Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен



бет36/297
Дата14.11.2022
өлшемі5,72 Mb.
#158178
түріОқулық
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   297
Байланысты:
Uchebnik Gigiena-kaz yaz (копия)

Көрінетін жарықтың гигиеналық маңызы. Көрінетін сәулелер күннің электромагниттік сәулеленуінің спектрінде күннің көк жиек үстінде тұрған кезінде 28% - дан, тас төбеде болғанда 46% дейін және көк аспан кезінде 65% құрайды. Ашық жерлердегі күндізгі жарықтын деңғейі көптеген факторларға: күннің тұру биіктігіне, ауа райы мен климат жағдайларына, ауаның тазалығына байланысты. Осы жағдайларға байланысты жарықтану мөлшерлерінің диапазоны кең, ол 65000 - нан 1000 лк дейін және одан да аз аралықта аутқиды.
Күннің көрінетін сәулесінің фотохимиялық әсері, инфрақызыл сәулесіне қарағанда, едәуір жоғары, ол қөбінесе фотосенсибилизаторлар қатысуымен іске асырылады. Фотосенсибилизаторлар деп, сәуле энергиясының кванттарын алып, қысқа уақыттық өзгерістерге ұшырайтын, ал содан кейін, бұл энергияны қоршаған тіндерге шоғырланған түрінде беріп, өз қасиеттерін қайтадан қалпына келтіретін заттарды айтады. Осындай фотосенсибилизаторлардың бірі - көз торының пигменттері болып табылады. Күннің көрінетін сәулелері бұл пигменттермен әсерлесіп, көру талдағышының жұмысын қамтамасыз етеді. Бұл кезде көрінетін сәуленің ең маңызды қабілеттілігі біртүсті емес, түрлі түсті қөру ақпараттарың қамтамасыз етуі болып табылады, себебі оның спектріне түрлі түсті сәулелелер: қызыл, қызғылт-сары, жасыл, сары, көгілдір, көк, күлгін түстер кіреді. Күн жарығынан пайда болған түстердің гаммасы ағзаға әр түрлі әсер етеді, ең әуелі, оның психоэмоционалдық саласына: көк және күлгін түстер көңіл-күйді төмендетеді, көгілдір - тыныштандырады, жасыл – индифферентті болады, ашық сары түс – тітіркендіреді, қызыл - қоздырады. Көрінетін жарық спектріндегі жасыл және сары дипазонындағы толқындар көру талдағыштарының жұмысы үшін ең қолайлы деп есептеледі.
Күннің жарығы рефлекторлы түрде көру талдағыштары және біршама дәрежеде шеткі жүйке ұштары арқылы әсер етіп, жалпы биологиялық әсер береді. Ол ағзада зат алмасу үрдістерін ынталандырады, үлкен ми сыңарлары қыртысының белсенділігін жоғарылатады, гипофиз секрециясын күшейтеді, осыған байланысты адамның тіршілік тонусы жоғарылайды, өзін сезінуі және эмоционалдық күй-жайы жақсарады. Ағзаның дамуы мен өсу үрдістерінде де күннің көрінетін сәулесі белгілі рөл атақарады.
Жарық адамның биологиялық ырғақтарының: тәуліктік, мезгілдік, жылдық және т.б. басты синхронизаторы болып табылады. Биоырғақты табиғи (жарық) және техногенді (сағат, радио, теледидар, жасанды жарық, жұмыс орны мен кестесі және т.б.) реттегіштердің арасындағы үйлеспеуішілік ұйқының және сергектіктің бұзылуына, көңіл күйдің нашарлауына, депрессияның дамуына әкеп соғады.
Күннің көрінетін сәулесі, әсіресе, инфрақызыл сәулесімен шектесетін толқын диапазонында, жылылық әсер береді. Оның үлесі күн сәулесінен берілетін жылу энергиясының жартысына жуығын құрайды. Ультракүлгін сәулеленудің ұзын толқынды бөлігімен шектесетін көрінетін сәуле спектрінің қысқатолқынды күлгін бөлігі ұзын толқынды ультракүлгін сәулелердің эритемдік, күнге күю және әлсіз бактерицидтік әсерлері сияқты әсерлер береді.
Ағза сыртқы әлем туралы ақпараттардың 80 % дейін көру мүшесі арқылы алатындықтан, көру мүшесінің жұмысы үшін күннің көрінетін жарығының гигиеналық маңызы ерекше. Сол себептен бөлмелерге тікелей де (инсоляция), шашырап және шағылысып та түскен күн сәулесінің есебінен, жеткілікті деңгейде табиғи жарық жасауды қажет етеді (VII тарауды қараңыз).
Ультракүлгін сәулесінің гигиеналық маңызы. Ультракүлгін сәулесі, инфрақызыл және көрінетін сәулелерге қарағанда, энергияға едәуір бай. Бірақ, фотондардың энергиясы бойынша сәулеленудің өзінің спектрі біркелкі емес, сондықтан оларды, толқын ұзындығы мен биологиялық белсенділігі бойынша бір-бірінен айырмашылығы бар, 3 аймақтарға бөледі: А аймағы - толқын ұзындығы 400-320 нм, ұзын толқынды сәулеленуі (жақын ультракүлгін, эритемді - күнге күю әсері бар), В аймағы - толқын ұзындығы 320-280 нм, орта толқынды сәулеленуі (дәрумен түзуші), С аймағы - толқын ұзындығы 280-210 нм, қысқа толқынды сәулеленуі (қашықтағы ультракүлгін, бактерицидтік). Жоғарыда айтылғандай, жердің бетіне дейін тек ұзын және орта толқынды ультракүлгін сәулелер ғана жетеді. Ал қысқа толқынды ультракүлгін сәулелерін алу үшін, әдетте, олардың жасанды көздерін қолданады.
Ультракүлгін сәулелер пайдалы (биогенді) және зақымдайтын (абиогенді) әсер етуі мүмкін. Әсер ету сипаты сәулеленудің толқын ұзындығына және оның дозасына байланысты. Биогенді эффектісі ұзын және орта толқынды сәулелердің, дозалары қолайлы деңгейден аспайтын, аз мөлшерде әсер етуі кезінде байқалады. Абиогенді әсерлері, ең алдымен, энергиясы басқа диапазондардағы ультракүлгін сәулелердің энергиясынан анағұрлым жоғары болатын, қысқа толқынды ультракүлгін сәулеленулерге тән. Алайда, ұзын толқынды да, орта толқынды да сәулелер абиогенді әсер ете алады, егер олардан алатын дозасы табалдырықтық эритемдік дозадан көп артық болса.
Биогенді әсері жалпы ширататын, эритемды- күнге күю, рахитке қарсы (Д дәруменін түзуші) әсер салдары түрінде білінеді. УК сәулесінің әсер ету механизімінде биофизикалық, гуморалдық, жүйкелік-рефлекторлық сияқты, бірнеше компоненттерін ажыратады. Гуморалдық компоненті ағзада фотохимиялық реакциялар нәтижесінде зат алмасу үрдісін ынталандыратын биологиялық белсенді қосылыстардың (гистамин, гистамин тәрізді заттар, ацетихолин, серотонин және т.б.) түзілуімен байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   297




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет