Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен



бет156/297
Дата14.11.2022
өлшемі5,72 Mb.
#158178
түріОқулық
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   297
Байланысты:
Uchebnik Gigiena-kaz yaz (копия)

Фузариотоксикоздарды Fuzarium текті саңырауқұлақтардың улары тудырады. Уланудың клиникалық көріністері әр түрлі және тағамдық азықты ластаған саңырауқұлақтың түріне байланысты. Ашаршылық кезеңде (1931-1943ж.) және Ұлы Отан соғысы жылдары ең жиі кездескен фузариотоксикоздардың бірі, қыста далада қалған астықтан жасаған нанды тағамға қолданған кезде пайда болған алиментарлық-уландыратын алейкия. Уланудың себебі, дәнді дақылдарды көп мөлшерде ластаған Fuzarium sporоtrichella саңырауқұлағының уы (токсині). Айта кету керек, бұл саңырауқұлақ тек қардың астында қалған астықты зақымдандырып қоймайды, сонымен қатар, соңғы жылдары анықталғандай, ауа райының жағдайына байланысты кеш жиналған астықты да, сондай-ақ, ылғалдылығы жоғары және төмен температура жағдайында сақталған астықты да зақымдайды.
Улануға тән өзгеріс, сүйек кемігін гипо- немесе аплазияға әкеп соғатын қан түзуші мүшелердің удан зақымдануы. Оның негізгі көріністері, барған сайын үдей түсетін панцитопения – лейко-, эритро- және тромбоцитопения, геморрагиялық бөртпелер пайда болады, мұрнынан, тамағынан, ішегінен, т.б. мүшелерінен жиі қан ағады, сепсистік ангина, денесінің әр жерінде іріңді үрдістер пайда болуымен білінеді. Өлім-жітім көп, бірақ тез шара қабылдаған кезде аурудың жазылуы мүмкін. Алиментарлық-уландыратын алейкияның алдын алу, қыста қардың астында қалған азықтарды пайдалануға тыйым салу, астықты өз уақытында жинап алып, зақымдануына жол бермеу және оның ылғалдануын болдырмайтын жағдай жасау.
«Мас наннан» улану, Fusarium graminearum саңырауқұлағымен ластанған әр түрлі астық түрлерінен жасалған азықтарды тағамға қолдану кезінде пайда болады. Саңырауқұлақ өндіретін токсин, басым орталық жүйке жүйесіне әсер етеді, ал уланудың клиникалық көріністері, алкогольден масаюды еске түсіреді. Сондай-ақ, гастроэнтерит симптомдары байқалуы мүмкін, ал зақымданған азықты ұзақ уақыт қолданған кезде анемия және психикалық өзгерістер болуы мүмкін.
«Қызыл зеңнен» улану – ниваленол, фузаренон, ниваленол-ацетат іспеттес улар өндіретін «қызыл зеңмен» - Fusarium текті микроскопиялық саңырауқұлақпен зақымданған бидай, арпа, күріш, т.б. дәнді дақылдардан жасалған азықтарды тағамға қолданғанда пайда болатын ауру. Бұл улану түрлері салыстырмалы түрде жақын арада Жапонияда жазылған болатын және асқазан-ішек жолдары мен орталық жүйке жүйесінің зақымдануымен сипатталады. Fusarium текті саңырауқұлақтардың кейбір түрлері зеарленон токсинін өндіреді, мұның эстрогенді әсері бар, ірі қара малда түсік болуына, бедеулікке әкеп соғады, құстардың жұмыртқалауын төмендетеді.
Афлатоксикоздар – негізінен, Aspergillus (A. Flavus, A. Parasiticus), сирегірек Penicillum және Rhizopus саңырауқұлақтары өндіретін афлотоксиндермен ластанған азықтарды қолданумен байланысты тамақтан уланулар. Микроскопиялық саңырауқұлақтардың бұл түрлері табиғатта көп таралған. Олардың улары (токсині) арахиста (жержаңғақ), мақтаның дәнінде, жүгеріде, күріште, соргода (қонақ жүгері), пістеде жиі кездеседі. Афлатоксиндер жануар текті тағамдық азықтарда да – сүтте, етте, жұмыртқада, сырда үлкен концентрацияда пайда болуы мүмкін. Афлатоксиндер сүтке, жануарлардың тіндері мен мүшелеріне ластанған жемнен түсуі мүмкін. Олардың қарқынды тұқымдануы және токсин түзуі басқа да азықтарда: жүзімде, шабдалыда, алмада, шырындарда, т.б. байқалуы мүмкін.
Афлатоксиндердің күшті гепатотоксиндік және гепатоканцерогендік әсері бар. Дамитын уланулар жедел немесе созылмалы түрде болуы мүмкін. Жедел түрлері сирек кездеседі, олар құрамында афлатоксиндердің концентрациясы үлкен (0,2-ден бірнеше мг/кг дейін) тағамдарды қабылдаған кезде байқалады. Жедел түрлеріне бауырда некроз және майлану дамуы, удың әсерінен бүйрек пен жүйке жүйесінің зақымдануы тән. Ауырған адамдарда сіңір тартылуы (судороги) парез (босаңсу), қимыл үйлесімділігінің (кординация) бұзылуы, диарея, геморрагия, асцит байқалады. Созылмалы түрінде бауыр циррозы және біріншілік бауыр обыры дамиды.
Охратоксикоздар. Охратоксиндерді негізгі өндірушілер A. ochraceus және P. viridicatum. Охратоксиндер өсімдік текті де (қара бидай, арпа, бидай, жүгері, т.б.) және жануар текті де (ет, сүт, т.б.) азықтарда кездеседі.
Охратоксиндер өзінің улылығы жағынан афлатоксиндерге жақын, көбінесе бүйрекке улы әсер етіп, үй құстары мен шошқаларда нефропатия дамуының себебі болады. Адамдарда Балкандық эндемиялық нефропатия кеселінің дамуында да, охратоксиндердің ролі жоққа шығарылмайды.
«Сары күріш» ауруы. Бұл ауру түрі, бірінші рет Жапонияда жазылған, Penicillium citrioviride саңырауқұлақтары зақымдаған күрішті қабылдаған кезде байқалды. Олардың улары (сары пигмент) айқын нейроуыттылық әсер етеді. Азықты қолданудан алып тастаса сауығады.
Эрготизм. Claviceps purpurea микроскопиялық саңырауқұлақтың склероциясы (тыныштық сатысындағы) қара күйе (спорынья) зақымдаған астықтан жасалған тағамды қабылдаған кезде дамиды. Қою күлгін түсті улы қарамық (рожки спорынья) өзінің 4 см дейінгі өлшемімен ерекшеленеді. Қара күйенің улылығы, лизергин қышқылының алколоидтары – эрготамин, эргометрин, эрготоксин және т.б., сондай-ақ биогенді аминдердің – гистамин, тирамин, т.б болуымен байланысты. Бұл қосылыстар қыздырғанға өте төзімді және ұзақ уақыт сақтаған кезде де, өзінің белсенділігін жоғалтпайды.
Қара күйеден улану жедел және созылмалы түрлерінде өтуі мүмкін. Жедел өтуінде эрготизмнің тырыспалы, конвульсивті түрі деп аталатын орталық жүйке жүйесінің зақымдануы байқалады. Оған тоникалық тырысу (сіңір тартылуы), бас айналуы, галлюцинация, есінің бұзылуы, эпилепсия тәрізді тырысу тән. Мұндай симптоматикасы «қатты құрыспа» (злая корча) деп аталатын эрготизмнің басқа аты үшін негіз болды. Жедел зақымдануы кезінде асқазан-ішек жолдары жағынан да, жедел гастроэнтерит түрінде өтетін құбылыстар жиі кездеседі.
Эрготизмнің созылмалы түрі, белгілі бір уақыт бойына зақымданған дәнді дақылдардан жасалған тағамды қабылдаған кезде пайда болады. Бұл жағдайда жүйке жүйесінің де және дененің әр түрлі жерлерінде қан айналымының бұзылуына және некроз дамуына әкеп соғатын (гангреналық түрі) қан тамыры -жүйке аппараттарының зақымдануы мүмкін.
Микотоксикоздардың алдын алу мына шараларды қамтиды:

  • Микроскопиялық саңырауқұлақтардың көбеюіне кедергі жасайтын шаралардың сақталуын: астықтарды уақтылы жинау, астық сақтайтын қоймалардың ылғалдылығын төмендету және жеткілікті дәрежеде желдету, қоймаға жинау алдында астықты кептіру, т.б.;

  • Азық-түліктерді және малдың жемдерін микологиялық бақылауға алуды;

  • Тағамдық азықтарда микотоксиндерді нормалауды;

  • Басқа елдерден әкелінетін азықтарға микологиялық бақылау жүргізуді, бірінші кезекте, азық-түлікті негізгі өндіретін және микроскопиялық саңырауқұлақтармен жиі ластанатын елдерден әкелінетін азықтарға, мысалы, жер жаңғағының 70% дейінгі бөлігі Азия және Африка елдерінде, күріштің 90 % дейінгі бөлігі Оңтүстік-Шығыс Азияда, жүгерінің 40% дейінгі бөлігі АҚШ-та өндіріледі;

  • Микотоксиндерді ШРЕК-тен асатын азықтарды және де көгерген азықтарды қабылдауға тиым салуды;

  • Халық арасында микотоксикоздар анықталса, күдікті азықтарды конфискелеуді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   297




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет