47
Бөлтіріктің суырып салма өнерінің асықтығын мойындаған төре
іштарлық көрсетіп:
– Ақыл-ақыл деп тақылдаған сала құлаш тіл берген құдай саған
неғып бармақтай бақ бермеді екен? – деп, шешенді мұқата сөйлейді.
Сонда Бөлтірік әдепкідегі ойларын жалғастырып, былай депті:
Дүниеде ердің басына қонатын бақ біреу,
Ол – ақыл.
Дүниеде елдің басына қоятын тақ та біреу,
Ол – ақыл.
Ақылсыз басқа қонса, бақ баянсыз,
Нақылсыз насқа қонса, тақ баянсыз.
Құдай ақылсыз бас болғаннан сақтасын.
Нақылсыз нас болғаннан сақтасын.
Елдің ақысын өле жегеннен сақтасын.
Ұрының табысын бөле жегеннен сақтасын.
Бөлтіріктің осы сөзінен кейін төре де, төренің шешендері де тілден
қалған екен деседі.
•
Бөлтірік ақылды «Қайтпайтын, таймайтын қолдаушы мен
қорғаушыға», «жарығы тұтас елге түскен қасиетті шыраққа»,
«жел жетпес жүйрік, асыл текті пыраққа» теңеуінің себебі
неде?
•
Өздеріңіз ақылды неге теңер едіңіздер?
•
Бөлтірікті басқа төре шешендерден биік етіп тұрған не деп
ойлайсыздар?
•
Адам өмірінің баянды, бақытты болуы неліктен адамның
ақылына, ақылды істеріне байланысты?
•
Айналаңызда ақылын өміріне серік еткен адамдар бар ма?
Әңгімелеп беріңіздер.
Достарыңызбен бөлісу: