2-Қосымша
461
Депрессиялық жағдайдағы науқастарға күтім мен бақылау үйымдастыру.
• Депрессиялық жағдайдағы науқастар психиатриялық стационарда емдеуді
қажет етеді және міндетті түрде ауыстырылуы тиіс.
• Психиатриялық ауруханаға ауыстырылып, тасымалданғанға дейін науқасты
қатаң бақылауға алу керек, себебі қашып кету және өзіне-өзі қол жұмсау
қаупі болады.
• Стационарда үнемі оның жанында асханаға, дәретханаға алып баратын,
арқан, шеге, шыны сынықтары, шанышқы, қасық жасырып қоймас үшін
төсек-орны мен киімін тексеретін бақылаушы (пост) болуы керек.
• Дәрілерді ұнтақ түрінде медбикенің бақылауымен қабылдауы қажет және
одан кейін ауыз қуысын қарау керек.
• Персоналдан таңертеңгі уақытта және таң алдында аса қырағылық талап етіледі.
• Бұл науқастар күтіну дағдыларын жоғалтуы мүмкін (жуынбайды, ұйық-
тамайды, тәбеті жоғалады, тамақтан бас тартады, іш қатулар болады
және т.б.), оларға жуынуға, киінуге, ауыз қуысының тазалығын сақтауға,
үлкен дәретін қадағалауға көмек қажет. Гш айдайтын заттар беру керек:
рауғаш, итжүзім. Егер бұлар көмектеспесе, тазалау клизмасын жүргізеді.
Тамақтануын қадағалау қажет.
• Науқастарға жамылғыны басына дейін бүркеуіне рұқсат етуге болмайды,
олар әрқаш ан персоналдың көз алдында болуы керек; қайда болса да
олардан бір секундқа да көз айырмау керек. Егер науқас суицидальды
әрекетке барған жағдай орын алса, оған шұғыл көмек көрсету қажет: жіптен
шешіп алу, жасанды тыныс алдыруға тырысу, қан кетуді тоқтату және т.б.
Достарыңызбен бөлісу: