Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен


Халықты иондаушы сәулеленуге ұшырататын қосымша көздер



бет278/297
Дата14.11.2022
өлшемі5,72 Mb.
#158178
түріОқулық
1   ...   274   275   276   277   278   279   280   281   ...   297
Байланысты:
Uchebnik Gigiena-kaz yaz (копия)

4.4. Халықты иондаушы сәулеленуге ұшырататын қосымша көздер
Жолаушыларды әуе жолы көлігімен тасымалдаудың өсуіне байланысты, олардың ұшақтармен ұшу кезіндегі ғарыштық сәулеленуге шалдығуы және одан алатын дозасын бағалау, халықты иондаушы сәулеленуге ұшырататын қосымша көзі ретінде, белгілі бір қызығышулық тудырады.
Сәулеленуге шалдығудың мөлшерін анықтайтын негізгі факторлар ұшу биіктігі, ұшу уақытының ұзақтығы, күннің белсенділігі және геомагниттік ендік болып табылатыны белгілі болды. Мысалы, ұшу биіктігі жоғарылаған сайын, жолаушылардың сәулеленуге шалдығудан алатын дозасы да өседі. Трассалары бірдей болған жағдайда, жылдамдығы дыбыс жылдамдығынан төмен ұшақтарда ұшқан кезде алынатын доза, жылдамдығы дыбыс жылдамдығынан жоғары ұшақтарға қарағанда, шамамен 30% жоғары болады, себебі, бірінші ұшақтын ұшу уақыты көбірек. Ұшу биіктігі бірдей болған кезде, солтүстік және оңтүстік ендіктерден 50° жоғары жатқан аудандардың үстінде сәулеленуге шалдығудан алатын дозалары жоғарылау болады. Күн көзіндегі жарқылдаулар кезінде жолаушылардың сәулеленуге шалдығу дозасы шұғыл өседі. АРӘҒК мәліметтері бойынша, қазіргі кезде орташа жылдық эффективті доза, ұшақта ұшу есебінен көп емес және жылына 0,5 мкЗв – тен бірнеше мкЗв дейін құрайды.
Жер маңындағы орбитада (200 км – 400 км) орбиталық ғарыштық ұшу кезінде ғарышкерлердің сәулеленуге шалдығу дозасы салыстырмалы түрде көп емес – тәулігіне 50 мкЗв. Жоғары деңгейдегі сәулеленуге шалдығу мүмкіншілігі, жер маңындағы кеңістіктің жер бетінен қашық биіктігінде ұшу кезінде, Жердің радиациялық белдеулерін кесіп өткенде пайда болады. Жерге жақын ішкі радиациялық белдеуді кесіп өткен кезде (Жер бетінен 2-3 мың км) эффективті дозаның қуаты, тәулігіне 8 Зв жетеді, сондықтан, радиациялық белдеуді кесіп өткен кезде, экипажды ғарыш кемесінің арнайы бөлігіне орналастырады.
Құрамында радионуклидтері бар әр түрлі тұтыну тауарлары да радиация көзі болып табылады, бірақ, олар көңіл аударуды қажет ететіндей қосымша сәулеленуге шалдықтыратын көз ретінде қарастырылмайды, себебі олардың тудыратын дозасы фондық сәулеленуге ұшырау пайызының бөлігін құрайды. Оларға радиолюминесцентті құралдар, оның ішінде сағаттар, ғылыми құрал-жабдықтар; электронды және электрлік құралдар; газдар мен аэрозольдердің (түтін) детекторлары; антистатикалық тауарлар (құралдар); керамикадан, шыныдан жасалған заттар және құрамында уран мен торий бар қорытпадан жасалған заттар жатады.
Темекі шегудің, қорғасын мен полоний радиоизотоптарының ағзаға түсуін едәуір көбейтетіні дәлелденген, себебі, олар темекінің құрамында болады және оның жану температурасында ұшқыш болады. Тәулігіне бір қорап темекі шегетін адамның ағзасына түсетін 210Pb мен 210Po мөлшері, жылына сәйкес, 15 Бк және 22 Бк құрайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   274   275   276   277   278   279   280   281   ...   297




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет