Оқулық Ѳнделген ж әне толықтырылған 2-басылым



Pdf көрінісі
бет89/343
Дата02.12.2023
өлшемі11,02 Mb.
#194683
түріОқулық
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   343
Байланысты:
Sarsembaev-K.T.-Kn.-Psihiatriya

сопорға
немесе 
комаға
ау- 
ысады. Сопор кезінде аурумен сөйлесу мүмкін емес, бағдарлаудың барлык түрі 
бұзылған, тек күшті тітіркендіргіштерге кимылдык және мимикалык реакци- 
ялар сакталады. Кома кезінде сана және сырткы тітіркендіргіштерге реакция 
жок. Есеңгіреу, сопор, кома кез-келген соматикалык және психикалык ауру- 
ларда дамуы мүмкін. П сихиатриялы к практикада бұл жағдай эпилепсия 
ұстамасынан кейін, электротырысулык ж әне инсулиндік-шокты терапияны 
колданғанда бакыланады.


170
IX Тарау. Негізгі психопатологиялық синдромдар
Делирий
— сананың жедел пайда болатын күңгірттенуі. Бұл кезде уакыт және 
орын бойынша бағдарлау бұзылса да, өзіндік тұлғасын бағдарлау сакталады, 
иллюзиялар, сахна тәрізді көру галлюцинацияларының ағынымен, аурудың 
күрт козуымен, бұл жағдайдан шыкканнан кейін бөліктік амнезиямен көрініс 
береді.
Делирийдің үш сатысын ажыратады. 
Бірінші сатысы
гиперестезиямен (әсіресе 
есту, көру анализаторлары саласында), көңіл-күйдің өзгеруімен (сөзшеңдікпен, 
көтеріңкі көңіл-күйден коркынышпен, үрейлі күйге дейін шошынумен), әртүрлі 
айкын елестер ағыны түрінде естеліктердің жандануымен, бір орында жай 
таппаумен сипатталады. Делирийдің алғашкы симптомдарының бірі — ұйкының 
бұзылуы болып табылады. Әр түрлі коркыныш ты түстерден шош ып ояну 
нәтижесінде ұйкы бұзылады. 
Екінші сатысында
ауру көрген түсі мен шындыкты 
ажырата алмайды, айналасындағы кұбылыстарды иллюзия түрінде кабылдайды, 
козу күшейеді. 
Үшінші сатысында,
делирийдің ең жоғарғы шегінде, шындык 
өмір түгелдей галлюцинациялыг бейнелермен, сандырактык окиғалармен (же­
дел сезімдік және бейнелік сандырак) алмасады, осының барлығы шынайы 
кеңістіктен кабылданады өтіп жаткан кұбылыстардың кейіпкері наукастың өзі 
болып табылады.
М азасыздык жедел аффективті-канык козу жағдайымен алмасады, оның 
м азмұны санды рак тем атикасы м ен аныкталады: аш у-ы за, коркы ны ш
жағдайында наукас әлдекімге шабуыл жасайды немесе өз басын сауғалайды, 
жасырынады, кашуға тырысады. Наукастың патологиялык күйзелістері мен 
аффективті жағдайы және жүріс-тұрысы арасында үйлесімді бірлік бар. Жағдай 
түнге карай ауырлай түседі, ал күндіз сананың біршама айкындалу кезеңдері 
болады. Делирийден шығу жиі критикалы сипатта, ұйкы кезеңінен кейін 
болады. Болған окиғалар жөнінде естеліктер толык емес, үзінді түрінде бо- 
лады.
Д елирийдің аса ауыр түрінің варианттары 
кэсіптік делирий
немесе 
мусситирлеуші делирий
болып табылады, бұл варианттары үшінші сатысынан 
кейін дамиды. Кәсіптік делирийде наукас күйзелісі мен кимыл-әрекеті өзінің 
мамандығына, кызметіне байланысты болады. Наукас өзін күнделікті кызмет 
жағдайында тұрмын деп ойлап, мамандығына байланысты әр түрлі сөздер 
айтып, кимылдар жасайды. Ауыр соматикалык ауруларда пайда болатын 
мусситирлеуші делирий кезінде козу төсек деңгейімен шектеледі, кимылдар 
«тарткылау» және кармау түрінде көрінеді. Наукас үздіксіз, бәсең дауыспен, 
түсініксіз сөздерді айтады, үстінен көрпені ысырады, аяктарын мағынасыз 
козғалтады. Бұл жағдай бұдан әрі коматозды жағдайға ауысып, өліммен аякталуы 
ыктимал.
Делирийді (мусситирлеушіден баскасын) экзогенді типтегі катерсіз реакцияға 
жаткызады . Д елирий сом атикалы к, и н ф ек ц и ялы к ауруларда, бас-ми 
жаракаттарында, миды ң кан тамырлык патологиясында дамуы мүмкін. 
Алкогольді делирий өзіндік нозологиялык форма болып табылады.
Онейроид
— бағдарлау ж әне өзіндік сана бұзылысымен, фантастикалык 
күйзелістерм ен ж ән е елестерм ен, субъективті әлем де кабы лданаты н 
көріністермен және кататониялык симптоматикамен бірге жүретін түс тәрізді,


Психикалық аурулар кезінде синдром түзілу заңдылықтары
171
сананың киял тәрізді күңгірттенуі. Психопатологиялык өнімнің молдығы, 
а н ы к т ы ғы , 
га л л ю ц и н а то р л ы ж ә н е
с а н д ы р а к т ы к ж ағд а й л а р д ы ң
динамикалылығы мен аукымдылығы арасында диссоцияция жүреді және бір 
жағынан, наукастың аң-таң келбетпен бір калыпта тұрып калуы немесе екінші 
жағынан, біртекті кататониялык козу жағдайында болуы (9.9-сурет). Галлю­
цинациялар, псевдогаллюцинациялар ж әне сандырак шынайылыкпен арала- 
сып, наукас ж әне айналасындағы адамдар катысушылар болып есептеледі. 
Наукас атомдык соғыс, әлем күйреуі, өзге планеталарға, баска дәуірге орын 
ауыстыру күйлерін кешеді (фантастикалык сандырак). Онейроидтың бастапкы 
кезеңіне аффект тұраксыздығы тән, ұйкы бұзылады, есімнен адасып кетемін 
деген коркыныш пайда болады, дереализация, деперсонализация ж әне аб- 
дырау күшейе түседі. Сахналау ж әне интерметаморфоза сандырағы дамуы 
мүмкін. Сана күңгірттенуінің жоғарғы шегінде өзіндік тұлғасына катысты кос 
бағдарлау, депрессия немесе экстаз жағдайы көрініс беруі мүмкін. Өте ауыр 
жағдайда наукас коршаған ортадан ажырап, жауап бермейді, шынайылыкты 
кабылдауды токтатады, сана толығымен паталогиялык өніммен жауланады. 
Онейроидтан шыккан кезде бөліктік естеліктер болады: біршама толығырак 
және ретті түрде есте сактағандары — субъективті кұбылыстар, жеткіліксіз 
немесе толык жойылғаны — шынайы кұбылыстар болып табылады. Наукастың 
фантастикалык күйзелістерімен бірге ж әне болған жайттардың есте толык 
сакталуымен коршаған ортаны толык формальды бағдарлау жағдайлары кез- 
дескен — 
бағдарланған онейроид.
Онейроид жиі кезеңдік шизофрениямен, 
осы аурудың өзге ф орм алары ны ң өткір саты лары нда дамиды; кейде 
инфекциялык, соматикалык, интоксикациялык, эпилепсиялык психоздарда 
кездеседі.
Аменция
— кеңістікті, уакытты, жеке басын бағдарлау бұзылуымен, шындыкты 
түсіну кабілетінің жоғалуымен ж әне осы кезеңнің толык амнезиялануымен 
жүретін сананың терең күңгерттенуі. Аментивті күй ауыр соматикалык және 
психикалык зорығу, кажу фонында (сепсис, авитаминоз, ашығу) дамиды, ұзакка 
созылады (апталар және айлар) және болжамы нашар. Ағымдағы окиғаларды 
түсіну кабілеті жоғалады, оларды біріктіріп кабылдай алмайды. Сағатка карай 
отырып, оның тілдерін дұрыс көріп отырса да, уакытты айта алмайды. Сөздері 
байланыссыз, козу шеңбері аз кеңістікті алады, мағынасыз, хаосты және бас, 
аяк-колдарын козғалтумен көрінеді. Аффективті көріністер өзгермелі, иллю- 
зиялар, жеке галлюцинациялар, кататониялы к бұзылыстар болуы мүмкін 
(9.10-сурет).
Қарауытқан жағдай
— терең сана бұзылысының әр түрлі ұзактыктағы 
пароксизмдері, кабылдау ш еңберінің кенеттен тарылуымен, осы шеңбер 
деңгейінде күрделі әрекеттер жасау мүмкіндігімен, коршаған ортаны бағдарлау 
бұзылысымен және осы кезеңнің толык амнезиясымен катар жүреді. Қарауыткан 
жағдайларға 
амбулаторлық автоматизм
ұстамалары жатады, бұл уакытта сана 
бір сәтте жоғалып, наукас автоматталған, сырттай көзге дұрыс көрінетін 
әрекеттерін жалғастыра береді: көшеде жүру, транспортты колдану, кағаз бетіне 
каламсаппен жазу, киім тігу. Есін жинаған кезде, ол өзінің таныс емес көшеде 
не істеп жүргенін білмейді, өз іс-әрекеті нәтижесіне таң калады, не болғанын


172
IX Тарау. Негізгі психопатологиялық синдромдар
9.9-сурет. Онейроид жағдайындағы наукас 
9.10-сурет. Аментивті козу
есіне түсіре аламайды. Амбулаторлык автоматизмнің ұзағырак түрі 
транс
деп 
аталады: наукас бөтен калаға кетіп калады, саяхат жасайды, баска жұрттың 
көңілін аударатындай әрекет жасамайды. Балалык және жасөспірімдік шакта 
сомнабулизм («лунатизм») жағдайлары болуы мүмкін — түнгі ұйкы кезінде өте 
күрделі автоматтандырылған кимылдар жасау. Сана карауытуы жағдайындағы 
наукас әрекеттерін баскаратын елестер шеңбері дертті өнімдерден тұрады — 
галлюцинация, сандырак, жедел коркыныш және ашу аффектісі. Мұндай жағдай 
күтпеген жерден айналадағыларға уәжсіз шабуылдармен, катігездікпен кісі 
өлтірумен, ызалы козу жағдайымен көрінеді. Қарауыткан жағдайдан шығу оның 
басталуы тәрізді кенеттен болады.
Сананың карауыткан бұзылыстары эпилепсиялык ұстамалардың эквиваленті 
болып табылады және тырысуларға бейім адамдарда пайда болуы мүмкін — 
эпилепсияда, миының органикалык патологиясында.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   343




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет