Психикалық науқаспен қарым-қатынас жасау ережесі 1. Сіз науқастармен үш жағдайда қарым-қатынаста боласыз: біріншіден,
психикалық аурулар симптоматологиясын оқу кезіндегі микрокурация
уақытында; екіншіден, жеке психиатрияны оқыған кездегі клиникалық
курация уақытында; үш інш іден, амбулаторлы қабылдау кезінде
науқастарды қарағанда.
Барлық жағдайларда сабырлы, сыпайы, қайырымды болыңыз.
2. Курация кезінде науқасқа өзіңізді таныстырып, оның есімін, әкесінің
атын сұраңыз. Осыдан кейін онымен сөйлесуге рұқсат сұраңыз. Науқаспен
тек «сіз» деп ж әне әкесінің атымен атау керек (науқас балалар мен
жасөспірімдерді есептемегенде).
3. Науқаспен сабырлы, асықпай, алдын ала ойластырылған жоспармен
сөйлесу керек. Сұрақты нақты және түсінікті қойыңыз. Науқастың жау-
абынан және бет әлпетінен оның сіздің сөзіңізді қалай түсініп отырғанын
байқаңыз. Жауапты ынта қойып тыңдап, егер де түсініксіз нәрселер бол
са, дәлірек, қайталап сұрақ қойыңыз. Науқасты тыңдап қана қоймай,
оның өзін қалай ұстағанына, сыртқы бейнесіне назар аударыңыз және
барлығын жадыңызда ұстаңыз.
4. Науқаспен ешқашан сөз жарыстырмаңыз, дауласпаңыз. Оған ешқашан
сенікі дұрыс емес деп дәлелдеме жасамаңыз. Оның дерті, емі, шығу мерзімі
жөнінде және басқа медициналық тақырыптардағы мәселелер жөнінде
талқыламаңыз. Бұл сұрақтарыңызға емдеуші дәрігеріңіз жауап береді деп
айтыңыз.
5. Науқасты еш қаш ан алдамаңыз, оған орындалмайтын уәде бермеңіз.
Науқас қандай да бір өтініш білдірсе, оны емдеуші дәрігерге хабарлай-
тыныңызды айтыңыз.
6. Науқастың айтқан сөзіне, іс-әрекетіне, тексерілуден бас тартуына реніш
білдірмеңіз. Науқастың өрескел және ұятты қылықтарын «байқамаған»
болыңыздар. Естеріңізде болсын, бұл — дерт белгілері.
7. Егер науқаспен әңгіме үстінде сізде эмоциялық реакция пайда болса
(қорқыны ш , күлкі, жымию ), онда өзіңізді берік ұстауды үйреніңіз,
көрсетпеуге тырысыңыз. Егер әңгіме үстінде науқас тітіркенгіштік,
сезіктілік және агрессивтілік танытса, сіз науқасқа қауіптеніп тұрғаныңызды
білдірмеңіз, науқасты тыныштандырыңыз және тез арада өзіңіздің оқы-
тушыңызға және бөлімше персоналына хабарлаңыз.
466 3-Қосымша
8. Әңгімелесіп болған соң науқаска алғыс айтыңыз. Ол туралы кезекші
персоналға немесе өзіщ здщ окытушьщызға хабарлаңыз. Еш қаш ан
науқасты жалғыз қалдырмаңыз: оны палатаға алып барыңыз ж әне
персоналға тапсырыңыз.