320
ХХІѴ Тарау. Шизофрения
тырысқан. Одан да жақсы жұмыс атқаруға тырысқан. Кейінірек бастығының
қызметтестерімен бірігіп, бәсеке тудырмас үшін өзін ығыстыратындығын
«түсінген». Науқас бұрыннан ғылыми мәселелермен шұғылданатын және осы
сәтте оған өзінен «дарынды тұлға» ретінде олардың құтылғысы келетіндігі
жөнінде ой келеді. Кейінірек науқасқа ғылыми идеялары мен жоспарларын
айналадағылар біліп жүр деген ой келді. Арнайы құрылғы көмегімен өзінің ойын
оқып отыр және шатастырып жатыр деп айтқан. Кезеңдермен қозу жағдайында
болды, сөзшең, «ғылыми жобаларымен» әр түрлі мекемелерге баруға тырысқан.
Жағдайының нашарлауына байланысты психиатриялық ауруханаларға көп
рет жатқызылды. 35 жасына ІІ топ мүгедегі, кейін І топ мүгедектігіне өтті.
Белсенді емдеу жүргізгенде кезеңдермен өнімді психикалық бұзылыстардың
әлсірегені байқалған. Соңғы жылдары дертті көріністер айқындылығы азайған.
Науқас үшін сандырақтық күйзелістер өз маңыздылығын жоғалтты.
Қарау кезіндегі психикалық жағдайы: уақыт және орын бойынша дұрыс
бағдарланған; өз жағдайына сыни көзқарас жоқ, өзін көкіректеніп ұстайды. Сөзі
монолог тәрізді, сөзінде мағына жоқ. Науқастъщ айтуы бойынша, ол көп жаналыктар
ашқан, жаңа академия құрып, оның басшылығымен ұзақ өмір сүру және космос
пробремалары шешіледі. Бөлімшеде ештеңемен айналыспайды. Көп уақытын
төсекте өткізеді немесе дәлізде әрі-бері жүреді. Басқа аурулармен қатынаспайды.
Параноидты шизофренияның сандырақтық нұсқасымен салыстырғанда
галлюцинаторлы нусқасында
параноялы сандырақтың жоғары дәрежелі жүйесі
жоқ. Парафренді жағдайға өту аздап өзгеше болады. Жалған галлюцинациялар
сипаты параноидты сандырақ сатысында-ақ өзгереді ж әне оның нәтижесі
ретінде жалған галлюцинаторлы парафрения дамиды. Экспансивті парафрения
да тән емес. Жалған галлюцианаторлы парафрения көрінісінде бертін келе
шизофазия құбылысы пайда болады және қорытынды ретінде соңғы жағдай
дамиды. Параноидты шизофренияның галлюцианаторлы вариантының бол-
жамы нашар және дәрілік терапияның тиімділігі төмен.
Достарыңызбен бөлісу: