Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен



бет150/297
Дата14.11.2022
өлшемі5,72 Mb.
#158178
түріОқулық
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   297
Байланысты:
Uchebnik Gigiena-kaz yaz (копия)

Азық-түліктің партиясын қарау, оларды сақтау жағдайының гигиеналық талаптарға сәйкес келуін анықтауға, ол азық-түліктер салынған ыдыстары мен буып-түйетін заттарының бүтіндігін, сондай-ақ азық түріне тән емес иісін, зат белгісі болуын және олардың талаптарға сай келуін анықтауға мүмкіндік береді.

  • Буып-түйілген азық-түліктерді ашу. Азықтың әрбір түрінің буып-түйілген өлшем бірліктерінен ашып қарауға жататын белгілі бір мөлшері (саны) нормативтік құжатта (ГОСТ) көрсетіледі. Егер ГОСТ жоқ болса, онда партиясынан 5-10 % өлшем бірлігі ашылады, ал егер аз болса – бәрі де ашылады. Буып-түйген ыдыстары зақымданған және күдік тудыратындары да міндетті түрде ашылатындарға жатады.

  • Органолептикалық зерттеу және азықтың партиясын қарау нәтижелері бойынша сараптау актісін жазу, азықтың бүлінген белгілерін, ластанғандығын, жәндіктер немесе олардың личинкаларының болуын, бөгде иісі және дәмі болуын анықтау мақсатында жүргізіледі.

    Азықтарды органолептикалық зерттеуден кейін, дәрігер азық партияларын қарау нәтижесі бойынша сараптау актісін жазады. Егер алынған ақпарат азықтың сапасы және оның залалсыздығы туралы күдік тудырмаса, онда дәрігер-гигиена маманы қарау актісінің соңында азықты қолдану мүмкіншілігі туралы қорытынды береді. Азықтың сапасы туралы күдік болған жағдайда және жоспардан тыс сараптау жүргізген кезде де, азықтың сынамасын зертханалық зерттеуге жібереді. Тек айқын бүлінген белгілері бар (өте айқын білінетін иісі бар, консистенциясы бұзылған, көгерген, т.б.), қамба зиянкестерімен және басқалармен зақымданған азықтар, зертханалық зерттеуге жүргізбей-ақ бірден жарамсыз деп саналады.

    1. Зертханалық зерттеу үшін сынама алу. Оны санитарлық дәрігер немесе көмекшісі жүргізеді.

    2. Зертханалық зерттеу.

    3. Азықтың сапасы туралы қорытынды жазу. Азықтың партиясын немесе оның бөлігін қарау және зертханалық зерттеу мәліметтері негізінде, азықтың сапасы және қауіпсіздігі туралы қорытынды жазылады.

    Сапасы бойынша тағамдық азықтарды келесі санаттарға бөлу қабылданған:

      • Залалсыз (сапалы) тағамдық азықтар – барлық гигиеналық талаптарға сай, тамаққа қолдану кезінде қауіпсіз. Тамақтану мақсатында қолдануға шектеуі жоқ.

      • Залалды (сапасыз) тағамдық азықтар – гигиеналық талаптарға сай келмейді, тамақтану үшін жарамсыз, себебі, адамның денсаулығы үшін қауіпті немесе тағамға қолдануға кедергі жасайтын қанағаттанарлықсыз органолептикалық қасиеттері (бөгде иісі және дәмі) бар. Оның үстіне, ешқандай өңдеу түрлері бұл азықтардың сапасын жақсартуға және адам денсаулығына қауіптілігін жоюға мүмкіндік бермейді.

    Мұндай азықтарға, мысалы, трихинеллалармен зақымданған етті жатқызуға болады. Мұндай еттерді тағамға қолдану, трихинеллез деп аталатын, жиі өліммен аяқталатын ауыр ауру түрін тудырады. Қара күйемен, зең саңырауқұлақтарымен зақымданған дәнді дақылдардан дайындалған тағамды қолдану ауыр улануларға әкеп соғуы мүмкін. Құрамында пестицидтердің, ауыр металдардың, нитраттардың және басқа да ксенобиотиктердің үлкен концентрациясы бар азықтар да, адам үшін қауіпті болып табылады.

      • Шартты түрде жарамды тағамдық азықтар, тамақтану үшін тек табиғи азықтың сапасы гигиеналық талаптарға сай келмеуіне байланысты, адамның денсаулығына қауіптілігін жоюға мүмкіндік беретін өңдеу жүргізгеннен кейін ғана жарамды болуы мүмкін. Мысалы, шартты түрде жарамды азықтарға, ет тінінде жалпақ таспа құрттың бірлі-жарым плероцеркойды анықталған балықтар жатады. Мұндай балықтарды тағамға қолдануға тек плероцеркоидын өлтіретін қарқынды қайнатып немесе қуырып пісірген жағдайдан кейін ғана қолдануға рұқсат етіледі. Егер, ет тіндері өте көп мөлшерде зақымданған (ластанған) болса, онда жоғары температурада өңдеу тиімді болмауы мүмкін, мұндай жағдайда ондай балықты сатуға (таратуға) тыйым салады.

      • Тамақтық құндылығы төмен тағамдық азықтар барлық гигиеналық талаптарды қанағаттандыра алмайды., бірақ тамақтану үшін жарамды және адамның денсаулығына қауіпті емес. Мысалы, құрамында майы аз сүт, ылғалдылығы жоғары нан.

      • Суррогат тағамдық азықтар – табиғи азықтарды алмастырушы ретінде қолданылатын азықтар. Табиғи азықтарға органолептикалық белгілері ұқсас, бірақ химиялық құрамы басқа және көпшілігінің тамақтық құндылығы да төмен. Мысалы, арпаны күйдіріп, қуырып дайындаған арпа кофесі, құрамына өсімдік майлары енгізілген жеңілдетілген сары май, т.б. Сертификаты болса, бұл азықтар адамның денсаулығына қауіпті емес және тамақтану үшін жарамды.

      • Фальсификат - тағамдық азықтар. Мұндай азықтарға тамақтық құндылығы мен сапасы гигиеналық талаптарға сай келмеуін жасырып табиғи азықтардың қасиетін жасанды түрде беруді көздейтін азықтар жатады. Әдетте, мұны пайда түсіру мақсатында жасайды. Мысалы, су араластырған сүтке тиісті қоюлық беру үшін, оған крахмал қосады, аши бастаған сүтке сода қосады. Фальсификат-азықтарға, сондай-ақ зат белгісінде сары май деп сатылатын, бірақ құрамына ас үйі майы, маргарин кіретін сары майды, қанттан жасалған балды, т.б. жатқызуға болады. Дефектісіне (стандарттан ауытқу түріне) байланысты, фальсификат азықтарды қолдану жағдайы әр түрлі болуы мүмкін: малдың жеміне жібереді, денатурациялайды, жояды немесе техникалық мақсатқа пайдаланады.

    Санитарлық-эпидемиологиялық сараптаудың қорытындысында азық сапасы бойынша жоғарыда көрсетілген санаттардың қайсысына жататыны және осыған байланысты азық тамақтану үшін шектеусіз жарамды ма немесе белгілі бір шарт орындалғаннан кейін жарамды ма, әлде жарамсыз ба, солар көрсетіледі. Егер азықты тағамға қолдану үшін белгілі бір шарттарды орындау қажет болған жағдайларда, бұл жағдайлар қорытындыда толығымен жазылуы тиіс. Тамақтануға жарамсыз деп табылған азық жоюға жіберіледі. Мұндай азықтарды жоюды, құрамына азық-түліктің иесі, азықты жоюға берген ұйымның өкілдері кіретін комиссияның бақылауымен жүргізеді. Жарамсыз деп есептелген азықтарды өртеу немесе жерге көму арқылы жояды. Егер, азықтар инфекциямен ластанған болса, жою алдында міндетті түрде зарарсыздандырылады. Жойғаннан кейін жойғаны туралы акт жазылады, оның бір данасы СЭБ-ке жіберіледі.


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   297




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет