Күні:25.11.2016
Сынып: 1"А"
Пәні: Сауат ашу
|
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
Мұғалімі: Искакова Б
|
Сабақтың тақырыбы
|
Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі.
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
|
1.7 Тыңдалған материал бойынша өз пікірін айту
1.8 Берілген тақырыпқа әңгіме құрап айту
1.9 Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту
|
Сабақтың мақсаттары
|
Барлығы:Жаңа білімді меңгереді.
Көбі:Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.
Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады.
|
Жетістік критерийлері
|
Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.
Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады.
|
Құндылықтарды дарыту
|
Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.
|
Пәнаралық байланыс
|
Өнер, ана тілі сабағы
|
АКТ қолдану дағдылары
|
Аудиожазба , таныстырылым.
|
Тілдік құзыреттілік
|
І дыбысы мен әрпі.
|
Сабақ барысы
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
5 минут
|
Қуанамын менде,
Қуанасың сенде.
Қуанайық достарым,
Арайлап атқан күнге
Бүгінгі күніміз сәтті өтсін
– Балалар, бүгінгі күндеріңе сәттілік тілеймін.шаттық шеңберінде тұрып өтілген сабақты еске түсіру.Ұ дыбысына байланысты сөздерді (шар арқылы) айту, ұр, ұн, ұнтақ, ұшу, ұшақ, ұнау, ұршық.ұстаз, ұрпақ Шаттық шеңберінде тұрып, өтілген сабақты қорытындылау.
|
Шаттық шебері
|
Сабақтың ортасы
8 минут
|
№1 Тыңдалым. Жаңа сабақ тақырыбы: і дыбысы мен әрпі.
Менің отбасым. І дыбысына байланысты сөздерді айту.
№2 Оқылым.
Ін іні іс тіс іл шіл ірі тіл.
Мақал
Кітап- білім бұлағы.І дегенім ішік,апам берген пішіп.
Аян ойыншық қоянын інісіне сыйлады.
|
Таныстырылым, оқулықпен жұмыс
|
Сергіту сәті
1 минут
|
Қар жауғанда топ бала
Соқтық келіп аққала
Мұрны сәбіз үп-үшкір
Көзі көмір қап-қара
Көне шелек басында
Сыпырғышы қолында
Келгендей-ақ ол мұнда
Мұз айдынды аршуға.
|
Сергіту сәтіне арналған жинақ
|
Қызықты тапсырма
8 минут
Аяқталуы
16 минут
|
№3 Жазылым. І әрпін жазу.Дәптермен жұмыс
"Мен аңға бара жатырмын" ойыны.
Дыбыстық талдау.
"Түйінді сөздер" ойыны.(топтық жұмыс)
|
Парақшалармен жұмыс
|
Сабақтың соңы
2 минут
|
Рефлексия
Егеменді еліміздің тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесіне орай, 25 жұлдызды іс-шарасы өткізілуде әр бала бір жұлдыз деп, 25 жұлдызды сәтті тілегімізді тақтада жинақтайық.
|
25
Жұлдыз
(жапсырма)
|
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?
|
|
Пәнаралық байланыс
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
АКТ
Құндылықтармен байланыс (тәрбие)
|
Қолдау көрсету.
Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.
|
|
Өнер, ана тілі сабағы
Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.
|