146
147
беру кеңістігінде студенттердің акмеологиялық мəдениетін тиімді
дамытуды қамтамасыз ететін акмеологиялық технологиялары ендіру
жəне жүйелі қолдану қажет. Осындай акмеологиялық технология-
лар жүйесі студенттерді оқытудың бүкіл кезеңін қамтуы қажет.
Іріктеу кезеңінде абитуриенттердің акмеологиялық мəдениетінің
деңгейін диагностикалау, болашақ студенттердің өзін-өзі өзектілеу
(өзіндік дамыту қажеттілігінің көрінбеуі), өзін-өзі жетілдіру
(тұлғалық, субъектілі жəне дара дамудағы үйлесімсіздік), өзін-
өзі жүзеге асыру (толық емес немесе шынайы емес өзіндік жүзеге
асыру) саласындағы қиындықтарын анықтауға мүмкіндік береді.
Кіріспе диагностикалау барысында алынған нəтижелер,
білімгерлерге акмеологпен (оқытушы) бірлесіп оқытудың бас-
тапқы сатысында, акмеологиялық мəдениетті дамытудың пси-
хологиялық негізделген стратегиясын құруға, оны дамытудың дара
траекториясын құрастыруға, акмеологиялық мəдениетті жүзеге
асыруды қамтамасыз ететін, біліктер-құзырлылықтар жүйесін
қалыптастыру бойынша, бірінші кезектегі жəне перспективті
міндеттерді анықтауға мүмкіндік береді.
Мамандыққа жəне мамандануға тəуелсіз, студенттерді оқыту
бағдарламасына психологиялық-акмеологиялық пəндерді ендіру,
студенттердің психологиялық-акмеологиялық ағартуын қамтама-
сыз етеді, олардың акмеологиялық сауаттылығын акмеологиялық
мəдениеттің дамытудың бірінші сатысы ретінде қалыптастыруға
мүмкіндік береді.
Студенттердің түзетуші-дамытушы бағдарламасына қатысуы
(аутопсихологиялық
тренингтер,
рефлепрактикумдар
жəне
т.б.), эксплицитті жəне имплицитті тұлғалық құзыреттіліктерді
қалыптастыруды жеделдетуді, сонымен бірге акмеологиялық
құзыреттілікті қалыптастыруды жеделдетуді қамтамасыз етеді,
бұлар өз кезегінде білімгерлерге өзін-өзі өзектілеу, өзін-өзі жетілдіру,
өзін-өзі жүзеге асыру саласындағы міндеттерді аса тиімді шешуге
мүмкіндік береді.
Білім беру кеңістігінде акмеологиялық мəдениетті дамытуды
оңтайландыру, оның озық ментальды жəне құндылықты құрылым-
дық компоненттерін қалыптастырумен байланысты, бұл өз кезе-
гінде технологияны оқыту үдерісінде рефлексивті диалогты бел-
сенді қолдануды жəне түзетуші-дамытушы бағдарламалардың
мазмұнын тереңдетуді талап етеді.
Сонымен, оқытушылар студенттердің акмеологиялық мəде-
ниетінің деңгейін, оны дамытудың шарттары мен жолдарын анықтай
отырып, сонымен бірге өзін-өзі өзектілеу, өзін-өзі жетілдіру, өзін-
өзі жүзеге асыру міндеттерін шешуде қиындықтарды жеңуге
көмек беріп, студенттерге акмеологиялық қолдау көрсетуі керек.
Акмеологиялық қолдау үздіксіз акме-бағдарланған өзіндік
өзгерістерге деген қажеттілікті өзектілеуге, өзіндік дамыту үдері-
сінде олардың креативтілігін арттыруға, өзін-өзі жүзеге асырудың
сыртқы мақсаты ретінде, жоғары идеалдарды қалыптастыруға,
өзіндік дамыту құндылықтарын тұлғалық мəнге айналдыруға ықпал
ететін болады.
Адам туралы қалыптасқан ғылымдарға қатысты акмеологияның
бірінші кезекте болуы, оның адамның бүкіл өмірлік жəне кəсіби
жолын зерттейтінімен анықталады, мұнда акмеология жетілдіру
жəне түзету мəселелерін зерттейді (жағымсыз таптаурындарды бұзу
тəсілдері жəне өндірістік міндеттерді шығармашылықпен шешуді
қамтамасыз ету). Акмеология адамның кəсібиліктің шыңына өзі
жететініне сүйенеді.
Акмеологияның кешенді, гуманистік бағыттағы, іргелі-қол-
данбалы сипаттағы интегративті ғылым ретінде дамуы барысында,
педагогтің акмеологиялық мəдениетін дамытуды тұлғалық-кəсіби
өсуде өзін-өзі жүзеге асырудың оңтайлылығына, өзіндік дамытуға,
өзін-өзі жүзеге асыруға ықпал ететін жаңа міндеттері қою мен жаңа
мүмкіндіктерді шешу үшін зерттеу өзекті болып саналады.
Акмеологиялық мəдениет күрделі ұғым болып табылады, оны
саналы мағыналау əртүрлі тұғырларда жəне алуан түрлі тұғырларды
қолдану арқылы жүзеге асырылуы керек.
Акмеологиялық мəдениеттің дамуының жоғары деңгейі, өзін-
өзі дамыту үдерісін өмірлік құндылық ретінде саналы мағыналауға
мүмкіндік береді, сонымен бірге адамның өзіндік «Менін» өмір
сүру барысында өзін-өзі жетілдіру мен өзін-өзі жүзеге асырудың
жағдайларын құру арқылы тануға, өзектілеуге, шығармашылықпен
көрсетуге мүмкіндік береді.
148
149
2.3 Жастық шақ кезеңінде тұлғаны акмеологиялық
дамытудың мəні, мазмұны жəне құрылымы
Тақырыптың негізгі ұғымдары: акмеологиялық дамыту, өзін-
өзі ұйымдастыру, өзіндік білім алу, өзіндік бақылау, «Кəсіби идеалды
Мен», «Кəсіби шынайы Мен», «Мен тұжырымдамасы», өзін-өзі
тану, өзіндік қатынас, өзін-өзі реттеу, өзін-өзі басқару, өзіндік сана,
өзіндік дамыту.
Қазіргі қоғамда болып жатқан əлеуметтік-экономикалық жəне
саяси өзгерістер, барлық əлеуметтік топтарға, соның ішінде жастар
қауымына да əсер етеді. Жастардың мінез-құлқы аталған топқа тəн
мінез-құлық сапаларымен, сонымен бірге олардың қоғамда алатын
орнымен негізделген: психикалық жылдамдық, интеллектуалды
ұтқырлық, эмоциялардың ақыл-ойдан басымдылығы. Жастардың
тұлғалық жəне əлеуметтік нормаларын қалыптастыру мен меңгеру,
олардың мінез-құлқын əлеуметтік-психологиялық реттеу мəселесі-
нің ерекше мəні болады, себебі жастар қоғамның жарқын болашағын
білдіреді, оның мүмкіндіктері мен мəселелерін айқын көрсетеді.
Қазіргі кезде акмеологияның, психология жəне педагогика
ғылымдарының алдына, білім берудің əлемдік жүйесінің уақытынан
бастап, алғаш рет жастық шақ кезеңінде тұлғаны оңтайлы дамыту,
болашақ мамандарды орта білім беру мекемесінде (мектеп), орта
кəсіби білім беру мекемесінде (колледж) жəне жоғары кəсіби білім
беру мекемесінде (ЖОО) оқыту кезеңінде тұлғалық жəне əлеуметтік-
кəсіби құзыреттіліктер кешенін жетілдіру міндеттері толыққанды
түрде қойылып отыр.
Акмеологияда нақты адамның кəсібиліктің шыңдарына жетудің
тиімді факторы, оның кəсіби нəтижелі іс-əрекетінің міндетті
элементі ретінде, шығармашылық əлеуетті дамыту қабілеті мен
өзін-өзі жетілдірумен белсенді жəне нəтижелі шұғылдану қабілеті
қарастырылады. Іс-əрекеттің кез келген саласында тұлғаны кəсіби
өзін-өзі жетілдіру, көп жағдайда оның кəсіби құзыреттілігінің
деңгейін анықтайды.
Жастық шақ кезеңінде тұлғаны акмеологиялық дамытудың
қажеттілігі, бірқатар себептермен негізделеді, ең алдымен: қазіргі
жағдайда акмеологиялық дамудың рөлі мен мəнінің артуымен;
психологиялық жəне əлеуметтік сипаттағы мəселелерді шешуде
акмеологияның құбылыстарының кең таралуымен; жастық шақ ке-
зеңінде тұлғаның іс-əрекетінің нəтижелілігін арттыру қажеттілігі-
мен; жастар мен педагогтардың тұлғалық-кəсіби сапаларын
жан-жақты дамыту жəне өзіндік жетілдіру, өзін-өзі тану, өзін-өзі
көрсетудің құралы ретінде, олардың тұлғасын акмеологиялық
дамуын оңтайландырудың қажеттілігіне негізделеді.
Өзін-өзі ұйымдастыру, өзіндік білім алу, өзін-өзі бақылау,
білімгерлер үшін маңызды қарама-қайшылықты шешудің құралы
болып табылады: білімгерлердің санасында қалыптасқан «Кəсіби
идеалды Мен» жəне «Кəсіби шынайы Мен» бейнелерінің арасын-
дағы, олардың кəсіби өзін-өзі жетілдірудің құралдары ретінде
болады. Кəсібиліктің аса жоғары деңгейіне олар шығармашылық
əлеуетті жүзеге асыру арқылы, инновацияға деген қабілет арқылы
жетеді.
Болашақ мамандардың объективті өзін-өзі бақылау қабілетінің
маңыздылығын атап өткен жөн. Оның даму деңгейіне, өз
еңбегінің шынайы жəне əлеуетті нəтижелері туралы ұғымдардың
адекваттылығына, кəсіби өзін-өзі дамытудың тиімділігі, оның кəсіби
іс-əрекетінің тиімділігі байланысты болады.
Адамның тұлғалық əлеуетін белсендірудің басты психоло-
гиялық-акмеологиялық шарттарының бірі ретінде, оның ауто-
психологиялық құзыреттілігі алынады, ол өз кезегінде адамның өзі
туралы білім жүйесін, сонымен бірге, өзін-өзі дамыту мен өзін-өзі
жетілдірудің ішкі резерві ретінде, өзін-өзі тану, өзін-өзі реттеу жəне
өзін-өзі жүзеге асыру деңгейін арттырудағы біліктер мен дағдылар
жүйесін, тұлғаның өзіндік психикалық ресурстарын дамыту жəне
қолдану қабілетін, іс-əрекет үшін өзінің ішкі күйін өзгерту арқылы
қолайлы жағдай құруды, күтпеген жағдайлар туындағанда қайта
құруды, маңызды нəтижелерге жетуге деген ерікті бағдарды құруды
қамтиды. Аутопсихологиялық құзыреттілік тұтас алғанда, өмірді
жəне кəсіби іс-əрекетті өзіндік ұйымдастырудың оңтайлылығын
қамтамасыз етеді.
«Мен-тұжырымдамасы» – бұл «өзіндік» үдерістердің заң-
дылықтарын түсінудің ішкі шарты: өзіндік бағалау, өзін-өзі анықтау,
өзін-өзі реттеу, өзін-өзі жүзеге асыру, өзіндік іс-əрекет ету, өзін-өзі
ұйымдастыру жəне өзін-өзі теңестіру.
Субъектінің «Мен-тұжырымдамасының» қалыптасу жəне даму
үдерісі, көпжүйелі үдеріс ретінде болады. Жүйелілік принципі
тұрғысында, субъектінің «Мен-тұжырымдамасының» қалыптасуы
150
151
жəне дамуы көпқырлы ғана емес, сонымен бірге көпнұсқалы үдеріс
болып табылады.
«Мен-тұжырымдамасы» феномені келесі қырларда зерттеледі.
Біріншіден, субъектінің енгізілетін белгілі жағдаят контексінде
зерттеледі. Мұнда зерттелетін феноменнің мазмұны мен дина-
микасының негізі алынады. Бұл тұрғыда С.Л. Рубинштейн
атап көрсетеді: «жағдаятқа енгізілген адамда оны жағдаяттың
шекарасынан шығаратын нəрсе болады. Жағдаят – бұл тек оның
əрекетін анықтайтын компоненттердің бірі. Өзінің мəні бойынша,
кез келген жағдаят проблемалық болып табылады. Бұдан – адам-
ның жағдаяттың шекарасынан үнемі шығуы, ал жағдаяттың өзі
қалыптасу болып саналады. Менің адами болмысымның құрылымы,
оның күрделілігі мен динамикасында айқындалады. Менің əрекетім
мені белгілі бір аспектіде теріске шығарады, ал басқа бір аспектіде
мені қайта құрады, айқындайды жəне жүзеге асырады. Соған сəйкес,
«адамның «менінің» əртүрлі аспектілері түсіндірілуі мүмкін»
(С.Л.Рубинштейн). Екіншіден, белгілі формадағы белсенділігі бар
субъектінің көзқарасы тұрғысында зерттеледі. Мұнда зерттелетін
құбылыс əртүрлі модальды тұтасты құрайтын, өзінің өмір сүруінің
ішкі жағдайларының бірлігі ретінде алынады (А.В.Брушлинский).
Үшіншіден, зерттелетін құбылыс тікелей қатысты болатын
психикалықтың ғарыштық модальдығында қарастырылады. Мұнда
унимодальды тұтастың бір қыры немесе сəті ретінде болатын
феноменнің өзгешелігі мен бірегейлігі тіркеледі.
Зерттеу
бағдарламасының
проблемалық
өрісі
кешенді
зерттеулердің бес негізгі бағытын қамтиды.
Бірінші бағыт – «Мен-тұжырымдамасының» тұлғаның мəндері,
идеалдарымен, құндылық бағдарларымен, базалық сенімдерімен,
жоғары рухани мақсаттарымен, бағдарларымен, қабілеттерімен,
кəсіби құзыреттіліктерімен, кəсіби маңызды сапаларымен, сонымен
бірге тұлғаның өзіндік бейнесімен, бірдейлігімен жəне «Біз-
тұжырымдамасымен» өзара байланысы.
Екінші бағыт – «Мен» модальдықтарының даму корреляттарын
құру: кəсіби «Мен», рухани «Мен», əлеуметтік «Мен», шығар-
машылық «Мен», рефлексивті «Мен», ерікті «Мен»; олардың
арақатынасын «Мен-тұжырымдамасы» құрылымында анықтау:
«Мен-тұжырымдамасы» құрылымында дамудың əлеуметтік-
психологиялық негіздерін, өзін-өзі тануды, өзіндік бейнесін,
өзін-өзі құрметтеуді, өзіндік құндылықты, өзін-өзі қабылдауды,
кəсіби жəне этникалық бірдейлікті анықтау; субъектінің «Мен-
тұжырымдамасының» құрылымдық ұйымдасуының типтерін
айқындау.
Үшінші бағыт – «Мен-тұжырымдасын» құрылымдық-функцио-
налды ұйымдасуының, іс-əрекеттің тиімділік деңгейі мен оларды
қамтамасыз ететін факторлардың деңгейлерінің өзара əсері; «Мен-
тұжырымдамасы» жəне шығармашылық үдеріс ретіндегі кəсіби
іс-əрекеттің өзара тəуелділігі; кəсіби шеберлік жүйесіндегі «Мен-
тұжырымдамасы» жəне өзіндік сананың дамуы; жоғары-, орта-,
аз нəтижелі мамандардың «Мен-тұжырымдамасының» мазмұнды
сипаттамасындағы айырмашылықтарды акмеологиялық талдау;
«Мен-тұжырымдамасының», өзіндік бейненің, тұлғаның бірдейлігі
мен субъектілігінің даму үдерісінің акметектоникасы.
Төртінші бағыт – тұлғаның өзіндік «Мен-тұжырымдамасын»
өзіндік құру мен шыңдағы даму ортасын құрудың жолдары;
оның онтогенездегі қалыптасуы мен дамуын оңтайландыру
(қиындықтарды талдау, өзін-өзі жетілдіру резервтері, кəсіби, жас
жəне өмірлік дағдарыстарды жеңу); тұлғаның өмірде өзін-өзі жүзеге
асыруға шығармашылық дайындығының шарттарын анықтау;
қарастырылатын үдерістің психологиялық-педагогикалық жəне
акмеологиялық қамтамасыз етілуінің алгоритмдерін құрастыру
жəне тəжірибеден өткізу.
Бесінші бағыт – жоғары нəтижелі тұлғалардың өмірлік тарихын,
сценарийлерін, стратегияларын талдау; «Мен-тұжырымдамасын»
зерттеу.
Қазіргі кезде жастық шақ кезеңінде тұлғаны акмеологиялық
дамыту мəселесі, философиялық, əлеуметтанушы, əдіснамалық,
психологиялық, акмеологиялық тұрғыда толыққанды шамада
зерттелмеген мəселе болып саналады. Психологияда тұлғаны
дамытудың басты детерминанттары ретінде, тұқым қуалау пен орта
алынады. Алайда тұлғаны дамыту үдерісі көптеген факторлар мен
шарттардың болуы жағдайында, біржақты жəне тепе-тең жүзеге
аспайды.
Акмеологиядағы тұлғаның дамуын зерттеу ерекше орын алады,
себебі ол біршама дəрежеде тұлғаны оңтайлы дамытудың шарттары
мен факторларын зерттейді. Бұдан басқа, тұлғаны дамыту, оның
жастық шақ кезеңіндегі оқу-кəсіби іс-əрекетінің құрамдас бөлігі,
152
153
қазіргі жағдайдағы болашақ кəсіби маманның тұлғасын дамытудың
маңызды шарты болып табылады.
Акмеологиялық тұғырдың аясында, қарастырылатын үдеріс,
аталған мəселені кешенді зерттеуде байқалады, бұл үдеріс
проблемалық-интегративті, біртұтас, субъектілі-акмеологиялық
жəне рефлексивті-акмеологиялық тұрғыда тұлғаның жастық шақ
кезеңінде дамудың бағытын анықтайды, қойылған мақсаттарға
сəйкес тұлғаның дамуының бағыттылығын, оның ішінде ілгері
тұлғалық дамуға бағдарын, оның даралығына көтерілуді анықтайды.
Жастық шақ кезеңінде тұлғаның акмеологиялық дамуы барысында,
оның мазмұны жəне тұлғаны дамыту бағыттары, аталған үдерістің
басқа субъектілерінің даму бағыттары өзгереді.
Жастық шақ кезеңінде тұлғаның акмеологиялық дамуы,
студенттер мен оқытушылардың өзара əрекеттестігі үдерісінде,
осы үдерістің басқа субъектілерінің өзара əрекеті үдерісінде жүзеге
асырылады. Жастық шақ кезеңінде тұлғаны дамытудың мəні, тұлға-
ның психикалық дамуының нəтижесі, адамды социумға əрекетті
субъект ретінде көрсететін, тұлғаның көпжоспарлы белсенді
шығармашылық іс-əрекеттегі субъектілі қорын, интеграциялық
түрде өзін-өзі жүзеге асыру үдерісі болатын, жинақталатын,
меңгеретін адамзат əлеуетін жүзеге асыруды қамтиды. Бұл тұрғыда
өзін-өзі жүзеге асыру, жастық шақ кезеңінде тұлғаның мəнді
сипаттамасын білдіреді, оның ашық шекарасы бар құндылықты
дамыту-өзін-өзі дамыту ретінде, белгілі тұтастықты жүйелі орындау
ретінде анықтайды, мұнда өзін-өзі дамыту полюсі көрінудің əртүрлі
дəрежесіндегі өзін-өзі жүзеге асыру полюсімен үнемі «теңестіріледі».
Мұнда өзін-өзі жүзеге асыру аясында тұлғаның өзіндік бейнесін
дамыту-өзіндік дамыту үдерістері жүзеге асады, өзін-өзі жүзеге
асыру акмеологиялық дамудың орталық жаңа құрылымы ретінде
болады.
Акмеология тұрғысында жастық шақ кезеңінде тұлғаның
акмеологиялық дамуы, онтогенез үдерісін құрайтын дербес ерекше
үдеріс болып табылады, сонымен бірге тұлғаның оқу-кəсіби іс-
əрекетте көп сатылы, деңгейлі түрде жүзеге асыруы барысында,
бір мезгілде жаңа өзін-өзі жүзеге асыру қажеттілігі туындайды
(құрылымы, мазмұны, айқындалу жəне қамтамасыз ету дəрежесі
бойынша өзгеретін), бұл өз кезегінде жаңа құрылымның – тұлғаның
өзіндік «Менін» өзіндік саналы ұғыну ретіндегі өзін-өзі ашуға
дайындықтың пайда болуына əкеледі (өзін-өзі тану, өзін-өзі анықтау,
өзін-өзі бағалау, өзін-өзі қабылдау, өзіндік қатынас).
Жастық шақ кезеңінде тұлғаның акмеологиялық дамуы
барысында, оның құрылымы қалыптасады, яғни компоненттердің
жиынтығы қалыптасады, онда кез келген компонент басқалармен
үйлесімді түрде өзара байланысты, адамның даралыққа қозғалысы
ретінде тұлғалық дамуын негіздейді, болашақ кəсіби іс-əрекеттің
сценарийін қалыптастырады. Жастық шақ кезеңінде тұлғаның
акмеологиялық дамуының құрылымында, келесі компоненттер
айқындалған: тұлғаның өзін-өзі ашуға дайындығы жəне өзін-өзі
жүзеге асыру қажеттілігі.
Жастық шақ кезеңі – өмірдің мəнін жəне оның мақсаттарын
саналы ұғынуды қамтитын, тұлғаны қалыптастырудың жауапты
кезеңдерінің бірі (Г.С.Абрамова, В.А.Алексеев, Е.Л.Волкова,
И.В.Дубровина, Н.С.Кон, И.Ю.Кулагина, А.В.Мудрик, B.C.Мухина,
A.M.Прихожан, А.Л.Савенков, Д.Л.Фельдшгейн жəне т.б.). Көптеген
зерттеушілердің пікірлері бойынша, жастық шақ кезеңі, өзіндік
сенімдерді жəне өзінің өмірлік жолын дербес құру шеберлігін
қалыптастырудың басты кезеңі болып табылады.
Tұлғаның қалыптасуындағы субъектілік мəселелерін отандық
ғалымдар Ж.Ы. Намазбаева, А.Р. Ерментаева.
A.Р. Ерментаева тұлғаны оқыту, тəрбиелеу, дамыту мəселелерін
жоғарыдан кейінгі білім беру саласы жағдайында қарастырудың
маңыздылығын сөз етеді. Осыған байланысты ол «өзіндік даму»,
«өзіндік жетілу», «дербестік», «белсенділік» сияқты тұлғаның
субъектілігін сипаттайтын ұғымдарды қолдану қажеттілігін айтады.
Акмеология жəне психологияның ресурстарын тұлғаны
қалыптастыру жəне дамыту үдерістерінде, жастық шақ кезеңінде
тұлғаны дамытудың жағымсыз сценарийлерінің алдын алуда,
жастардың субмəдениетінің асоциалды түрлерінің құндылықтарын
алдын алуда, олардың жастарға жағымсыз əсерін азайтуда, жастар-
дың əртүрлі субмəдениетті таратушылардың қызығушылықтарын
үйлестіруде тиімді қолдану қажет.
Əлем дамуының қазіргі кезеңі, əлеуметтік-экономикалық
өзгермелі жағдайларда өзін-өзі жетістікпен жүзеге асыруға қабілетті
кəсіби ұтқыр мамандарға деген қажеттіліктің артуымен сипатталады.
Əртүрлі бейіндегі жəне жастағы мамандардың тұлғалық-кəсіби
даму мəселесі, акмеология саласындағы зерттеушілердің назарын
қызықтырып келеді (А. А. Деркач, В.Г.Зазыкин, Н.В.Кузьмина,
А.К.Маркова, И.Н.Семенов жəне т.б.). Бұл адам туралы ғылымдарды
154
155
ізгілендірудің жалпы үрдісімен жəне акмеологиялық парадигмадағы
басымдылықтардың алмасуымен байланысты. Зерттеуші сипаттағы
қызығушылық кəсіби қауымдастыққа емес, бірінші кезекте адамға
бағытталған. Тұлға кəсіби жəне тұлғалық тұрғыда өз дамуының
субъектісі болып табылады, мұны тұлғаның өзін-өзі жүзеге
асыру, өзін-өзі өзектілеу, өзін-өзі ретту жəне өзін-өзі жетілдіру
үдерістерінсіз көрсету мүмкін емес (С.Л. Рубинштейн, К.А. Абуль-
ханова, А.В.Брушлинский, О.Б.Москаленко, Е.А.Науменко, Е.Б. Се-
лезнева жəне т.б.).
Үшіншіден, жастық шақ кезеңінде тұлғаны дамыту үдерісін
біртұтас заманауи қоғамның əлеуметтік-мəдени жаңа өрісін дамыту
ретінде оңтайландыру болып саналады.
Акмеологиялық бағытта кəсіпқойдың тұлғалық-кəсіби даму
мəселесі, кадрларды кəсібилендіру, мамандардың нəтижелі
модельдерін, алгоритмдерін, дамыту технологияларын жəне
меңгерілген адамзат əлеуетін жүзеге асыруды құру мəселесі жаңа-
ша тұрғыда шешіледі.
Индивидтің акмеологиялық дамуының негіздерін онтогенез
үдерісін құрайтын дербес үдеріс ретінде, іс-əрекетте көпсатылы
деңгейлі өзін-өзі жүзеге асыру үдерісі ретінде айқындайтын
А.А.Деркач, Э.В.Сайттың еңбектері ерекше зейін аудартады, аталған
үдерістің барысында құрылымы, мазмұны, көріну, қамтамасыз ету
дəрежесі бойынша өзгеретін, жаңа деңгейдегі, жаңа іс-əрекеттегі
қажеттіліктің бір мезгілде туындауы жүзеге асады.
Жастық шақ кезеңінде тұлғаның дамуының осындай мəні,
адамды социумға əрекетті субъект ретінде көрсететін, оның
көпжоспарлы, белсенді шығармашылық іс-əрекеттегі субъектілі
қорын, тұлғаның психикалық дамуының нəтижесі ретіндегі
меңгерілетін, жинақталатын адамзат əлеуетін жүзеге асыруды
қамтиды.
Субъектілі тұғыр бойынша, жастық шақ кезеңінде тұлғаның
акмеологиялық дамуы, оның өзін-өзі жүзеге асыру қажеттілігі мен
өзін-өзі ашуға дайындықтың өзара байланысын өзектілеуді білдіреді.
Мұнда тұлға іс-əрекеттің, өмір сүрудің, қарым-қатынас пен өзін-өзі
дамытудың субъектісі болуы керек.
Жүйелі тұғыр бойынша, тұлғаның акмеологиялық дамуы
біріктіруші,
координациялық,
жобалаушы
жəне
реттеуші
функцияларды орындайтын, өзін-өзі дамытушы жəне өзін-өзі
басқарушы жүйені көрсетеді. Біріктіруші функцияның аясында,
жастық шақ кезеңінде тұлғаның акмеологиялық дамуы, бір салада
табысты түрде тəжірибеден өткізілген сызбаларды, жаңа міндеттерді
шешуге алмастыруды қамтитын, тұлғаның алдында жастық шақ
кезеңінде туындайтын мəселелерді шешу мақсатында, өзін-өзі
жүзеге асыру қажеттілігі мен өзін-өзі ашуға дайындықтың өзара
əрекеттестігін үйлестіреді.
Жастық шақ кезеңінде тұлғаның акмеологиялық дамуының
механизмдері, тұлғаның қалыптасу үдерісін анықтайтын, осы
бағыттан оған əсер ететін, жастық шақ кезеңінде тұлғаның
акмеологиялық даму үрдістері түрінде көрінетін, біртұтас жүйенің
элементтері арасындағы сыртқы жəне ішкі интегративті, объективті,
тұрақты байланыстар ретіндегі жастық шақ кезеңіндегі тұлғаның
акмеологиялық дамуының заңдылықтарын қарастыруға мүмкіндік
береді.
Заңдылықтардың үш тобы анықталған:
– біріншісі – бұл жастық шақ кезеңінде тұлғаны акмеологиялық
дамыту үдерісінің мақсаттарының, мазмұнының, тиімділігінің,
əдістерінің, динамикасы мен басқару үдерісінің заңдылықтары.
Жастық шақ кезеңінде тұлғаны акмеологиялық дамыту үдерісінің
мақсаттары, қоғамның қажеттіліктері мен мүмкіндіктеріне, оның
дамуының деңгейлері мен жылдамдығына, оқыту тəжірибесі
мен педагогикалық, психологиялық ғылымының дамуы мен
мүмкіндіктерінің деңгейіне тəуелді болады; осы үдерістің мазмұны
мақсаттарға, тұлғаның жас мүмкіндіктеріне, оқытудың теориясы мен
тəжірибесінің даму деңгейіне тəуелді болады. Жастық шақ кезеңінде
тұлғаны акмеологиялық дамыту үдерісінің əдістерін құрастыру жəне
қолдану, əдістерді қолданудағы білімдер мен дағдыларға, аталған
үдерістің мақсаты мен мазмұнының тұлғаның жасына сəйкестігіне,
білімді меңгерудегі тұлғаның қабілеттеріне жəне жастық шақ
кезеңінде тұлғаның акмеологиялық дамуына тəуелді болады;
– екіншісі – бұл жастық шақ кезеңінде тұлғаны акмеологиялық
дамыту үдерісін ұйымдастыру заңдылықтары. Жастық шақ кезеңін-
де тұлғаны акмеологиялық дамыту үдерісінің нəтижелері, оқытушы-
ның тəжірибені беруіне, тəжірибені сырттай ұйымдастыруға
тəуелді болады. Аталған үдерістің тиімділігі, оқытушының еңбегін
ұйымдастыру деңгейіне тəуелді болады, оқыту нəтижелері жəне
жастық шақ кезеңінде тұлғаның акмеологиялық дамуы, оқытудың
|