Оқулық физика 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған



Pdf көрінісі
бет144/239
Дата07.02.2022
өлшемі4,48 Mb.
#95161
түріКнига
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   239
Гальваностегияда 
электролиз әдісімен бір металдың бетін басқа ме-
талдармен қаптайды. Мысалы, электролиз арқылы қара металдарды ни-
кельмен, хроммен қаптайды; сәндік бұйымдарын «алтынмен аптайды, 
күміспен күптейді».
Гальванопластика 
деп денелердің бет-бедерінің пішінін электро-
лиз әдісімен металдарда кескіндеуді айтады. Ол үшін дене бетінің 
балауыздағы үлгісі алынады. Үлгінің беті ток өтетін графит тозаңымен 
қапталады. Бұдан кейін үлгіні катод орнына электролитке батырады. 
Анодтың рөлін үлгінің (катодтың) бетін қаптайтын металл (мысалы, ал-
тын немесе никель) атқарады.
 
1.
Әртүрлі ортада өтетін электр тогының табиғаты қандай? Мысалдар кел-
тіріңдер.
2.
Иондық кристалл деп қандай кристалдарды айтады? Олардың металл 
кристалдарынан қандай айырмашылықтары бар?
3.
Электролиттік диссоциация және электролиттер деп нені айтады? Мы-
салдар келтіріңдер.
4.
Электролиз деп қандай құбылысты айтады? Мысалдар келтіріңдер.
5.
Фарадей заңы қалай тұжырымдалады және қандай формуламен өрнек-
теледі?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   239




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет