Оқулық Ѳнделген ж әне толықтырылған 2-басылым


Бас миының атрофиялық үрдістер кезіндегі



Pdf көрінісі
бет197/343
Дата02.12.2023
өлшемі11,02 Mb.
#194683
түріОқулық
1   ...   193   194   195   196   197   198   199   200   ...   343
Байланысты:
Sarsembaev-K.T.-Kn.-Psihiatriya

Бас миының атрофиялық үрдістер кезіндегі 
психикалық өзгерістер
Кәрілік алды ж әне кәрілік жас кезеңдерінде ауыр психикалык бұзылыстар 
бас миының органикалык бұзылыстарымен сырқат наукастарда кездеседі. 
Мұнда бас миының атрофиясына байланысты психикалык бұзылыстар және 
кәрілік жас акыл кемдігі жатады.


346
ХХѴІ Тарау. Кэрілік кезеңнің психикалық аурулары
Бас миындағы атрофиялық үрдістер П ик, Альцгеймер атауларын алған 
(оларды алғаш суреттеген психиатрлар есімімен аталған) типті психикалық 
бұзылыстармен жүреді.
Пик ауруы
Бұл ауру үдемелі амнезия, тотальды ақыл кемдігінің дамуымен сипатталады. 
Оның бастапқы даму сатыларында тұлғаның айқын өзгерістері байқалады, ол 
аспонтандылықпен ж әне псевдопаралитикалық ауытқумен сипатталады. 
Аспонтандылық немқұрайдылықпен, бейғамдықпен, апатиямен байланысты 
көрінеді. Науқастар өздері бастап ештеңе жасамайды, ал бірақ ынталандырушы 
стимул болған жағдайда күрделі істерді де атқарады. Кейде бұл жағдай 
псевдопаралитикалық сипат алып, әуестіктер тежеусізденуі элементтерімен, 
бейғам-эйфориялы көңіл-күймен байланысты көрініс береді. Науқастар өткен 
күн оқиғаларын, ағымдағы болып жатқан жайттарды естерінде сақтамайды, 
әдеттегіден тыс жағдайларда таныс адамдарын кездестіргенде, танымай қалады. 
Науқас өз жағдайына сын көзбен қарамайды, бірақ өзінің дәрменсіздігіне көзі 
жеткенде күйінеді, реніш танытады. Бірақ мұндай реакция қысқа уақытты. 
Әдетте, науқастар біркелкі, бейғам көңіл-күймен жүреді. Ойлаудың дөрекі 
бұзылыстары байқалады. Науқастар өз сөздеріндегі айқын қайшылықтарды 
байқамайды. Мысалы, науқастар өздерінің дәрменсіздігіне қарамастан, әр түрлі 
жоспарлар құрады. Оқиғалардың мағыналық мәнін түсінбейді. Ойлаудың бұл 
дөрекі бұзылыстары психологиялық зерттеулерде жеңіл анықталады. Науқастар 
сюжетті көріністердің мәнін суреттеуге қабілетсіз және тек жеке компоненттерін 
атап шығады. П ик ауруымен сырқат науқастарға тұрақты симптомдар тән, 
мысалы, науқас бір сөз айналымдарын қайталай береді. Аурудың даму дәрежесіне 
байланысты неврологиялық бұзылыстар да пайда болады: агнозия, сөйлеу 
бұзылысы, апраксия жән т.б.
Науқас С., 54 жаста. Психикалық аурулармен тұқым қуалау ауырлығы жоқ. 
Әкесі аздап тұйықтау, әңгімеге үйір емес. Анасы үрейшіл, жанұя мүшелерінің 
денсаулығы үшін себепсіз мазасызданатын.
Науқас бала кезінде инфекциялық аурулармен ешбір асқынуларсыз ауырған. 
Дамуы жағынан құрдастарынан артта қалмаған. Өзі мінезі жағынан ашық емес
эгоист. Мектепте үздік оқыған. 9-шы сыныптан кейін ФЗУ аяқтаған. Біраз 
уақыт кітапханашы болып жұмыс істеген, жолдамамен педагогикалық училе- 
щеге түскен. Бастауыш мектептерде мұғалім болып істеген. 21 жасында тұрмыс 
құрған, бір баласы бар. 49 жасында есте сақтау қабілетінің бұзылысы байқалады. 
Сабақ беру кезінде сасқалақтап, оқушыларының есімін ұмыта берген. Көп жыл 
бірге істеген қы зметтестерінщ де есімін шатастырған. Қорш аған ортаға 
немқұрайдылық арта түскен. Үйде барлық заттарын тығып, жасырып, біраз 
уақыт өткен соң оларды қайда ты ққанын ұмытып, жақындарын ұрлыққа 
кінәлаған. Жолдасының қатты науқастануына байланысты, жұмыстан шығуға 
мәжбүр болған. Науқас жолдасының ауыр дертті күйін түсінбеген. Үйде майда- 
шүйдеге айқай шу шығарған, өзіне назар аудартқысы келген. Бұрынғысынша 
ақша, құжаттарды кітап, кілем арасына тығуды жалғастырған. Есте сақтау


Жалпы клиникалық ерекшеліктері
347
кабілетінің төмендеуі өршіп, элекгроқұрылғылар, газды өшіруді ұмыгып кететін 
болған. Көшеде бағдарлап жүре алмай, өзін-өзі күте алмаған. Психиатриялық 
ауруханаға жаткызылған.
Психикалык күйі: түскен кезде кай жыл, кай ай, кай күн екенін, кандай жыл 
мезгілі екенін айта алмады. Өзін «С.П. Боткин атындағы ауруханада» жатырмын 
деп есептейді. Өзіндік тұлғасына бағдары аздап дұрыс. Көп ойланып, өз туған 
жылын атады. «Асказан бұзылысына» шағымданады. Ауру себебін көршілері 
заттарын иемдену үшін тамағына улы зат косканнан болды деп есептейді. 
Көңіл-күйі бейғам сипатта. Естің айқын бұзылысы байкалады. Сенгіш, аспон- 
танды. Жолға жиналу талпыныстарымен мазасыздық күйі бакыланады, олар 
үреймен және өнімділігі төмен конфабуляциялармен катар жүреді. Осы сәтте 
жолдасын өлтіріп кетті деген сескеністі мәлімдейді. Дәрігерлерден шығу 
мерзімін нактылап сұрайды. Өнімсіз іскерлік танытады: кағаздарын калтасына 
жинайды, заттарын түйіндеп байлап, тумбочкадан алып, жастық астына тығып, 
сосын керісінше жасайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   193   194   195   196   197   198   199   200   ...   343




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет