Маниакальды-депрессивті психоздың клиникалық көріністерінің ерекшеліктері
333
де бұл сезімдер
anaesthesia psychlca dolorosa
(жанға бататын психикалық
сезімсіздік) дәрежесіне дейін жетеді. Мұндай жағдайда науқастар өз күйлеріне
қатты күйзеледі. Науқастар өзінде қандай болмасын сезім тудыру үшін өз
денесіне терең тілімдер немесе басқа да зақымдар жасаған оқиғалар орын алған.
Дегенмен, анестетикалық депрессия
қоршаған ортаға немқұрайлы, селқос
қатынас арқылы жиі көрініс береді (бұл күйді ш изоф рениям ен сырқат
науқастардағы эмоционалды кедейлену жағдайымен шатастырмау керек).
Науқас Е.И ., 54 жаста, психикалық аурулармен тұқым қуалаушылық
ауырлығы анықталмаған. Ауылда туылған, мектепке дейінгі кезеңін өте бұ-
лыңғыр есіне алады. Мектепке 7 жасында барған. Оқуға ешқандай қызуғушылық
болмаған. Мінез-құлқы салмақты, аз араласатын болған, бос кезінде үй шару-
асымен айналысқанды жақсы көрген. 20
жасында Мәскеуге көшіп келген,
машинистка болып жұмысқа орналасқан. Тұрмысқа шыққан. Некеден ұл мен
қызы бар. Мінез-құлқы сол салмақты, томаға күйінде қалған, үй шаруасымен,
күйеуі мен балаларын күтіп, бағуды ұнатқан. 1965 жылы (науқас 46 жаста) қатты
жақсы көрген ағасының өлімінен кейін науқастың көңіл-күйі бірден төмендеп,
еш нәрсе істей алмай қалған. Үйқысы бұзылған, қорқыныш сезімі пайда болған,
төсінің артында ауырлық сезімі пайда болған, тәбеті төмендеп, бір айдың ішінде
5 кг-ға азып кеткен. Көңіл-күйінің тәуліктік тербелісі байқалып, таңертеңгі
мезгілде өзін аса нашар сезінген. Сол кезде психиатрға алғаш рет көрініп,
психиатриялық ауруханада 45 күн емделген. Амитриптилин, тазепам, элениум
қабылдаған. Ауруханадан шығар кезеңінде көңіл-күйі толық тұрақталды, ұйқысы
жақсарды, тәбеті дұрысталып,
қорқыныш сезімі жойылып, төс артындағы
ауырлық сезімі басылған. Ауруханадан шыққанан кейін қызметіне оралып,
көңіл-күйі қалпына келді. Күйеуі мен балаларына қамқор болып, уақытының
көп бөлігін үй шаруасына бөлген. К ейіннен 2—3 жылда бір рет түрлі
психиатриялық ауруханаларда көңіл-күйінің төмендеуі, қорқыныш сезімінің
пайда болуы, ұйқысы мен тәбетінің нашарлауына байланысты жатып, ем
қабылдап тұрған. Стационарда орташа болу мерзімі 1,5—2 ай. 15 жылдық
бақылауда науқас тұлғасында ешқандай өзгеріс байқалмаған.
Кәсіби міндеттерін
дұрыс атқарып, үй шаруасымен жеңіл айналысқан, әрдайым күйеуі мен бала
ларына қамқор болып жүрген. Өзінің сырқатына сыни көзқарас дұрыс. Көңіл-
күйінің қашан төмендеп басталғанын анық атап береді. «Дерт» кезеңдері мен
«сауығу» кезеңдерін анық айыра біледі.
Сырқатының соңғы ұстамасы ешқандай себепсіз дамыған. Немқұрайлылық,
селқостық, суицидальды ойлар пайда болған.
Ауруханаға жеткізген кезіндегі психикалық күйі: орын мен уақыт бойынша
бағдары дұрыс, бет-әлпеті мұңды, қимылы мен сөйлеуі баяулаған, кеуде
тұсындағы ауырлық пен қысымға шағымданады. Науқас ағасының қайтыс
болғанына өзін кінәлімін деп есептейді, оның өлімінің алдын алғанымда бұлай
болмас еді дейді. Өлім жазасына тартылуым керек деп мәлімдейді. «Жақындарына
туыстық сезімін» жоғалттым деп өзін кінәлайды. Тамақты мәжбүрлеумен ішеді.
Типті депрессивті күйдің келесі варианты
Достарыңызбен бөлісу: