4-тапсырма.
Мәтінді оқыңыздар. Мәтінді жағдаятқа
айналдырып, өз ойларыңызбен толықтырып, рөлге бөліп
орындаңыздар.
Өмірдің мәнің түсіну үшін дүниені аралап жүрген бір жас, барған,
көрген елдердің бірінде аты танымал бір данышпанға жолығады.
Жолаушы бозбала данышпан тұрған үйдің барлық қабырғалары
кітаптарға толы екенін көреді. Кітап шкафтарынан, бір қабырғаның
қасында ескі төсектен және бөлме ортасындағы домалақ үстелден
басқа ешқандай жиһаздың жоқ екенін де көреді.
Таң қалып, ғұламадан сұрайды: «Неге дүние-мүлік, жиһаз
алмағансыз? Үйіңізде түк жоқ қой» – дейді таңдана.
Данышпан бұл сұраққа сұрақпен жауап берді: «Сенің арқаңдағы
кішкентай дорбаң бар екен, балам, қалған заттарың қайда?»
Саяхат жасап жүрген бозбала өзін ақтағандай: «Ата, мен
жолаушымын ғой… көп заттың маған керегі не?» – дейді.
Данышпан сол сәтте күлімдеп: «Мен де солмын, балам, мен де» деп
жауап береді. («Жолаушы». Өсиет әңгіме).
ӨЗІҢМЕН ҮЙЛЕСІМДІКТЕ
|