Электролиз кезінде электродта бөлінетін заттың массасы элек- тролиттен өтетін зарядтың мөлшеріне тура ( немесе ток күшіне ) пропорционал: m = kq = kIt, мұндағы:
m – бөлінген заттың массасы;
q = It – электролит арқылы
t уақытта өткен зарядтың мөлшері;
I – электролиттен өткен ток күші;
k – электрхимиялық эквивалент деп аталатын пропорционалдық коэф-
фициент.
7. Электролиттерден
ток өткен кезде электродтарда заттардың бөліну
құбылысы өнеркәсіпте кең қолданыс тапты. Электролиз құбылысының
ашылуы өнеркәсіпте бұрын болмаған
электрметаллургия, гальваносте- гия және
гальванопластика сияқты жаңа салаларды туғызды.
Электрметаллургияда бірталай түсті металдарды электролиз тәсі-
лімен өндіреді. Мысалы, 2007 жылы Павлодарда ашылған «Қазақстан-
дық электролиз зауыты» (сурет 5.31) тазалығы 99,85% болатын алю-
миний құймаларын осы тәсілмен балқытылған боксит кенінен тұрақты
электр тогын өткізу арқылы шығарады.
2011 жылы Өскеменде ашылған мыс зауытында қара мыс екі кезең-
нен тұратын электролиздік өңдеулерден өтеді. Бірінші кезеңде анодталған
өңдеуден өтіп, рафинадталған мыс алынады. Екінші кезеңде рафинадтал-
ған мыс электролизде тағы да мұқият өңделіп, тазалығы аса жоғары
Сурет 5.30.
Электролит
Сурет. 5.31. Павлодар электролиз зауыты
Все
учебники
Казахстана
на
OKULYK.KZ
*
Книга
предоставлена
исключительно
в
образовательных
целях
согласно
Приказа
Министра
образования
и
науки
Республики
Казахстан
от
17
мая
2019
года
№
217
149
(99,97 және 99,99%) мыс өндіріледі. Өскеменнің металлургиялық ком-
бинаттарында электролиз тәсілімен басқа да бағалы металдар (мысалы,
тазалығы 99,99% алтын) алынады.