20
I Тарау. Психиатрия оқу пәні ретінде, оның міндеттері
Елімізде ауруларды әлеуметтік-кәсіби оналту кең көлемде жүргізіледі:
психоневрологиялық диспансерлер қарамағындағы емдік-еңбектік шеберха-
наларда, жалпы өндірістік жағдайда ж әне мамандандырылған цехтарда
жүргізіледі. Ауруларды оңалтудың практикалық шараларын жүзеге асыруға тек
бөлімше психиатры ғана емес, сонымен қатар мекеме басшылары да атсалы-
сулары керек.
Науқастың әлеуметтік-кәсіби бейімделуінде отбасы үлкен рөл атқарады.
Аурудың отбасы мүшелерімен, әсіресе, ата-анасымен арақатынасының дұрыс
болмауы ремиссия үзілісінің себебі болуы мүмкін. Дәрігер өз ақыл-кеңесі
арқылы науқас отбасының науқасқа деген дұрыс көзқарасын қалыптастыруы
керек.
Шетел психиатриясы да психикалық ауруларды оңалту шараларына үлкен
көңіл бөледі. Дегенмен, басты назар оңалтудағы әсерлердің психологиялық
уәжіне аударылады.
Әлеуметтік психиатрия, соның ішінде, психикалық ауруларды оңалту еңбекке
қабілеттілік сараптамасы сияқты маңызды практикалық міндеттердің шешілуімен
тығыз байланысты.
Психикалық аурулардың нәтижесінде дамыған мүгедектік пайызы, жалпы
мүгедектілікпен салыстырғанда аз, бірақ психикалық аурулар арасындағы
мүгедектіктің басым пайызы — өте ауыр топтағы мүгедектер.
Психикалық аурулардың еңбекке қабілеттілігіне баға беру — қиын және
жауапты міндет. Дәрігер науқастың дертіне медициналық дұрыс баға беріп қана
қоймай, оның еңбекке қабілеттілігінщ дәрежесін анықтауға және сонымен
бірге қандай жағдайда еңбек ете алатынын анықтауға міндетті.
Психикалық науқастардың еңбекке қабілеттілігін анықтау мәселесін шешу-
ге үлкен үлес қосқандар — кеңес психиатрлары Т.А. Гейер және Б.Е. Мелехов.
Дерттің болжамын, емнің тиімділігін ескере отырып, аурулардың еңбекпен
қамтамасыз етілуінің маңыздылығын қарастыру еңбектік сараптама үшін
маңызды болып табылатын сенімді критерийлер жасауға ықпал етті. Сарап-
шылар алдында аурулардың еңбекке қабілеттілігіне баға беру кезінде олардың
еңбекке қабілетсіздігінің ұзақтығы туралы сұрақ туады. Егер аурудың еңбекке
қабілетсіздігі уақытша болса, оған басқа аурулар кезіндегідей ауруханалық
анықтама қағазын береді. Аурухана қағазын психикалық ауруларға бергенде,
оның мерзімі, аурудың еңбекке уақытша қабілетсіздігінің үзақтығының жалпы
ережелерімен а ^ ^ о л а д ы . Бірақ, негізгі мерзімі — 4 ай. Дегенмен, бұл міндетті
емес.
Мүгедектіктің алдын алу шарасының бірі созылмалы ұстамалармен ауру-
ларды 4 ай өтсе де мүгедектікке көшірместен белсенді емдеу болып табылады.
Кей кезде толық емдеу үшін ауруханалық қағазын 2—3 айға созады.
Сарапшыға аурудың еңбекке қабілеттілігі туралы мәселені шешу үшін
науқастың әлеуметтік-еңбектік тәртібі жайында мәліметтер керек және сарап-
тау кезінде оның клиникалық жағдайына дұрыс баға беру керек. Мұның бәрі
дұрыс сараптамалық қорытынды жасауға мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: