471 Синдромальды диагноз Психикалық күйді суреттеп болған соң сіз науқасқа синдромальды диагноз
қоюға тиіссіз. Психиатрияда ол өте маңызды, өйткені ол келесіні анықтайды.
Біріншіден, зерттелушіде психикалық ауру бар-жоғын анықтайды, өйткені
психикалық аурулар психопатологиялық синдромдармен көрініс береді.
Екіншіден, болжамды нозологиялық диагнозды анықтауға, яғни нақты
психикалық ауру диагнозын қоюға мүмкіндік береді. Бұл әр ауруда басым
кездесетін «өзінің»синдромдары болатындығымен түсіндіріледі.
Үшіншіден, синдром психикалы қ ауруды емдеу тәсілін анықтайды.
Психикалық аурулар емінің негізгі принциптерінің бірі клиникалық сәйкестік,
яғни нақты науқастағы бар психопатологиялық синдромға әсер ететін препа-
раттарды тағайындау принципі болып табылады.
Төртіншіден, психопатологиялық синдром шұғыл көмек қажеттілігін не
месе қажетсіздігін, күтім және бақылау түрін анықтайды. Синдромальды диа
гноз диагностикалық үрдістің екі сатысынан тұрады.
Психикалық күйді талдау және жеке психикалық симптомдарды анықтау
сатысы. Бұл кезде сіз өзіңіз анықтаған психикалық симптомдардың барлығын
жазып алып, жүйеге келтіруіңіз керек. Бұл жұмысты жеңілдетуіңіз үшін келесі
бөлімде психикалық симптомдар тізімі беріледі.
Симптомдар мен синдромдарды синтездеу сатысы. Бұл жерде сіз әрбір
синдромның негізгі симптомдардан тұратындығын ескеруіңіз керек. Олар
синдром диагностикасын және синдром түрін анықтайтын қосымша симптом-
дарды білдіреді. Сондықтан науқастағы психопатологиялық синдромды сипат-
тайтын негізгі симптомдарды іздеуден бастаңыз. Синдромдарды қандай да
психикалық функцияның басым бұзылысына қарай жіктеңіз. Науқаста қай
функция басымырақ зардап шеккендігін байқаңыз. Бірақ, басқаша көзге түсетін
симптомдар бар екендігін есте сақтаңыз — ол күрделі синдромдар. Синдромальді
диагностикада сізге синдромдар тізімі көмектеседі.