Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған



бет84/104
Дата27.10.2022
өлшемі239,31 Kb.
#155222
түріОқулық
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   104
Байланысты:
ЖАҢА Қазақстан тарихы 7 (6) Алматы Атамұра 2017 жыл А

ХVІІ-ХVІІІ ғасырлар аралығында жоңғар тағына қонтайшы Цеван Рабтан отырғаннан кейін Жоңғар хандығының сыртқы саясаты бірден белсенді сипат алды. Ол билік еткен жылдары қазақ еліне үлкен қауіп төндірді.



XVIII ғасырдың басында басқыншылардың қалың қолы Орта жүздің солтүстік-шығыс аудандарына баса-көктеп кірді. Тәуке хан 1710 жылы Қарақұмда барлық қазақ жүздерінің өкілдерін жинады. Құрылтайдың негізгі мақсаты - жоңғарларға қарсылықты ұйымдастыру еді. Құрылтайда біріккен әскер құрылып, ол жоңғарларды шығысқа қарай шегіндірді.



Тәуке ханның Қазақстан тарихындағы рөлі. Тәуке хан ойраттармен күрестің қиын жылдарында Қазақ хандығының бірлігін сақтай алды.



Тәуке хан билігі бүкіл мемлекет аумағына жүрді. Ол Қазақ хандығының ыдырауына жол бермеді. Халықты сыртқы жаудан қорғануға жұмылдырды. Қазақ хандығының абыройын асырып, күш-қуатын арттырды.

Тәуке ханның табиғатынан басшылық қабілеті жоғары болды. Ол батылдығы, даналығымен маңайындағылардан асып түсті, әділдігімен ерекшеленді. Бұл қасиеттері Тәукені ел арасында құрметке бөлеп, даңқын асырды. Дереккөздер Тәуке ханды былай сипаттайды: «Тәуке хан ақылды адам болды және қырғыздар (қазақтар) арасында кереметтей құрметке ие болды». XIX ғасырдағы орыс ғалымы А.И. Левшин Тәуке ханды көне Спартаның ақылгөйі Ликургпен теңеген.


Қазақтың ұлы билері. Төле, Қазыбек, Әйтеке - Тәуке ханның «Жеті жарғы» заңдар жинағын жасауға қатысты.
Төле би әйгілі би, шешен, Ұлы жүздің бас биі, билеушісі. Төле би бала кезінен халқының шешендік және ақындық өнерін бойына сіңіріп өсті. Ол халық арасында әділеттілігімен белгілі болды. Төле би Абылайдың билік басына келуіне ықпал етті. Ол Тәукенің де хан сайлануына, Түркістанның Қазақ хандығының орталығы ретінде қалыптасуына қатысты. Ол үш жүздің ынтымағын нығайтуға, біртұтас Қазақ хандығының дамуына, жоңғарларға қарсы әскери одақтың құрылуына ықпал етті.
Қазыбек би Орта жүзден шыққан әйгілі би. Халық арасында Қаздауысты Қазыбек би деген атпен белгілі болған. Ол бұл есімді жас кезінде жоңғарларға қазақ елшілігімен барғанда асқан шешендігі үшін жоңғар билеушісі Галдан Цереннен алған.
Қазыбек би мемлекеттік істерге белсене қатысты, қазақ хандарының ішкі және сыртқы саясатының жүзеге асуына ықпал етті. Жоңғар басқыншылығына қарсы бүкілхалықтық күресті ұйымдастырушылардың бірі болды. Ресеймен достық қарым-қатынасты орнатуды қолдады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   104




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет