Қызылорда облысы Арал қалалық Ж.Әбдірашов атындағы №64 орта мектеп Тақырыбы: «Болмасаң да ұқсап бақ»



Дата25.08.2017
өлшемі56,86 Kb.
түріСабақ
Қызылорда облысы Арал қалалық Ж.Әбдірашов атындағы №64 орта мектеп


Тақырыбы:
«Болмасаң да ұқсап бақ»

Дайындаған:

Махамбетов М – дене шынықтыру пәнінің мұғалімі

2016 жыл

Тақырыбы: «Болмасаң да ұқсап бақ».

Сабақтың мақсаты: оқушыларды салауатты өмір салтын қалыптастыруға тәрбиелеу, дене шынықтыру мен спортпен шұғылдануға, жаман әдеттерден сақтандыру. Жас бүлдіршіндерді мектеп партасынан-ақ спортты сүйіп, үлкен ареналарда өздерін көрсетуге, еліміздің байрақты бәсекелерінде топ жарған спорт саңылақтарына бой түзеп өсуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: спортшылардың суреттері,слайдтар, видеороликтер, т.б

Сабақ барысы:

Жоспар

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Мұғалім сөзі: Құрметті оқушылар, мұғалімдер! Биыл ел Тәуелсіздігіне 25 жыл толып отыр. Осыған байланысты «Болмасаң да ұқсап бақ» атты іс – шара өткізгелі отырмыз. Енді экранға зер салайық. (бейне баян)

ІІ. Ой қозғау. Спорт тарихы туралы не білеміз?

I – жүргізуші:

Спорт (француз тілінен алынған(фр. desport — жалқу) — белгілі ережелер немесе дәстүрлерге сай көбінесе жарыс күйінде өтетін әрекет. Спорт жалпы алғанда физикалық мығымдығы өте маңызды болатын (жеңіске немесе жеңіліске әкелетін) әрекетті сипаттағанымен, ақыл-ой немесе құрал-жабдық сапасы да маңызды рөл атқаратын ақыл-ой спорты және мотор спортына қатысты айтылады. Адам баласы спортпен денсаулығын жақсарту, моральді және затты қанағаттану үшін, өзін-өзі дамыту үшін шұғылданады.

Ежелгі Грекия өзінде алуан түрлі спорт болған. Ең дамыған түрлері — күрес, жүгіру, диск лақтыру және арба жарысы. Осы тізімге қарағанда Ежелгі Грекияда (жалғыз ол жерде ғана емес т.б. жерлерде) әскери мәдениет мен әскери өнер спортқа тікелей қатысты болған. Сол жерде әр төрт жыл сайын Пелопонессе атты ауылда Олимпия деп аталған Олимпиада ойындары өтіп тұрған. Футбол — спорттық ойын түрі, аты ағылшын тіліндегі foot – аяқ, ball – доп деген сөздерінен шыққан. Футбол — әлемге аса танымал ойындардың бірі.Қазақ жеріндегі спорт түрлері қалайша қалыптасты? Осы сұраққа жауап табу үшін қалың тарихты парақтай отырып, ұлан- байтақ жерімізде спорттың дамуына түрткі болған оқиғалардың хронологиясын құрастырып отырмыз.Қазақ  жерінде спорттың алғашқы белгілері 7 ғасырда пайда болды деген болжамды Араб халифатының Орта Азия елдеріне ислам дiнiн уағыздаумен қатар, шахматты  тарату мен дамуына ықпал еткеніне қарап отырып, айта аламыз. Көне заманнан бастап, халқымыз садақ тарту, бәйге, күрес, сайыс сияқты көптеген спорт түрлерімен айналысып, өздерінің рухани байлықтарын толықтырып отырған. Ата-бабаларымыз әрдайым ұлттық спорт түрлерін, дене жаттығуларын жетілдіріп, оларды кейінгі ұрпаққа насихаттаған. Әр елдің, жүз бен болыстың өз батыры, балуаны мен аты шыққан мықты спортшысы, мергені болатын. Олар өз руының намысын қорғап, қарсыласын жеңу үшін барлық күштерін аямайтын.

Мұғалім сөзі: Спорт – елдерді, халықтарды біріктіріп достастыратын бейбітшілік елшісі. Ол жерде спорт сайысы болады. Биік тұғырға ең күштілер мен мықтылар шығады. Қазақстан спортшыларының әлемдік додаларда көк туымызды биікке желбіреткен жеңістері көп. Оны бәрімізде білеміз. Сіздер соларға қарап бой түзейсіздер. Өз мектебімізде де спортқа қатысып, түрлі сайыстарда жеңіске жеткен спортшы ұл – қыздарымыз бар. Соларды ортаға шақырып, сөзге тартайық.

11 б сынып оқушысы Нұрабек Айтуғанов - күрес

8 а сынып оқушысы Амангелді Ернұр – күрес, футбол

8 а сынып оқушысы – Нағыметов Бақдәулет күрес

Мұғалім сөзі: Осы оқушыларымыз аудан, облыс көлемінде өз салмақ дәрежесінде жүлделі орындарға ие болып жүрген мақтаныштарымыз. Қол соғып қошеметтеп қояйық.

II – жүргізуші:

Тест. «Менің өмір сүру қалпым» 5-15 балл қою.

 




Дене қозғалысының түрлері

Күнделікті

Аңда-санда

Мүлде жасамаймын

1

Таңертеңгі ұйқыдан 7:00, ерте тұру










2

Таңертеңгі дене қозғалысы










3

Мектепке келу










4

Дене шынықтыру сабағына қатысу










5

Сабақтан тыс іс-шаралар (секция, жарыстар,күрес)










6

Денені шынықтыру










7

Үйдегі дене еңбегінің орындалуы










60 – жоғары 45 – орташа 25 – төмен

Қазақ спорт жұлдыздары туралы оқушылар айтады.



(Қажымұқан, Балуан Шолақ, Жақсылық, Бекзат, Ольга, Ермахан, Серік, Ольга, Илья, Александр, Елдос, Данияр, Дмитрий, Гюзель т.б.)

Аралдық мақтаныштарымыз:
 Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында төрткүл дүниені дүркіреткен дүбірлі дода - XXXI Жазғы Олимпиада Ойындары өз мәресіне жетті. Қазақстан атынан үкілеп жіберілген ұлттық құрама ел үмітін ақтап, 200-ден астам мемлекет ішінен жалпы есепте 22-орынға ие болды. Қазақстан қоржынында 3 алтын, 5 күміс, 9 қола медаль бар.

(Рио - де – Жанейро Олимпиадасының чемпиондары мен жеңімпаздары туралы слайд.)

Мұғалім сөзі: Бүгінгі біздің «Болмасаңда ұқсап бақ» атты іс шарамызға келіп қатысып, тамашалағандарыңызға рахмет!
Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Аңыз әңгімелер «Асан қайғының жерұйықты іздеуі»
2017 -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин әңгімелері
2017 -> Сабақтың тақырыбы Мен не үйрендім? Сабақ негізделген оқу мақсаты
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Жылқы. С. Мұқанов
2017 -> Сабақтарында «мнемотехника»әдісін пайдалану. №48 «Ақ көгершін»
2017 -> Оқушыны іздендіру жолы – шығармашылық
2017 -> Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі
2017 -> Әңгіме шебері Ы. Алтынсарин
2017 -> Б.Қ. Абдыкаимова №56 «Береке» балабақшасы тәрбиеші Астана қаласы
2017 -> Қысқа мерзімді жоспары: Мұғалімнің аты-жөні


Достарыңызбен бөлісу:


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу