Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен


Белгілі бір жағдайларда улы болатын өсімдік және жануар текті азықтардан уланулар



бет153/297
Дата14.11.2022
өлшемі5,72 Mb.
#158178
түріОқулық
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   297
Байланысты:
Uchebnik Gigiena-kaz yaz (копия)

2.2. Белгілі бір жағдайларда улы болатын өсімдік және жануар текті азықтардан уланулар

Өсімдік азықтарынан уланулар

Жануар текті азықтардан уланулар



Құрамында амигдалині бар жеміс сүйектерінің ядролары (шабдалы, абрикос, шие, миндаль); бук жаңғағы, тунга, рицини; құрамында салонині бар өсіп кеткен картоп, құрамында фазині бар шикі үрме бұршақ
Сакситоксині, сигуаротоксині, биогенді амині бар балық; уылдырық шашатын кезіндегі кейбір балық түрлерінің (нәлім шортан, скумбрия т.б) бауыры, уылдырығы, сүттері, улы өсімдіктерден жинаған араның балы.

2.3 Химиялық заттардың қоспаларынан уланулар.

Химиялық заттардан уланулар



Нитраттар, бифенилдер, пестицидтер; ауыр метал тұздары және мышьяк; рұқсат етілген деңгейден артық енгізілген тағамдық қоспалар; тағамдық азыққа жабдықтардан, инвентарьлардан, ыдыстардан, буып-түйетін материалдардан өтетін қосылыстар; басқа да қүрамына қосылған химиялық заттар (примеси).



8.14.-кестенің жалғасы



ІІІ. Этиологиясы анықталмаған

Уланудан пайда болатын алимен-тарлық ұстамалы миоглобинурия

Кейбір жылдарда әлемнің кейбір аудандарындағы көлдің балықтары

Қоздырғыштар ішектен шыққан заттармен (энтерококктар - тыныс жолдарынан да) топыраққа, суға және сыртқы ортаның әр түрлі нысандарына, оның ішінде, қолға, жабдықтарға, инвентарьларға ыдыстарға түседі, соның нәтижесінде тағамның (азықтардың) да ластануына әкеп соғады. Тағам токсикоинфекцияларының даму себебі, көбінде ет және балық тағамдары, әсіресе, тартылған еттен (фарштан) жасалған өнім, сілікпе (студень), паштеттер, өкпе-бауырдан, қаннан жасалған шұжықтар, салаттар, сүт және сүт өнімдері, кремдер, пудингтер және басқалар. Фарш алу кезінде еттің майдалануы, паштеттерді, кремдерді, салаттарды дайындау технологиясы азықты араластыру кезінде, оның барлық көлемінде микробтардың тез тұқымданып кетуіне себеп болады, ал жоғары температурада өңдеу ережесінің, дайын тағамдарды сақтау жағдайы мен сату мерзімінің бұзылуы және тағами нысандардағы антисанитария, тамақтан улануға әкеп соғады.


Ішек таяшасы, протей және энтерококктар тудыратын токсикоинфекциялар, негізінен жеңіл өтеді. Жасырын кезеңі, әдетте, 4-8 сағатқа, сирек 20-24 сағатқа созылады. Клиникалық көріністері жүрегі айну, құсу, іші ауыруы, іш өтуі, субфебрильді температура, әлсіздік сияқты жедел гастроэнтерит симптомдарымен сипатталады. Аурудың ұзақтығы, орта есеппен 1-3 күн.
Тағам токсикоинфекцияларын спора түзуші микроағзалар Cl. perfringens, Bac. cereus қоздыруы мүмкін. Cl. perfringens - тің инфекция көзі, негізінен адам мен жануарлар, бірақ қоздырғыштар тағамға топырақтан, ластанған судан, т.б. да түсуі мүмкін. Уланудың ең жиі себебі, ет және ет өнімдері, сүт, балық, брынза және басқаларды қбылдаған кезде де дамуы мүмкін.
Cl. perfringens споралары жоғары температураға төзімді (1- 6 сағат бойына қайнатқанда төзімді) және дайын тағамды жылы жағдайда ұзақ уақыт сақтаған кезде, тіпті алдында жоғары температурамен мұқият өңдегеннің өзінде қайта өсуі мүмкін.
Bac. cereus аэробты спора түзуші бактериялар тобына жатады, тұрақты түрде топырақта мекендейді және топырақта да, суда да, ауада да және әр түрлі тағамдық азықтарда да кездеседі. Bac. cereus споралары жоғары температура әсеріне жеткілікті дәрежеде төзімді. Олар 105-205ºС температураға 10 мин және одан да артық уақытқа төтеп береді, бірақ вегетативті түрі 65ºС кезінде 30 мин ішінде жансызданады.
Cl. perfringens және Bac. cereus тудыратын тағам токсикоинфекцияларының жасырын кезеңі, орта есеппен 4-5 сағаттан 16-22 сағатқа дейін ауытқиды. Ауру жіті басталады, симптоматикасында жүрек айнуы, шаншып немесе бүріп іш ауыруы, жиі, су тәрізді болып, іш өтуі басым, Cl. perfringens - тен уланған кезде, иісі- сасық болады. Температурасы субфибрильді немесе қалыпты. Аурудың ұзақтығы 1-2 тәулік. Cl. perfringens - тің кейбір штамдары (С және F) некрозды энтерит түрінде өтетін және өліммен аяқталуы ықтимал, ауыр уланулар тудырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   297




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет