Жалпы
клиникалық ерекшеліктері
349
қорғансыз күйге түскен, өзін-өзі қамтамасыз ете алмай, үйіне ешкімді
кіргізбейтін болған, үйін тонап кетеді деп корыккан. Өгей кызына катысты
катынас және зиян келтіру идеяларын айтатын болған. Жады бұзылысы арта
түскен, үрейшіл, мазасыз күйге түскен, конфабуляциялар пайда болған.
Ауруханаға жатқызылған.
Психикалык күйі: түскен кезде айды, күнді, жыл мезгілін айта алмаған. Өзін
«С.П. Боткин атындағы ауруханада» жатырмын деп есептейді. Өзіндік тұлғасына
бағдары аздап дұрыс. Көп ойланып, өз туған жылын атады. Асказан бұзылысына,
капуста жегеннен кейінгі іш өтулерге шағымданады,
осының нәтижесінде
кұрметті адамдармен саяхатка шыға алмайтын болдым деп өкінеді. Саяхатка
арнайы дайындаған түйіндегі көйлегінің жоғалып кеткендігін айтады. Күйеуінің
жакындарына катысты зиян келтіру идеяларын айтады. Жолдасының кайтыс
болған күнін айта алмайды: 20 жыл бұрын немесе өткен жылы кайтыс болды
дейді. Өзге аурулар күтіміне катысуға ұсыныс жасайды.
Бөлімшеде науқас көңіл-күйінде бейғамдық басым. Сенгіш, аспонтанды.
Үнемі аяқ киімін буып койған түйіншегін өзімен алып жүреді. Нан, кағаз, әр
нәрсе оралған түйіншектерін іш киімінің астына тығып кояды. Жиі тұрақсыз
сипаттағы зиянкестік идеяларын айтып отырады. Соңғы кезде жылайды, өзінің
етігін, пальтосын, «баға жетпес» кітаптарын кайтаруды сұрайды. Жолға жина-
лу талпыныстарымен мазасыздык күйі бакыланады, олар үреймен
ж әне
өнімділігі төмен конфабуляциялармен катар жүреді. Осы кезде наукас күйеуін
өлтіріп кетті деген күдік айтады. Дәрігерлерден үкіметтің шақыруы бойынша
кемемен кашан саяхатқа шығамыз деп сұрайды.
Сандырацтыц жзне галлюцинаторлы жағдайлар.
Сандырактык және галлю-
цинацинаторлы жағдайлар түріндегі психикалык бұзылыстар ақылкемдігі тәрізді
кәрілік психоздары кезінде жиі кездеседі. Кәрілік психозының мұндай форма
сы наукастарда айқын ақыл кемдігі болмаған жағдайда бакыланады. Бұл кезде
депрессивті жағдай түріндегі эмоционалды бұзылыстар кездесуі мүмкін.
Наукастар соңына түсу, кінәлілік, такырға отыру және ипохондриялык сандырак
идеяларын айтады. Сандырақгык күйзелістер нақгы ситуациялармен байланы
сты. Сандырак мазмұнында шынайы жағдайлардың жеке фактілері көрініс
береді. Сонымен бірге науқастарда галлюцинаторлы симптоматика бакыланады.
Жиі көру және такгильді галлюцинациялар кездеседі. Өзінің мазмұны жағынан
олар сандырактык идеялармен байланысты. Эпизодты түрде
мол конфабуля-
циялармен ұштасатын бұзылған сана жағдайлары пайда болады.
Кәрілік кезеңдегі сандырактык психоздардың толкын тәрізді ағымда жүру
мүмкіндігі бақыланған. Бұл жағдайлар бірнеше рет қайталануы мүмкін. Олардың
арасында әртүрлі ұзактыктағы ашык аралыктар болады.
Кәрілік кезеңдегі психоздардың дифференциалды диагностикасы екі бағыгта
жүргізіледі: кәрілік жас кезеңінде болуы мүмкін психикалык аурулардан (МДП,
шизофрения, органикалык және т.б.), және пресенильді психоздардан ажыра
ту керек. БіріншІ топ психоздарынан ажырату кезінде бұл психоздардың алда
аталып кеткен диагностикалык сипатын ескеру керек. Кәрілік акылкемдігін
атрофиялык психоздардан ажырату кезінде келесілерді ескеру кажет: кәрілік
акылкемдігінің клиникалы к көрінісінің ерекшеліктерін, неврологиялык
350
ХХѴІ Тарау. Кэрілік кезеңнің психикалық аурулары
симптоматикалардың жоқтығын және дерттің басталуы кезіндегі науқас жасын.
Кәрілік функциялық психоздары аурудың басталу
мезгіліндегі айырмашы-
лықтарынан басқа, эпизодтылықпен және сандырақтық бұзылыстар кезеңіндегі
сана өзгерісімен де ерекшеленеді.
Достарыңызбен бөлісу: