2-Қосымша
459
Көмекті уйымдастыру.
1. Психотикалы қ емес жағдайлар шұғыл көмекті ж әне психиатриялық
ауруханаға ауыстыруды қажет етпейді. О рны нда емделеді, психо-
терапиялық әңгімелесу, тыныштандыратын заттар — бром, валериа
на; ұйықтатын дәрілер, транквилизаторлар — триоксазин, элениум,
седуксен тағайындалады. Мүмкіндігінше, психиатр кеңесі өткізілгені
дұрыс.
2. Жедел қы сқа мерзімді психоздар: шұғыл көмекті қажет етеді, бірақ
психиатриялық ауруханаға ауыстыруды қажет етпейді, орнында емделеді:
негізгі дерттің белсенді терапиясы, синдромальды ем.
3. Созылыңқы психоздар: психиатриялық ауруханаға ауыстыруды ж әне
тасымалдауды қажет етеді. Ауыстырғанға дейін:
а) науқастың айналасындағыларға қауіпсіздігін қамтамасыз ету, науқасты
палатасынан ауыстыру, науқасты бірінші қабатқа ауыстыру, терезені
қоршау, қауіпті заттарды жою және т.б.;
б) персоналдың, науқастың туыстарының көмегімен тәуліктік бақылауды
ұйымдастыру;
в) персонал көмегімен тәуліктік бақылауды ұйымдастыру және сонымен
бірге психикалы қ бұзылыстардың мүмкін болатын соматикалы қ
себептерінің белсенді терапиясын жүргізу;
г) фиксация, иммобилизация және медикаментозды басуды ұйымдастыру;
д) психиатр кеңесін ж әне психиатриялық стационарға тасымалдауды
ұйымдастыру.
Достарыңызбен бөлісу: