3-Қосымша
469
көрініс беретіндігін түсінуге тырысыңыз. Мысалы,
есеңгіреу синдромының
мәні сергектік деңгейінің төмендеуі және психикалық қозу табалдырығының
жоғарылауы болып табылады. Бұл кезде сана тек «сандық» сипатта өзгереді.
Бұл науқас белсенділігінің азаюымен көрінеді: ол аз қозғалыспен тұруы мүмкін
немесе, отыруы, кейде жатуы мүмкін. Ол ешнәрсеге қатыспайды, ешнәрсеге
қызығушылық танытпайды, жиі қайталап қойылған сұрақтарға баяу жауап
береді. Жауаптары дұрыс,
бірақ біртекті, кейде персеверациялар байқалуы
мүмкін. Есеңгіреу тереңдей түскенде, науқас ұйқылы күйде тәрізді болады.
Бақылау, жүріс-тұрыстағы ауытқуларды анықтай білу, олардың себептерін
бағалай білу қабілеті тәжірибе үрдісінде келеді. Өз бойыңда қырағылық қасиетін
түзу маңызды болып табылады.
Бақылау әдісі сұрастыру әдісімен тығыз байланысты. Науқасты зерттеудегі
олардың нақты қатынасы әрқилы болуы мүмкін.
Бір жағдайларда, субъективті күйзеліс тудыратын симптомдарды анықтап
алған соң, дәрігер олардың объективті көріністерін іздей бастайды. Мысалы,
науқас
жоғары шаршағыштыққа, еңбекке қабілеттіліктің төмендеуіне, яғни
астениялық синдромға тән белгілерге шағымданды. Әңгімелесу кезінде науқас
бірде бозарды, бірде қызарды, терге малынады, зейіні жылдам қажиды, болған
жайттарды қиындықпен есіне алады, эмоциялық реакциялар танытады. Осы-
лайша, астениялық синдромның объективті белгілері көзге түсті.
Бірқатар жағдайларда науқас күйін объективті бақылау науқастың субъективті
шағымдарымен сәйкес келмеуі мүмкін. Мысалы, науқас әлсіздікке, қажу
жағдайына, еңбек қабілетінің төмендеуіне шағымдануы мүмкін. Ал, дәрігермен
сөйлескенде науқас белсенді — сағаттар бойында өзінің күйзелістері жөнінде
белсенді әңгімелейді, эмоционалды түрде өзінің әлсіреуі, шаршағыштына шағым
айтады. Объективті бақылау мәліметтері бұл жерде астениялық синдром
көріністерін емес, ипохондриялық синдром (өз күйінің ауырлығын әсіре бағалау)
көрінісін дәлелдеп отыр.
Кейде дәл осы объективті бақылау мәліметтері сұрастыру жүргізудің бүкіл
жолын анықтап береді. Мысалы, әлсіздік, нашар ұйқыға шағымданған науқаста
сіз оның баяу, жай сөйлейтіндігін, көздерінің мұңлылығын, кезеңмен күрсініп
отырғандығын байқай аласыз. Егер сіз бұл депрессияның объективті
белгілері
екенін білетін болсаңыз, онда ары қарай сұрастыру сізге дұрыс диагноз қоюға
мүмкіндік береді.
Кейбір науқастардың өздерінің дертті күйлерін жасыратындықтарын еске-
ру керек. Тек түпкілікті объективті бақылау ғана науқастың психопатологиялық
көріністерін анықтауға мүмкіндік береді. Бұл жиі галлю цинациялар мен
сандырақтық күйлерге қатысты.
Кейде психикалық аурулар науқастың кабинет алдындағы тұрысымен,
қалай
кіргендігім ен, сәлем десуім ен, оты ры сы м ен, ки ім ки ісім ен , қалай
сөйлейтіндігімен анықталады.
Объективті бақылау мәліметтерін алуға психиатрлар әр түрлі жолмен қол
жеткізеді:
1) науқасты тікелей тексеру үрдісінде;
2) науқасты медицина персоналының бақылауы үрдісінде.
470
3-Қосымша
Экспериментальды-психологиялык әдісті жүргізу кезінде келесі ережелерді
ұстану керек.
1. Нені, кандай әдіспен аныктағыңыз келетіндігін ж әне кандай нәтиже
алуыңыз мүмкіндігін жаксы білуіңіз керек.
2. Науқаска берілетін тапсырмаларды өте дәл, түсінікті кұру керек, яғни,
наукас нені, калай жасау керектігін.
3. Тексеруді тыныштык жағдайында, бөтен адамдарсыз жүргізу керек.
4. Эксперимент үрдісінде
науқас жұмысына араласпай, сабырлы түрде
бакылауға алып, тіркеу керек.
Достарыңызбен бөлісу: