51
Абай атаң: «Болмасаң да
ұқсап бақ, бір ғылымды көрсеңіз», –
дегенде қалай да ғалым бол дегенді айтып отырған жоқ. «Генерал
болмаймын деген солдат солдат емес». Жақсы болуға, от боп лаулап
жануға талпынбасаң өмірде қандай мән болмақ.
– Алға!.. Тек қана алға!..Тек солай. Алайда өмір жолын теп-тегіс
жол деп және түсінуге болмайды. Қуанышың да, уайым, қайғың да
осы жолда. Тастақ жолда табан тілдіруің де мүмкін. Тек қиындыққа
мойымағандар ғана көкжасыл жазираға шыға алар.
– Абай атаң айтыпты: «Жамандықты кім көрмейді? Үмітін үзбек
– қайратсыздық». Дүниеде ешнәрседен баян жоқ екені рас, жамандық та
қайдан баяндап қалар дейсің? Қары қалың қатты қыстың артынан көгі
қалың, көлі мол жақсы жаз келмеуші ме еді?
– Е, қарағым, баласының ат арқасына
мінер алдында әкесінің
айтып жатқан «жол болсыны» деп білгейсің бұларымды.
•
Мәтіндегі «Әркімнің өз жолы бар, әркімнің өз ұшар көгі бар»
деген ойды қалай түсіндіңіздер?
•
Әр адамның өз ойы, көзқарасы, өз пікірі болмаса не болар еді деп
ойлайсыздар?
•
Абайдың «Керек іс бозбалаға – талаптылық...» деген ойын қалай
түсінесіздер?
•
Талаптану, өз ойы, сөзі, ісіне жауапкершілікпен сын көзімен
қарау адамды қандай игіліктерге жеткізеді?
Достарыңызбен бөлісу: