б.Г. Ананьев,
К. А. Абульханова-Славская, А. В. Брушлинский, А. А. Деркач,
Е.А. Климов, В.Д. Шадриков жəне т.б. дамытқан субъектілі-əрекеттік
тұғыр, жалпы жəне кəсіби акмеологияны байланыстыратын
принципті құрайды. Бір жағынан, онда акмеологияның жалпы
парадигмасы қамтылған. Егер субъектінің жалпы түсіндіруі тұлғаға
идеалға бағдарлануды беретін болса, онда іс-əрекет субъектісін нақ-
ты түсіндіру, кəсіптегі оптимумға шынайы жетудің психологиялық
жəне акмеологиялық механизмдерін ашады, субъектіге тəн өзін-өзі
реттеу мен өзін-өзі ұйымдастырудың принциптерін ашады.
Субъект принципі акмеология үшін парадигмалы болып
саналады. Тұлға тікелей өзін-өзі жетілдіру, іс-əрекет пен
акмеологиялық технологиялардың субъектісі ретінде, жетілдірудің
субъектісі болады. Жетілдіру мəселесі бір қарағанда қарапайым
болып саналады. С.Л.Рубинштейннің пікірі бойынша, адамның
ішкі мазмұндық əлемі, оның өмірі мен іс-əрекетінің нəтижесі болып
табылады. Дəл соның өзі адамның өзін-өзі жетілдіру мəселесіне
қатысты болады; адам өзін жақсы етпеуі керек, өмірде мақсат қойып,
жақсы нəрсе жасауы керек, ал өзін-өзі жетілдіру тек оның нəтижесі
болып саналады.
Субъектілі тұғыр немесе принцип акмеологияның парадигмасы
болып табылады. Философия тарихында, психология ғылымында
жеделдіктің белгілі дəрежесінде ғасырлар бойы құрастырылған
субъект принципін С.Л.Рубинштейн көпқырлы жəне жүйе құрау-
шы сапада өзекті етті жəне құрастырды. Ол өзін-өзі дамыту, өзін-өзі
анықтау, өзін-өзі жетілдіру қабілеттерін ашты. Субъектінің негізгі
белгісі ретінде, өзін-өзі жетілдіру қабілетін, адамның өз дамуында
жоғары оңтайлы деңгейіне, идеалға жету қабілетін анықтады.
Алайда, С.Л.Рубинштейннің өзін-өзі жетілдіру қабілеті мен
қажеттілігі арқылы субъектіге берген философиялық анықтамасы,
психологиялық жəне акмеологиялық нақтылауды талап етеді.
Тұлғалық өсу пікірі, тұлғаны «жасау» (В.В.Давыдов бойынша),
адамның өзіндік «Меніне» зейінін шоғырландыруды білдірмейді,
өзінің жетістіктері мен кемшіліктерін рефлексивті қайта қарастыру-
ды қамтымайды, өзін-өзі жетілдіруді тікелей өмірлік мақсатқа
əкелмейді. Л.С.Выготский тұлғаны адамзат мəдениетіне баулудың
маңызды міндетін қойды, алайда оны оқыту, үйрету міндеттерімен
теңестірді. Тұлғаны жетілдіру оның адамзат мəдениетін меңгеру
ғана емес, сонымен бірге тұлғаның «мəдени деңгейге» жетуі, яғни
тұлғаның мəдениетті меңгеруі болып табылады. Бұл міндетті тек
субъект өзі шеше алады.
Тұлға үшін субъектілікке жету, алдын ала жоспарланған шектеу-
ге жетуді білдірмейді (тұлғалық мəдениеттің өлшемі акмеологияда
жəне оған жақын бағыттарда құрастырылады), ол өзін-өзі жетілдіруге
деген үздіксіз қозғалысты білдіреді. Осы тұрғыда «Акме» ұғымы
өмірлік қозғалыс пен дамудың соңғы нəтижесін білдірмейді, ол
адамның əрі қарай дамуының жаңа белестері ашылатын шыңды
білдіреді.
Бір мезгілде субъект – бұл автономия, дербестік, бастама жəне
жауапкершілік. А.В.Брушлинский психологияда субъект мəселесіне
арналған монографияның авторы ретінде, тұлғаның əрдайым субъект
болатынын атайды.
Субъектінің акмеологиялық принципінің өзгешелігі эго-
центрлікпен, өзіндік қатынаспен, рефлексиялау қабілетімен,
бастамашылдық пен жауапкершілікті көрсетумен емес, ең алдымен,
əртекті қарама-қайшылықтарды шешумен, яғни К.А.Абульханова
көрсеткендей, тұлғаны субъект ретінде көрсетуде бірінші жəне
негізгі өлшемдермен байланысты болады. Қарама-қайшылықтарды
шешу субъектіге еркіндік, сенімділік, дербестік тəжірибесін
ұсынады, өзінің шамасының деңгейіне жетуге əкеледі.
Мұнда қандай қарама-қайшылықтар алынады? Бұл тұлғаның
күйі, сапасы, даму деңгейі, оны ұйымдастыру мен əлеуметтік
жағдайлармен үйлестіру арасындағы қарама-қайшылық болып
саналады. Мұнда аталған тұлғаның қабілеттері, даралығы,
ерекшелігі, қажеттіліктері жəне қоғам мен өмірдің тұлғаға ұсынатын
талаптары арасындағы қарама-қайшылық алынады. Мұнда тұл-
ғаның генетикалық қаланған қажеттіліктері, оның əлеуеті мен
оларды жүзеге асыру шамасы, өзін-өзі жүзеге асырудың дəрежесі
арасындағы қарама-қайшылық алынады. Бұл тұлғаның қалаулары,
күш-қуаты мен оның нəтижелері арасындағы қарама-қайшылық
122
123
болып саналады. Оларды шеше отырып, тұлға өзінің кемелдігіне
жетеді, субъект сапасына ие болады.
Акмеология үшін субъектіліктің екінші өлшемі ретінде, өзінің
өмір сүруінің ішкі жəне сыртқы жағдайларын игерудің еркіндігі,
тұлға жəне басқа адамдардың арасында қатынастар субъектісі
ретінде оңтайлы қарым-қатынас құру қабілеті алынады.
Тұлғаның субъектілігінің маңызды өлшемі ретінде, «Мен-
тұжырымдамасының» болуы алынады, ол тұлғалық базистік
құрылымы болып саналады, алайда өзінің нақты архитектоника-
сында, өзінің шамасында тұлғаның субъектілігінің шамасы туралы
айтуға мүмкіндік береді. Өз кезінде, С.Л.Рубинштейн өзінің
«Основы общей психологии» еңбегінде тұлғалық құрылымның
негізгі құрамдастарын сипаттап, оның құрамдасына үш параметрді
енгізді: адам нені қалайды (бұл оның қажеттіліктері, мотивтері,
қалаулары), адам не істей алады (оның қабілеттері, мүмкіндіктері,
ресурстары қандай), адам өзі кім (оның дүниетанымы, мінезі жəне
т.б. қандай). Егер қалаулар қабілеттерге сəйкес келмесе, тұлғалық
қарама-қайшылықтар социуммен қарама-қайшылыққа ұласады, ал
мінез қабілеттерді, тілектерді жүзеге асыру бағытында қолдануға
мүмкіндік бермейді. Осы құрамдастарды үйлестіру субъектінің
жоғары мүмкіндіктерін қамтамасыз етеді.
Психоəлеуметтік тұғырдың қазіргі заманғы ғылым үшін
жеткілікті жаңа əдіснамалық сипаты болады, шетелдік еңбектерде
ол тұғыр бұрыннан құрастырылған. Психологияда осы принципті
құрастыруға К.А.Абульханова-Славская қатысты.
Іс-əрекет субъектісі принципі психологияда бірнеше рет жəне
көпдеңгейлі нақтылауға ұшырады. Н.В.Кузьмина құрастырған
педагогикалық жүйені жəне оның функционалды компоненттерін
анықтауға сүйеніп, А.А.Деркач іс-əрекетте (енді тек педагогикалық)
оның түбегейлі функционалды макрокомпоненттерін анықтады:
гностикалық, білім мен қабілеттерді іс-əрекетте операционалды,
нəтижелі қолдану жүйесінен құралатын; жобалаушы, ол іс-
əрекеттің мақсатты сипатымен байланысты, алайда психологияда
тек философиялық жүйе арқылы мақсат, құрал, нəтиже ретінде
сипатталды.
А.А.Деркачтың жобалаушы компонент туралы тұжырымы, іс-
əрекетті жүзеге асыру тəсілдерін, оның болжанатын сатыларымен,
оқиғалармен, жүзеге асыру деңгейлерімен нақты байланыстыруға
мүмкіндік
берді.
Компоненттердің
қатарына
А.А.Деркач
конструктивті компонентті енгізді, оны түсіндірудің негізіне
акмеологиялық тұғырдың мəні алынды: конструктивтілік іс-əрекет
жүйесін жəне субъектінің іс-əрекет тəсілдерін жеделдетуге мүмкіндік
береді, ол іс-əрекеттің ырықсыз, кездейсоқ сипатын қамтымайды,
қателіктер мен «теріске шығаруды» азайтады, іс-əрекетті жүзеге
асырудың «бағасын» төмендетеді.
Іс-əрекеттің ұйымдастырушылық компоненті «іс-əрекет» жəне
«ұйымдастыру» ұғымдарын жақындастырудың əдіснамалық үрдісін
білдіреді. Ол бір мезгілде іс-əрекеттің барлық құрамдастарын,
барлық буындарын реттеу міндетін көрсетеді, сонымен бірге іс-
əрекетті ұйымдастырудың жобалаушы, болжаушы, интеллектуалды
тəсілімен оны практикалық жүзеге асырудың байланысын білдіреді.
Алғаш психология ғылымында теориялық жəне практикалық іс-
əрекетті теңестіру жойылды, ол тек философиялық анықтама
аясында жүзеге асырылды, олардың өзгешелігі, байланыс тəсіл-
дері, іс-əрекеттің практикалық шынайы, онтологиялық мəні ашыл-
ды. Бірқатар еңбектерде іс-əрекеттің практикалық компоненті
орындаушылық компонент ретінде түсіндірілсе де, ол тек когнитивті,
интеллектуалды компонентті жүзеге асыру ретінде қарастырылды.
«Ұйымдастырушылық» ұғымын енгізе отырып, А.А.Деркач
іс-əрекетті жүзеге асырудың практикалық деңгейінде шешілетін
түбегейлі, мəнді міндетті айқындады. Сонымен, автордың
анықтаған коммуникативті компоненті психологияда артып келе
жатқан саналы ұғынуға сəйкес келді, ол ұғыну бойынша іс-əрекет
тек дара субъектінің іс-əрекеті емес, сонымен бірге оның бірлескен
жинақтаушы сипаты болады.
К.А. Абульханова С.Л. Рубинштейннің ой-пікірлері негізінде
субъект категориясын жалпы əдіснамалық тұрғыда түсіндіруді
құрастырып, оның психология үшін түйінді мəнін ашып, іс-əрекет
субъектісі принципін нақтылады.
Біріншіден, іс-əрекет субъектісі — бұл тұлғаның жаңа, қайта
құрылған сапасы, ол тұлғаның психикалық ұйымдасуының барлық
жүйесін толық қайта құруды білдіреді. Субъектінің бұл сапасы
тұлғаның ерекшеліктері, қалаулары, мотивтері, мүмкіндіктері, іс-
əрекет талаптары мен қоғамның оның орындаушысына қоятын
талаптары арасындағы қарама-қайшылықты шешу арқылы
туындайды. Егер сана мен іс-əрекет бірлігі принципінің дамуының
124
125
бірінші сатысында тұлғаның шығармашылығы, бастамасы арқы-
лы туындайтын мінезі атап көрсетілсе, осындай іс-əрекеттің
психологияның зерттеу пəні ретінде саналғаны атап көрсетілсе
(А.В.Брушлинский), онда шынайылықты мағыналау, осы оптимис-
тік формуланың шектелуіне ғана емес, сонымен бірге тұлғаның іс-
əрекетті ұсынбайтыны, іс-əрекеттің тұлғаны ұсынбайтыны туралы
пікірді түсіндіруге əкеледі, сонымен бірге іс-əрекет субъектісі
ішкі жəне сыртқы детерминацияның арақатынасын, еркіндік
пен қажеттілікті, реттеуді, нормативтілікті, стандарттауды жəне
даралауды табады. Субъектінің қызметі қазіргі іс-əрекеттегі (аталған
уақытта жүзеге асырылатын) қарама-қайшылықты жəне өзінің
əрекеттік-кəсіби өмірінің бойындағы қарама-қайшылықты шешуден
құралады.
К.А.Абульханова-Славская былай жазады: «Субъект бола
отырып, тұлға іс-əрекетті ұйымдастырудың жеке тəсілін құрады.
Бұл тəсіл тұлғаның сапаларына, оның іс-əрекетке қатынасына
(мақсатты болжау, мотивация), талаптарына жəне іс-əрекет түрінің
объективті сипаттамаларына жауап береді. Іс-əрекет тəсілі аса
оңтайлы интеграл, осы негізгі параметрлердің жиынтығы. Субъект
іс-əрекеттің біріктіруші, орталықтанушы, реттеуші сатысы болып
табылады. Ол өзінің индивидтік, психофизиологиялық, психикалық
жəне тұлғалық мүмкіндіктері, ерекшеліктер жүйесін іс-əрекеттің
жағдайларымен жəне талаптарымен біртұтас үлгіде үйлестіреді.
Субъект ретіндегі тұлға қазіргі кездегі іс-əрекетті реттеуді жүзеге
асырады».
Оқиғаларды, талаптарды, іс-əрекет міндеттерін сəйкестікке
əкелетін мұндай ұйымдасудың негізгі функционалды механизмі
ретінде, бір жағынан, тұлғалық мүмкіндіктер, қабілеттердің күйі,
ал екінші жағынан өзін-өзі реттеу механизмі алынады. Өзін-
өзі реттеудің нəтижесінде жағымсыз күйлер (шаршау, стресс)
жойылады, іс-əрекеттің түйінді жəне шешуші кезеңдерімен жоғары
психикалық шығындар сəйкестікке келеді, іс-əрекет мотивациялық
жəне ерікті механизмдер арқылы қолданады.
Белгілі уақыт бойында іс-əрекетті жүзеге асыру (еңбек, кəсіп),
микроқұрылымдарды анықтауды емес, іс-əрекеттің тұлғалық
кванттарын анықтауды қамтиды. Бұған В.Н.Мясищев анықтаған
тұлғаның іс-əрекетке қатынасы енеді, сонымен бірге тұлғалық
жаңа құрылым ретіндегі даярлық енеді, оның маңызын жалпы
психологиялық жəне акмеологиялық тұғырда А.А.Деркач атап
көрсетеді жəне зерттейді. Бұған тұлғаның қалаулары жатады, оларда
іс-əрекеттің күтілетін нəтижесімен, оны бағалаудың өлшемдерімен
тамсану, алынған нəтижемен субъектінің қанағаттануы-қанағат-
танбауы қамтылады. Осы кезге дейін психологияда іс-əрекеттің
нəтижесін бағалауда объективті-əлеуметтік тұғыр басым болды,
тек соңғы жылдары бірқатар авторлар субъективті қабылданатын
нəтиже ұғымын ұсынды. Субъект категориясы тұлғаның іс-əрекетке
қатысты өмірлік-маңызды жəне ынталандырушы-мағыналық
сапаларын – бастамашылдық пен жауапкершілікті ашады. Өз
кезегінде жауапкершілік іс-əрекеттің кешенді реттеуші механизмі
ретінде анықталады, бір мезгілде тұлғаның ерекше əрекеттік
сапасы ретінде анықталады. Жауапкершілік күтпеген қиындықтарға
қарамастан, белгілі уақыттың бойында іс-əрекеттің белгілі деңгейін
жəне сапасын тұлғаның сақтаудағы кепілдігі болып саналады.
Психологияда, еңбек психологиясында жəне іс-əрекет тео-
риясында оның анықтамалары құрастырылды, олар əлеуметтік
нормативті өлшемдерге – сенімділік, тиімділік, күш-қуаттың көлемі
жəне т.б. жауап беретін, адамның іс-əрекетті орындаудың сапасын
тіркейді. Осы параметрлерді қамтамасыз ету, тұлғалық кепілдік
берудің тəсілдері қайта талданды, бұл кəсіби маңызды сипаттама-
лар мəселесін тұлғаның «табиғи» қабілеттері мен оның сапалық,
кəсіптік жүзеге асыруға бейімделген қасиеттері арасындағы аралық
құрылым ретінде құрастырудағы маңызды жəне жаңа қадамды
құрады.
Бұдан басқа, К.А.Абульханова-Славская ұсынған «міндеттер»
жəне іс-əрекет «стратегиясы» ұғымдары дамыды, олар бір жағынан,
іс-əрекетті кванттаудың тұлғалық тəсілін, оның жағдайларын,
талаптарын, уақытын айқындаудың мəнін ашады, ал екінші жағынан,
стратегияларды іс-əрекетті жүзеге асырудың бағдарламасы ретінде
құруды ашады, оларда алуан түрлі міндеттердің буындары мен
бірізділіктері логикалық түрде байланысады.
Іс-əрекетті жүзеге асыру стратегиясы ұғымы, субъектінің іс-
əрекетін уақыт бойынша ұйымдастырудың маңызды мəселесін
біртұтас көтеруге мүмкіндік берді, ол іс-əрекеттің тиімділігінің,
еңбек өнімділігінің бірінші көрсеткіші болып табылады.
Акмеология үшін іс-əрекеттің маңызды субъектілі-тұлғалық
сипаттамаларының қатарында, «кəсібилік», «шеберлік» жəне
|