Оқулық Ѳнделген ж әне толықтырылған 2-басылым


ЕҢ БЕККЕ ҚАБІЛЕТТІЛІКТІ БАҒАЛАУ ЖӘНЕ БАСҚА



Pdf көрінісі
бет194/343
Дата02.12.2023
өлшемі11,02 Mb.
#194683
түріОқулық
1   ...   190   191   192   193   194   195   196   197   ...   343
Байланысты:
Sarsembaev-K.T.-Kn.-Psihiatriya

ЕҢ БЕККЕ ҚАБІЛЕТТІЛІКТІ БАҒАЛАУ ЖӘНЕ БАСҚА 
САРАПТАМАЛЫҚ М ӘСЕЛЕЛЕРДІ ШЕШУ
Үстамадан кейін науқастар, ереже бойынша, еңбекке қабілетті. Аса ұзаққа 
созылған ұстамалар кезінде (жиі депрессивті ұстамаларға тән) немесе сырқаттың 
ағымы 
contmua
(жалғасқан) типте болса, оларға мүгедектік тағайындау керек.
Айқын аффективті бұзылыстар жағдайында қылмыстық жауапкершілікті 
қажет ететін істер жасаған науқастарды сот-психиатриялық сараптамадан өткізу 
кезінде, олар қабілетсіз болып танылады, ал егер жағдай азаматтық акт жөнінде 
болса, онда қабілетті болып табылады. М ДП-тан зардап шегетін науқастар 
әскери қызмет өтеуге жарамсыз деп танылады.


ХХѴІ Тарау 
КӘРІЛІК КЕЗЕҢНІҢ 
ПСИХИКАЛЫҚ АУРУЛАРЫ
Психикалык аурулардың бұл тобы көрінісі мен айкындылык дәрежесі бой- 
ынша әр түрлі психикалык бұзылыстардан кұралады, олардың пайда болуы 
науқас ағзасындағы жасқа байланысты өзгерістермен тікелей немесе жанама 
түрде байланысты болып келеді.
ЖАЛПЫ КЛИНИКАЛЫҚ ЕРЕКШ ЕЛ ІКТЕРІ
А ғзаны ң картаю ы оны ң барлы к — биологиялы к ж ән е психикалы к 
функцияларының өзгерістерімен бірге жүреді. Бірак бұл өзгерістердің сипаты 
және пайда болу уақыгы әрбір жеке адамда ерекше болып келеді және тербелмелі: 
ж аска байланысты психикалык өзгерістер ағза картаю ының соматикалык 
көріністерімен сәйкес келе бермейді. Қартаюшы адамдардың соматикалык 
көріністерінің өзі міндетті түрде өзгеріске ұшырамайды. Ағзаның бір жүйесінде 
жасқа байланысты өзгерістер мүлдем байқалмаса, ал басқа бір жүйесінде айқын 
көрінеді. Мысалы, жасқа байланысты тірек-қимыл аппаратының өзгерістері 
айқын байқалса, кан тамыр жүйесіндегі жасқа байланысты өзгерістер әлсіз 
көрініс береді немесе мүлдем болмайды. Бірак жаска байланысты өзгерістер 
жиі ағзаның барлык функциялык жүйелерінде белгілі бір аракатынаста бірлескен 
түрде байқалады.
Жасқа байланысты психикалык функцияның өзгерістері таңдамалы түрде 
және әр түрлі жас кезеңдерінде пайда болуы мүмкін. Яғни, адамның қиялдау 
қасиеті салыстырмалы түрде ерте әлсірейді — оның ашыктығы, бейнелілігі на- 
шарлап, психикалык үрдістердің каркыны, зейіннің жылдам ауысу қасиеті на- 
шарлайды. Кейінірек жаңа білім, дағды игеру нашарлайды. Керек кезінде кажет 
мәліметтерді еске түсіру киындайды (естің элективті бұзылысы). Бірак, белгілі 
бір мезгілден кейін ол мәліметгер еске түседі. Тұлғаға тән интеллекгуалды үрдістер 
қасиеті ұзақ сақталады. Психикалык үрдістер ағымының баяулауына байланысты, 
кандай да бір шешім кабылдау көбірек уакытты кажет етеді.
Эмоционалды көріністер жасқа байланысты түрлерін өзгертеді. Эмоционал- 
ды тұраксыздык, үрей дамиды. Жағымсыз күйзелістерге ұзак байланып калуға 
бейімділік, көңіл-күйдің үрейлі-депрессивті сипаты пайда болады. Психиканың 
жасқа байланысты өзгерістерінің пайда болу мерзімі салыстырмалы түрде ин- 
дивидуалды болып келеді. Жеке адам өмірінің жасқа байланысты өзгерістер 
пайда болатын белгілі бір кезеңдері болады. Оның бірі — жасқа байланысты 
болса, ал екіншісі — ағзаның гармоналды-физиологиялык өзгерісінің (климакс)


Жалпы клиникалық ерекшеліктері
341
басталуына сәйкес келеді. Инволюциямен байланысты психикалык өзгерістер 
50—60 жастан басталады. Кәрілік алды және кәрілік кезеңіндегі психикалык 
бұзылыстар шекаралык психикалык бұзылыстар және психоздар түрінде көрінеді. 
Егде жастағы адамдарда психикалык бұзылыстар жиілігі өте жоғары.
65 жастан жоғары адамдарда әр түрлі дәрежедегі психикалык бұзылыстар 
30—35% кұрайды, оның ішіне психоздар мен ақыл кемдігі 3—5%. Жас ұлғайған 
сайын ауыр психикалык өзгерістердің пайда болу қауіптілігі артады. Шекаралық 
бұзылыстарға невроз тәрізді, аффективті бұзылыстар және тұлғалық өзгерістер 
жатады.
Невроз тәрізді бұзылыстар ұйкы бұзылысымен, денедегі әр түрлі жағымсыз 
сезімдермен, эмоциялық-тұраксыз көңіл-күймен, тітіркенгіштікпен, ешқандай 
негізсіз жанұясы мен өз денсаулығы үшін үрейлену және т.б. көрінеді. Физикалық 
әлсіздік, соматикалык жайсыздық кандай да бір катерлі, дауасы жок «өлімге 
алып келетін» аурудың бар екендігі жөнінде ой тудырады. Наукас тұлғасындағы 
болып жатқан өзгерістер оның мінез-кұлықтық та және зияткерлік те қасиеттерін 
қамтиды. Харакгерологиялык ерекшелікгер наукас тұлғасына бұрын тән болып 
келген тұлғалык касиеттердің өткірленуі және күшеюімен көрінеді. Мысалы, 
сенімсіздік күдікшілдікке, ал кұнттылык — сараңдыкка, табандылык — 
қырсыктыққа ауысады. Интеллектуалды үрдістер өзінің айқындылығынан 
айрылады, ассоциациялар кедейлене түседі, түсініктерді біріктіру сапасы мен 
деңгейі төмендейді. Жаңа кұбылыстар мен оқиғаларды қорыту үшін көп уақыт 
пен үлкен табандылықты талап етеді. Жаңа ақпарат мүлдем игерілмейді не­
месе киындықпен қабылданады. Ең алдымен, күнделікті ағымдағы оқиғаларды 
еске сақгау нашарлайды. Өткен күннің оқиғалары киындықпен еске түсіріледі. 
Науқастардың сыни көзқарасы төмендейді, өзінің психикалык күйін және 
болып жаткан өзгерістерді дұрыс бағалай алмайды. Егде жастағы адамдардағы 
осы аталған бұзылыстардың ауырлық дәрежесі салыстырмалы түрде жеңіл 
бұзылыстардан жүйелі емді және психиатр бақылауын қажет ететін айтарлықтай 
терең бұзылыстар дәрежесіне дейін әр түрлі болуы мүмкін.
Психикалык бұзылыстардың айқын формалары психоз түрінде көрінеді. 
Қабылданған жікгеу бойынша олар кәрілік алды немесе инволюционды, кәрілік 
жас психоздары деп бөлінеді. Кәрілік алды психоздарына 
инволюциялық мелан­
холия
және 
инволюциялық параноид
жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   190   191   192   193   194   195   196   197   ...   343




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет