318
ХХІѴ Тарау. Шизофрения
Мектепке 7 жастан барған. Орташа оқыған. Үйге берген тапсырманы жол-
дастарынан көшіріп алатын болған. Мінез-құлқы сабырлы күйінде қалған. Бір
күні ата-анасы на басы ны ң іш інен бір дауыстар еститіндігін айтқан.
Психиатриялық ауруханаға жатқызылған. Ауруханада
стереотипті қозғалыстар,
гримасалар, шайнау және мойын бұлшық еттерінің тонусының жоғарылағаны
байқалған. Кейде бірнеше сағат бойы бір позада тұрып қалған, кейде күрт қозу
жағдайына ауысқан, агрессивті, өз киімдерін жыртып, науқастарға ж әне
қызметкерлерге шабуыл жасаған. Өзін күтінбейді, жуынбайды. Тәбеті өте
жоғары, басқа аурулардың тамағын тартып жейді. 1981 ж. П.П . Кащ енко
атындағы ауруханаға ауыстырылды. Сол кезден бері жағдайы өзгеріссіз қалды:
ешкіммен қатынасқа түспейді, көп уақытын төсекте өткізеді, ән айтады, еріксіз
күле береді, былдырлайды. Кейде қабағын түйіп,
бір нәрсені тыңдағандай бо-
лады, бірде қозғыш, дәлізде жүгіріп, бір жаққа талпынады, науқастарға агрес
сия танытады. Тәбеті жоғары, кез келген нәрсені аузына салады: конфеттерді
орамасымен жейді, бірнеше рет целлофанды пакетті жұтуға тырысқан. Ауру-
ханада науқас нейролептиктердің
массивті дозасын алды, бірақ жағдайы
жақсарған жоқ.
Ядролық шизофренияның қарапайым түрінен басқа гебефрениялық, пара-
ноидты, кататониялық варианттары бар.
Ядролық шизофренияның
гебефрениялық щсқасының
дамуы энергетикалық
потенциалдың төмендеуі немесе эмоциялық дефициттің пайда болуынан ба-
сталады. Ары қарай аталған өзгерістер фонында сандырақтық галлюцинаторлы
күйзелістермен, жүріс-тұрыс бұзылыстарымен, полим орф изм мен ж әне
симптоматиканың қарапайымдылығымен сипатталатын жедел психотикалық
күй дамиды. Одан кейін ол рудиментарлы кататониялық,
сандырақтық және
галлюцинаторлы құбылыстармен соңғы жағдайға ауысады. Кататониялық
симптом жиі алаңғасар жүріс-тұрыспен көрініс береді.
Ядролық шизофренияның
параноидты вариантының
динамикасы күрделірек.
Ол жоғарыда аталып өткен негативті құбылыстардан басталады, бірақ жедел
психотикалық жағдайға дейін ауруларда энергетикалық потенциалдың төмендеуі
немесе эмоционалды жетіспеушілік фонында невроз тәрізді, паранояльды,
психопатия тәрізді симптомдар дамиды. Невроз тәрізді симптоматика обсессия
түрінде, паранояльды симптоматика төмен жүйеліліктегі интерпретативті
сандырақпен көрінеді. Психопатия тәрізді бұзылыстар қозу, дөрекілік түрінде,
айналадағылармен сиыса алмаумен, өтірікшілдікпен, алкоголизацияға, есірткілік
заттарды қолдануға бейімділікпен көрінеді.
Бұл топ науқастарында кейін келе тұрақсыз кататониялық симптоматикамен
параноидты синдром — К андинский—Клерамбо синдромы пайда болады.
Осылайша, кататония элементтерімен жүретін сөйлеу үзілісімен (шизофазия)
сипатталатын соңғы күй дамиды.
Кататониялық вариантының
басталуы аталған нұсқалардағыдай болып келеді.
Жедел психотикалық жағдай ступор және субступор деңгейіндегі люцидті ка-
татониямен көрінеді (жеке сандырақтық және галлюцинаторлы
көріністер де
орын алуы мүмкін). Соңғы жағдай субступор деңгейіндегі рудиментарлы
кататониялық симптоматикамен сипатталады.