12.7-кесте
Рентген сәулесінің рұқсат етілген экспозициялық дозасының қуаты
Сәулелік диагностика кабинетінің түрі (типі)
|
Иондағыш сәулелену әсер ететін уақыты
|
Рұқсат етілген доза қуаты мкр/сек
|
А санаты
|
Б санаты
|
Ғимараттың сыртқы беті
|
Диагностикалық
|
15 сағ/апта (700 сағ/жыл)
|
2
|
0,2
|
0,06
|
Флюрографиялық
|
1,5 сағ/апта (70 сағ/жыл)
|
20
|
2
|
0,06
|
Терапиялық
|
25 сағ/апта (1175 сағ/жыл)
|
1,2
|
0,12
|
0,06
|
Дентальдық
|
1 сағ/апта (47 сағ жыл)
|
30
|
3
|
0,06
|
Палаталық
|
1 сағ/апта (47 сағ/жыл)
|
30
|
3
|
0,06
|
Рентген сәулесінен қорғануды есептеу кезінде рұқсат етілген деңгейлерге қатысты 2 тең қор коэффициентін енгізу қажет, яғни есептеу жолымен алған доза қуаты рұқсат етілген деңгейлерден 2 есе аз болуы тиіс.
Жоғарыда айтылғандай, рентгенологиялық зерттеулер жүргізу кезінде қорғасынның және басқа да радиациялық емес факторлардың әсерінен қорғану шаралары қолданылуы керек, сонымен қатар қажетті көлемде эпидемияға қарсы шаралар жүргізу де қамтамасыз етілуі керек. Мысалы, рентген пленкалары, рентгенограммалар қақпағы (есігі) нығыз жабылатын, металдан жасалған жәшіктерде немесе шкафтарда сақталуы қажет. Сәулелік диагностика кабинетінде 2 кг аспайтын ғана рентген пленкалары мен рентгенограммаларды сақтауға рұқсат етіледі. Сәулелік диагностика кабинетінің және жабдықтардың қорғасынмен ластану деңгейі 0,09·10-4 мг/см2 аспауы керек. Қызметкердің ластануына жол берілмейді.
Сәулелік диагностика кабинеті қызметкерінің ағзасына қорғасынның түсуінің алдын алу үшін келесі шараларды жүргізу керек:
қорғасыннан, қорғасын араластырған резеңкеден жасалған жеке басты қорғайтын заттарды үлдір (пленка) материалдардан немесе клеенкадан жасалған қаптың ішіне салу керек;
техникалық шартында көрсетілген пайдалану мерзімі өткен жеке басты қорғайтын заттарды пайдаланбау (қолданбау);
қорғасыннан жасалған стационарлық қорғайтын құрылғылар мен бейімделген заттардың беттерін екі қайтара майлы немесе эмаль сырмен сырлау керек;
қорғасын араластырған резеңкеден жасалған қолғаптың ішінен мақта-матадан жасалған жұқа қолғап кию керек;
қорғасын араластырған резеңкеден жасалған жеке басты қорғайтын заттарды қолданып істеген жұмысты бітірген соң, сабынды немесе «Защита» деген препаратты қолданып, қолды жылы сумен мұқият жуу керек;
сәулелік диагностика кабинетінің процедура бөлмесінде тамақ ішуге, темекі тартуға, косметика пайдалануға тыйым салу керек.
Сәулелік диагностика кабинетінде жұмысты бітіргеннен соң ылғалдап тазалау, еденін жуу және зерттеу кезінде пациент пен дәрігер ұстаған рентген аппаратының элементтері мен жабдықтарын мұқият дезинфекциялау керек. Айына кем дегенде 1 рет сірке қышқылының 1-2% ерітіндісін қолданып, ылғалдап тазалау жүргізілуі тиіс. Сәулелік диагностика кабинетінің процедура бөлмесінде рентгенологиялық зерттеу жүргізер алдында немесе зерттеуді жүргізу кезінде ылғалдап тазалауға тыйым салынады.
Сәулелік диагностика кабинеттері бөлмесінің ауасында азот тотықтарының концентрациясы 0,085 мг/м3, озонның – 0,005 мг/м3, қорғасынның – 0,0007 мг/м3 аспауы керек.
Иондаушы сәулеленулер медицинада бірқатар ауруларды емдеуде де қолданылады. Ағзаның терең немесе беткі бөліктерін қашықтан басқарып (дистанциялық) сәулемен емдеу үшін рентген - сәулесімен емдейтін, гамма-сәулесімен емдейтін қондырғылар және зарядталған бөлшектерді үдеткіштер қолданылады. Мысалы, тері зақымдануларын емдеу, рентген - сәулесімен емдейтін қондырғының көмегімен жүргізіледі, ал статикалых немесе қозғалмалы (ротациялық, не ротациялық-конвергенттік) сәулеленуге түсіру үшін гамма- сәулесімен емдейтін қондырғы қолданылады.
Қызметкер үшін мұндай қондырғылармен жұмыс істеу кезінде сыртқы сәулеленуге ұшырау қаупі болады. Сәулелену көздерінің белсенділігі қоңдырғыларда улкен мөлшерге дейін жететіндіктен, жұмыс орындарын стационарлық қорғау сапасына, жұмыс аусымы бойына қондырғылардың жұмыс істеу уақытының ұзақтығына; авария жағдайларын алдын алу жөніндегі жүйенің сенімділігіне айрықша көңіл аударылу керек.
Қондырғылардың құрылымдық ерекшелектіріне, олардың кабинеттерде орналастырылуына және пайдаланылуына жоғары талаптар қойылады. Мысалы, гамма – қоңдырғысы көмегімен терең және жақын фокусты емдеу жүргізу кезінде бөлмелердің келесі кешені қолданылады: пульт орнатылған – пациенттерді бақылайтын, ұзын фокусты емдеуге арналған процедура залы, қысқа фокусты емдеуге арналған процедура залы, желдету камерасы, күту бөлмесі, гамма-аппаратына арналған, басқару пультіне арналған бөлмелер.
Процедура бөлмелерінің өлшемдері қондырғының түріне байланысты. Статикалық сәулеленуге түсіру кезінде процедура бөлмесінің ауданы 20-дан 36 м2 дейін, ал қозғалмалы сәулеленуге түсіру кезінде ол 36-45 м2 дейін үлкейеді. Сәулеленуден қорғау тікелей де және шашырап түскен де сәулеленудің рұқсат етілген мөлшерге дейін әлсізденуін қамтамасыз етуі тиіс. Процедуралық бөлме мен басқару бөлмесінің арасында қорғанудың бірнеше әдістерін бірге жиі қолданады, мысалы, лабиринт түріндегі дәлізді және қорғайтын есікті. Есік міндетті түрде ашылмайтын етіп, жабылуы тиіс, яғни, ауруды сәулеге түсіру кезінде есік автоматты түрде жабылады және оны сыртынан өз бетінше ашуға мүмкіншілік болмайды.
Рентген сәулесімен емдеу процедураларын жүргізу кезінде санитарлық талаптарға сәйкес аппаратты басқару үшін де жеке бөлме бөлінуі тиіс. Бөлмелер кешеніне, қорғалған қарайтын терезесі және басқару бөлмесі мен процедура бөлмесінің арасында қорғайтын есігі бар, процедура бөлмесі кіреді. Оның ауданы, рентген сәулесімен емдейтін қондырғының түріне байланысты 24-тен 40 м2 дейін болады. Сыртқы сәулеленудің доза қуаты кез келген нүктесінде аптасына 0,4 мЗв аспауы керек, бұл қызметкердің қорғалуын қамтамасыз етеді.
Көршілес бөлмелерді сәулеленуден қорғау үшін қабырғалары, едені, төбесі қорғасынмен күшейтілуі тиіс. Ғимараттың сыртқы беттерінде және ойықтарында доза қуаты 3 мкЗв/сағ. аспауы керек.
Медицинада қолданылатын үдеткіштерден шығатын сәулеленуден қорғану жоғарыда айтылған қағида бойынша жүргізіледі, бірақ бұл кезде процедура бөлмесінің ауданы 45 м2 дейін және инженерлік басқару пульті бөлмесінің ауданы 20 м2 дейін ұлғаяды. Себебі, үдеткіштерден шығатын сәулеленудің енгіштік қабілеті үлкен, қорғану лабиринт түріндегі жоспарлау жүйесімен күшейтіледі, ал ауруларды бақылау теледидар қондырғылары көмегімен жүргізеді.
Гамма-сәулесімен емдеу бөліміндегі қызметкердің сәулеленуге шалдығу деңгейі гигиеналық нормадан аспайды, жылына ол 15мЗв құрайды, ал сәулеленуге түсіретін аса қуатты қондырғылар мен сызықтық үдеткіштер толық жүктеме бойынша жұмыс істеу кезінде – жылына 3,6 мЗв аспайды.
Иондаушы сәулелену көздерімен жұмыс істеу жағдайына санитарлық-дозиметрлік бақылау жүргізу кезінде, сыртқы сәулеленуге ұшыраудан алатын дозаны анықтау және қорғануды бақылау үшін, аспаптардың көмегімен өлшеулерден басқа, теориялық есептеу де жүргізілуі мүмкін. Алдын алу жөніндегі санитарлық бақылауды жүргізу кезінде есептеу әдістерінің ерекше маңызы бар.
Гигиена практикасында γ- және рентген сәулеленулері мен нейтрондардан алатын дозаларын есептеп табу және қорғануды бақылау әдістері, бәрінен де жиі қолданылады.
Есептеу әдістерінің негізіне иондаушы сәулеленудің кеңістікте таралуының кейбір заңдылықтары, олардың түрлі заттармен өзара әрекеттесуі және басқалар қойылған, ол туралы бұрын айтылған.
Өндіріс технологиясына байланысты, белсенді заттарды ашық түрінде, яғни олардың ашық көздерін пайдаланатын көптеген зертханалар, мекемелер және кәсіпорындар адам мен қоршаған ортаға потенциалды қауіп тудыруы мүмкін. Мұндай нысандарды шартты түрде екі топқа бөледі.
Достарыңызбен бөлісу: |