Оқулық Ѳнделген ж әне толықтырылған 2-басылым


ХХІѴ Тарау. Шизофрения СОТТЫҚ-ПСИХИАТРИЯЛЫҚ САРАПТАМА



Pdf көрінісі
бет188/343
Дата02.12.2023
өлшемі11,02 Mb.
#194683
түріОқулық
1   ...   184   185   186   187   188   189   190   191   ...   343
Байланысты:
Sarsembaev-K.T.-Kn.-Psihiatriya

330
ХХІѴ Тарау. Шизофрения
СОТТЫҚ-ПСИХИАТРИЯЛЫҚ САРАПТАМА
Ш изофрениямен зардап шегетін науқастар өздерінің істеріне есеп беруге 
және оларды басқаруға қабілеті болмағандықтан, қабілетсіз болып танылады 
және психиатриялық ауруханаға жолданады. Бұл қатарға ұстама тәрізді шизоф­
рения жағдайы жатпайды, бұл жерде еңбектік бейімделудің сақталуымен 
көрінетін ұстамадан кейінгі көп жы лдық терең ремиссия ж әне тұлғалық 
өзгерістің болмауы немесе төмен айқындылықтағы дәрежесі жөнінде сөз болып 
тұр. Бұл жағдайда науқасты қабілетті деп тану мүмкін болады. Аз үдемелі, баяу 
ағымды және постпроцессуальды психопатия тәрізді жағдайлар сараптамасы 
айтарлықтай қиындықтар туындатады.
Азаматтық акт жасау кезінде шизофрениямен сырқат науқастардың (неке 
қию, мүліктік келісімдер, өсиет және т.б.) қабілеттілігін бағалау осы актілерді 
жасау сәтіндегі науқастың психикалық күйімен анықталады. Науқастың 
психотикалық күйде жасаған азаматтық актілерінің заңды күші болмайды. Басқа 
жағдайларда науқасты қабілетті деп мойындау мүмкіндігі бар.
Ш изофрениямен сырқат науқастар әскери міндет атқаруға жарамсыз деп 
саналады.
А


XXV Тарау 
МАНИАКАЛЬДЫ-ДЕПРЕССИВТІ ПСИХОЗ
Маниакальды-депрессивті психоз
— бұл этиологиясы анықталмаған, ұстама 
тәрізді, айқын эмоциялық бұзылыстармен көрінетін психикалық ауру. Ереже 
бойынша, ол бұзылыстар өткеннен кейін науқастың дертті күйге дейінгі өзіне 
тән психикалық жағдайы толық қалпына келеді және тұлға өзгерістері пайда 
болмайды (ұстамалар санына тәуелсіз).
М АНИАКАЛЬДЫ -ДЕПРЕССИВТІ ПСИХОЗДЫҢ 
КЛИНИКАЛЫҚ КӨРІНІСТЕРІНІҢ ЕРЕКШ ЕЛ ІКТЕРІ
Маниакальды-депрессивті психозын (МДП) өткен жүз жылдықта дербес 
ауру ретінде Е. Крепелин анықтады.
М ДП-ның негізгі көріністері депрессивті және маниакальды күйлер болып 
табылады. Осы күйлердің әрқайсысының өзіне тән клиникалық көріністері 
бар: эмоциялық өзгерістер, интеллектуалды үрдістер ағымының қарқыны және 
белгілі бір психомоторлық құбылыстар. Депрессивті күйде науқастың көңіл- 
күйі төмен, барлы қ психикалы қ үрдістер ағымы, сон дай -ақ қим ы лды қ 
көріністер баяулаған, ал маниакальды күйде көңіл-күй көтеріңкі, психикалық 
үрдістердің ағымы жылдамдаған, іс-әрекетке талпыны стын жоғарылауы 
байқалады.
Бұл аталған көріністер әлсіз айқындылық дәрежесінен өте айқын дәрежеге 
дейін байқалуы мүмкін. Сонымен, субдепрессия жағдайында науқастар 
жабырқау көңіл-күйге, жеңіл қажу күйіне, ойын жинақтау қиындығына шағым- 
данады. Әлем көңілсіз болып көрінеді. Кейде аффективті патология әртүрлі 
сенестопатиялар, ағза қызметінің бұзылыстары түрінде дамиды. Сандырақ 
идеялар, терең депрессия күйі байқалмайды. Гипомания кезінде аздап көңіл- 
күй көтеріңкі және психомоторлы белсенділік артады. Олар өмірге құштар, 
әрекетшіл, өздерін жоғары бағалайды, кейде өткір, тітіркенгіш болып келеді. 
Дегенмен, олардың әрекеті өнімді болып қалады ж әне көбіне қызметін 
жалғастыра береді. Депрессивті және маниакальды күйлер бірден пайда бол- 
майды, олар белгілі бір кезеңдерден өтіп дамиды. Дегенмен, маниакальды 
аффект депрессивті аффектімен салыстырғанда, жылдам дамиды.
МДП салыстырмалы түрде кеш басталады. Науқастанғандардың орта жасы 
35—40 жас. М Д П -ға әйелдер ж иі шалдығады. М ДП -н ы ң таралуы 5000— 
10 000 тұрғынға шаққанда, 1 науқасты құрайды. Бұл дерт көзге көрінбейтін 
себептерден немесе қандай да бір зиянды фактордың әсерінен кейін дамуы 
мүмкін. Дерт депрессивті күйден де, сондай-ақ маниакальды күйден де баста- 
луы мүмкін. Үстамалардың ұзақтығы әр түрлі, олар бір аптадан бірнеше айға


332
XXV Тарау. Маниакальды-депрессивті психоз
дейін созылуы мүмкін. Ереже бойынша, ұстама науқастың сауығуымен, 
психикалык бұзылыстардың жойылуымен аяқталады, бірақ арада бірнеше уақыт 
өткеннен кейін наукастарда аффективті бұзылыстар кайта дамиды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   184   185   186   187   188   189   190   191   ...   343




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет