Оқулық Ѳнделген ж әне толықтырылған 2-басылым



Pdf көрінісі
бет182/343
Дата02.12.2023
өлшемі11,02 Mb.
#194683
түріОқулық
1   ...   178   179   180   181   182   183   184   185   ...   343
Байланысты:
Sarsembaev-K.T.-Kn.-Psihiatriya

Баяу ағымды шизофрения
Бұл форма шизофренияға жалпы тән негізгі белгілермен сипатталады. Со­
нымен қатар, айтарлықтай ерекшеліктері де бар: тұлғаның типті өзгерістері 
баяу дамиды және онша айқын емес, өнімді психопатологиялық симптомати­
ка редукцияланған түрде көрінеді. Баяу ағымды шизофренияға тән бұзылыстар 
шеңберіне жабысқақтықтар, истериялық, астениялық, астеносенестопатиялық 
бұзылыстар, кейде паранояльды бұзылыстар жатады.
Баяу ағымды ш изофренияға диагноз қою кезінде обсессия анықталған 
жағдайда екі нәрсені ескеру керек: обсессияның пайда болуына бейім емес 
тұлғада дамуы және обсессияның сыртқы себепсіз пайда болуы мен олардың 
шеңберінің жылдам кеңеюі.
Диагноз қою үшін кенеттен, сырттан ықпалсыз бұрын науқас тұлғасына тән 
емес истериялық көріністердің пайда болуы да маңызды болып табылады.
Психопатия тәрізді шизофренияның көрінісі психопатия кезіндегі психикалық 
бұзылыстарға ұқсас. Сонымен қатар, шизофренияның бұл формасымен сырқат 
науқастарда, патохарактерологиялық бұзылыстардан бөлек, тұлғаның айқын емес


Жалпы клиникалық сипаттамасы
321
дәрежедегі өзгерісі бакыланады: эмоционалды бұзылыстар (суыктык, кейде ту- 
ыстарына деген дұшпандык катынас, аффект парадоксальдылығы, көңіл-күйдің 
мотивсіз өзгерістері), интеллекгуалды бұзылыстар (рефлексияға, өзіндік анализ- 
ге бейімділік, оғаш, айрыкша қызығушылықтар және т.б.). Аурудың даму үрдісінде 
симптоматика күрделенеді — ұзаққа созылатын аффективті тербелістер, аса бағалы 
және тұрақсыз паранойяльды идеялар пайда болады. Баяу ағымды шизофрени­
ямен сырқат жасөспірімдер мен жеткіншектер ассоциальды орталарға жиі елігеді.
Кейбір паранояльды бұзылыстар баяу ағымды шизофрения шеңберінде аса 
бағалы идеялар түрінде ғана емес, сандырақтық бұзылыстар түрінде де бақылануы 
мүмкін. Жиі «баяу ағымды шизофрения» диагнозының сатылы мәні болады, 
яғни, аз үдемелі шизофренияға тән бұзылыстар фонында параноидты немесе 
ұстама тәрізді — үдемелі шизофренияға тән психопатологиялык жағдайлар 
дамиды. Бұл ш изоф ренияны ң бір формасынан екінш і формасына өтуін 
көрсетпейді, шизофренияның әр түрлі формаларының бастапқы көріністерінің 
ұқсастығын меңзейді. Баяу ағымды ш изофрения болжамы едәуір жайлы. 
Ш изофренияның бұл формасымен ауыратын көптеген наукастар ұзак уакыт 
бойы өздерінің еңбекке кабілеттілігін сактайды.
Науқас 21 жаста. Психикалык аурулармен тұқым куалау ауырлығы жоқ. 
Отбасында бірінші бала. Анасының жүктілігі мен босануы калыпты өткен. 
Психикалык және физикалық дамуы қалыпты. Мінез-құлқы белсенді, достары 
көп болған. Біртіндеп өсе келе күмәншіл, ұялшақ, тұйық мінез қалыптаса 
бастаған. Үш жасынан бастап балалар бақшасына барған. Тез үйренісіп кеткен. 
7 жастан мектепке барған, жақсы оқыған, әсіресе, нақты ғылымдарға аса 
кызығушылык таныткан.
15 жасынан бері ауырады, еш себепсіз үрей пайда болып, есінен адасып кету, 
ауыр дертке шалдығу қорқыныш ы пайда болған. Көщ л-күйі түскен, өзін 
басқалардан кем санаған. Кезеңдермен өзіне көшедегі адамдар қарап, күлкі ететін 
тәрізді көрінген. Оған себеп ретінде өзінің сыртқы бейнесіндегі ақауларды есеп- 
теген («сүйкімсіз мұрын, қысық көздер, беті безеу»). Өз күйзелістерімен ешкіммен 
бөліспеген, бұрынғы достарынан алшақтаған, ешкімді көргісі келмеген, «өзіне 
түсіністікпен қарамайтыны және қажет емес іспен айналысуға мәжбүрлейтіндері 
үшін» ата-анасына өшігу сезімі пайда болған. Өзі үшін М әскеуге «нағыз 
медицинаға» жақын бару керек деп шешті. Ата-анасының жібермеуіне байла­
нысты үйде үнемі қақтығыс, ұрыс-керіс орын алды. Аса тітіркенгіш болып кетті, 
кезеңдермен мектепке барғысы келмеді («бәрібір өмірім біткен»). Сабақпен 
айналысу күрделене түсті: ойлары бір пәннен екіншісіне «секіріп» кетеді, зейінін 
жинақгау қиынға соқгы, оқығанын қабылдай алмады. Бұл кезеңде дәрігерге 
көрінген жоқ. Біртіндеп күйзелістері маңыздылығын жоғалтты, көмескіленді. 
Осы мерзімге дейін өзін дені сау сезінген кезең бакыланбаған: ойлау бұзылысы 
фонында кезеңдермен өзінің сыртқы бейнесі жөнінде күйзелістер, мұң, үрей, 
ұйқы бұзылысы күшейіп кеткен. Анасының айтуынша, осы жылдар аралығында 
оның мінезі өзгерді: тұйыкталып, түнере түскен, эмоционалды суыктык пайда 
болған, бұрын науқаста байқалмаған ата-анасына деген өшігу сезімі пайда болған.
Жағдайының соңғы нашарлауы 1983 ж. қыс айында бақыланған. Еш себепсіз 
көңіл-күйі түсіп, ауыр психикалык ауруға шалдыққанына көзі жеткен, «өмірім


322
ХХІѴ Тарау. Шизофрения
бітті» деп, өзіне-өзі қол жұмсағысы келген. Өткінші адамдардың өзіне қарап, 
сыбырласып, күлкі ететіндігін қайта байқай бастаған. Өзінің сыртқы бейнесі 
жөнінде күйзелістер қайта күшейген. Ата-анасының сұранысымен психиатрға 
алғаш рет қаралып, ауруханаға жатқызылды. С.С. Корсаков атындағы клиникаға 
түсті. Соматикалық және неврологиялық жағдайында патологиялық өзгерістер 
анықталған жоқ.
Психикалық жағдайы: түскен кезде санасы анық, бағдарлаудың барлық түрі 
дұрыс, көңіл-күйі төмендеген. Әңгімелескен кезде басын төмен түсіріп бүкірейіп 
отырады, мимикасы кедейленген, дауысы жай, біртекті. Денесінің әр түрлі 
бөліктеріндегі жағымсыз сезімдерге спонтанды түрде көптеген шағымдар ай- 
тады, өте ауыр дертке шалдыққанмын («мүмкін қатерлі ісік ауруы») деп санай- 
ды, өзін жақсылап тексеруден өткізуді сұрайды. Сонымен қатар, өзін ауруха- 
нада, дәрігерлердің жанында «дұрысырақ сезінетінін» айтады. Кезеңдермен 
науқасқа тұрмыстық жолмен мерез ауруын жұқтырып аламын деген ойлар 
келеді. Бұл қорқыныштарының негізсіздігін түсіне тұра, оларға қарсы тұра 
аламайды. Жұқтырмас үшін бөтен адаммен контактіден кейін қолын ұқыпты 
жуып, 3 рет сілкілейді. Көп уақытын жалғыз өткізеді. Өз күйіне сыни көзқарас 
өте формальды сипатта. Көңіл-күйінің жақсарғанын сезінеді және кешкісін 
үрейлі күйдің азайғанын айтады. Суицидальды ойларды жоққа шығарады.
Емдеу нәтижесінде науқастың жағдайы едәуір жақсарды: үрей азайды, 
жабырқаулы күй жойылды, ішкі мүшелер тарапынан жағымсыз сезімдерге аз зейін 
аударады. Мерез жұқтырып алудан қорқыныш сақталып қалды, бірақ бұрынғы 
өзектілігін жоғалтты. Айналасындағылардың өзіне деген ерекше көзқарастарын 
сезінбейтін болды. Болашаққа жоспар құрады, аудандық психиатрдың бақылауына 
галоперидолмен сүйемелдеуші ем тағайындалып шығарылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   178   179   180   181   182   183   184   185   ...   343




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет