1 есеп. Науқас М., 63 жаста сарғыш-жасыл түсті қақырықты жөтелге, дене қызуының 38,8*С-қа дейін артуы байқалды,жөтелге,бас ауру, жалпы әлсіздік және шаршағыштыққа шағымданған физикалық жүктеме кезіндегі ентігу
1 есеп. Науқас М., 63 жаста сарғыш-жасыл түсті қақырықты жөтелге, дене қызуының 38,8*С-қа дейін артуы байқалды ,жөтелге ,бас ауру, жалпы әлсіздік және шаршағыштыққа шағымданған. физикалық жүктеме кезіндегі ентігу, терең тыныс алғанда кеуде қуысының оң жақ бөлігінің орташа қарқынды ауырсынуын байқаған
Анамнезінде: 2-3 бұрын суықтанумен байланыстырады.емді өзі парацетамол,аспирин қабылдаумен сипаттайды. Емдеуде нәтиже болмаған, 25 жыл бойы күніне 1,5-2 қорап шылым шегеді.
Қарап тексергенде: жағдайы орташа ауырлықта. Дене қызуы – 38,5*С. ТАЖ – минутына 21 рет. Кеуде қуысы қалыпты, дем шығару кезінде кеуде қуысының оң жартысының артта қалуы байқалады,тері жабындылар және тері асты май қабаты қалыптыда. дауыс дірілі артқан. Перкуссияда оң жақ жауырын бұрышының төмен жақта тұйық дыбыс естіледі. Оң өкпенің төменгі жартысында аускультация кезінде әлсіреген везикулярлы тыныс және крепитация естіледі. Жүрек қан тамыр зерттеуінде жүрек дыбыстары тұйықталған, ырғағы қалыпты, шу жоқ. Жүрек соғуы – минутына 99, АҚҚ – 120/80 мм.сын.бағ.
Жалпы қан анализі: Гемоглобин – 110г/л, эритроцит – 4,1*1012/л, лейкоцит – 16,7*109/л, эозинофил - 1%, таяқшалы ядролар - 2%, сегмент ядро - 71%, лимфоцит - 18%, моноцит - 5%, ЭТЖ – 30мм/сағ.
Қақырықтың анализінде: шырышты-іріңді, тұтқыр, лейкоцит – көру алаңында өте көп мөлшерде.
Кеуде қуысының рентгенографиясы: екі проекцияда жасалған , оң өкпенің төменгі бөлігіндегі өкпе тінінің күңгірттену ошақтары (инфильтрация) анықталды.
Сұрақтар: А)оң жақ өкпенің төменгі бөлігінің ауруханадан тыс пневмониясы+ В) сол жақ өкпенің төменгі бөлігінің ауруханадан тыс пневмониясы
С) оң жақ өкпенің төменгі бөлігінің аурухана ішілік пневмониясы
Д) сол жақ өкпенің төменгі бөлігінің аурухана ішілік пневмониясы
Е)бронхит
2 есеп Науқас М., 3 жаста «Жедел жәрдем» қабылдау бөліміне жеткізілді. Бала далада кішкентай ойыншықтармен ойнау барысында аяқ астынан жөтел ,ентгіу пайда болды,жөтел сипаты құрғақ.анасы айтуы бойынша бұндай жағдай бірінші рет
Анамнез ешқандай созылмалы аурулар жоқ, бронхо-өкпелік сырқаттармен ауырмаған,ешқандай заттарға аллергия жоқ
Қарап тексеруде: бала есі анық, мазасыз,тері жабындысы бозарған,цианотикалық реңі бар. Дем алу кезінде қиындықтар анықталды. Тыныс алуы беткейлі болып келеді.тыныс алуының қиындауы күшейе түседі.
Перкуссияда: өзгерістер жоқ,ЖСЖ 105 минутына, АҚ 95/60 мм сын бағ,
А) жедел тыныс жетіспеушілігі, жоғарғы тыныс алу жолдарында бөгде заттың болуы+ В) бронхит
С)бронхиалды демікпе
Д)пневмония
Е)ларингит
3 есеп Науқас А., 30 жастағы ер адам, жеңілдік әкелмейтін іштегі ауру сезімі мен құсуға шағымданады. Бұл соңғы 12 сағатта жалғасып жатыр.Өздігінен Кетонал, Спазмалгон қабылдаған. Іштің жоғарғы бөлігінде, эпигастрий аймағында тұрақты, қатты, арқаға берілетін немесе белдемелі сипатта ауырсыну пайда болады. ауырсынуды басу үшін мәжбүрлі қалыпта (ұрық қалпы) болады.
Аздап іш кебу, қатаю және бар аймақта ауру сезімі , ішек перистальтикасы төмендеген, Щеткин-Блюмберг белгісі оң.Ректалды тексеруде салбырау,тік ішектің алдыңғы қабырғасы ауырсынуы байқалады.
А)жіті аппендицит,перитонит, жедел іш синдромы+
В) жедел колит
С)жедел холецистит
Д)жедел аппендицит
Е)асқазан ойық жарасы
4 есеп НауқасА., әйел адам фельдшерге күнделікті болатын тұншығу сезіміне,жалпы әлсіздікке шағымданады. Ұстамадан кейін шыны тәрізді аздаған көлемде қақырық бөлінеді. 2 жыл бойы ауырады, бұл симптомдар жыл сайын мамыр, маусым айында басталып шілде,тамызға таман басылады.
Анамнезде 3 баласы бар, 2 баласында ұстамалар болады,анасында да байқалған. Аллергиялық анамнезде цитрустарға және жаңғақтарға аллергиясы бар . бұрын бруцеллезбен ауырған.
Қарап тексеруде: жалпы жағдайы орташа, ортопноэ, тері жабындылар тексеруде цианозды реңді .тыныс алуға қосымша бұлшық еттер қатысады. Аускультацияда қатаң,ысқырықты құрғақ сырылдар бар.
Тыныс жиілігі 26, жүрек тондар ритмді , анық, 91 мин, АҚ 120/80
Болжам диагноз:
А)бронхиалды астма,атипиялы,орташа ауырлықта + В)пневмония,ауруханадан тыс
С)бронхит
Д)жіті респираторлы дистресс синдром
Е) ларингоспазм
5 есеп.
Науқас ер адам 46 жаста, дәрігерге келесі шағымдармен келген: күніне 7-8 ретке дейін тұншығу ұстамаларына, түнгі ұстамалары да болуына байланысты ұйқысыздық,кешегі 3 рет алған сальбутамол ингаляцияларынан әсердің болмауына шағымданып келді.
Қарап тексергенде ТАЖ – 28 рет мин. Науқас жағдайы ортопное, тыныс алуға көмекші бұлшықеттер қатысады. Аускультация тынысы қатаң және барлық бөлікте көптеген ысқырықты құрғақ сырылдар естіледі. Сіздің барынша болжамды диагнозыңыз:
А)Бронх демікпесі , астматикалық статус+ В)ауруханадан тыс пневмония
С)аурухана ішілік пневмония
Д) артериалды гипертензия
Е) ларингит